15.09.2021
  272


Автор: Хизирова Маржан Хожабеккызы

Кішіліктен басталатын ұлылық

Кішіліктен басталатын ұлылық,


Көрсетеді қай кезде де ұлы қып.


Санаңдағы сарқылмайтын ұлы күш


Адамзатқа бағышталған жылылық.


 


Жанарыңнан басталатын мейірім,


Біледі ғой кімнің құлай сүйерін.


Сергелдеңге салмай сендік сезімді


Ұсынады саған адал жүрегін.


 


Жылы сөзден басталатын лебізің,


Табады тек көңіліңнің егізін.


Жүрегіңнен мекен іздеп шарқ ұрса


Ұялатар өміріңе жыр ізін.


 


Үнсіздіктен басталатын жарасым,


Емін табар жазып жүрек жарасын.


Қиялыңа құрық қоймай, қамшылап


Асырады қасиетіңнің бағасын.





Пікір жазу