meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.09.2021
  264


Автор: Ақылбек Манабаев

БИІКТЕ

Маңдайымда сылқым күн,


Өрге қарай ұмтылдым.

Қасқа шыңға жеткенше,

Мың жығылып,

Мың тұрдым.



Асқарда тұрмын асқақтап,

Аңқылдап самал,

Қашты аптап.

Самұрық – бұлтта самғап кеп,

Саялап жатыр тасты аппақ.



Аунады мұз-қарына,

Қанат бітті жаныма.

Жақсы екен-ау шығатын,

Биігіңнің бары да?!





Пікір жазу