14.09.2021
  234


Автор: Төкен Әлжантегі

БЕЙБАҚ

I



  • Мыналарға оқ тиген бе!.. Әй, тұрмайсыңдар ма? Жа- тыстарын шалжиып... Тұрыңдар деймiн, тұрыңдар!..


Райханның тосын даусынан Балбала селк еттi. Ол ояу жатқан болатын. Құланиектенген таңды да көрер көзбен атырған. Бiрақ шошаң етiп атып тұруға қорынды. Сол-ақ екен, жүрегi де езiлiп сала бердi. Ол көрпесiн қымтанып терiс айналды.


Шаң-шұң қайта жалғасты.



  • Қап, мыналарды-ай, ә!.. Мына моланы өрт шалса да қыңқ етпес бұлар! Сонда бәрi маған керек екен ғой?! Алып кетемiн көрiме... Тұрыңдар дедiм ғой, тұрыңдар!!!

  • Демалысымызда жақсылап бiр тынығайық та...

  • Атаңның басының демалысы саған! Күз болса мынау, ертеңгi қыста малыңды қай етегiме жасырамын. Шалжи- ып жатқаныңша ана қораңды жөдесеңшi...


Сәл қарсылық көрсеткен Iзбасар қора жайы сөз болғанда тiлiн тiстей қойды. Сосын керiле есiнедi де, әрең тұрып, киiне бастады.


Бәрiн естiп жатқан Балбала ұлының жiгерсiздiгiне iштей күйiнгенiмен жақ аша алмады. Мына ашудың бiр ұшығы өзiне тiрелiп тұрғанын сезiнген сайын жiгерi де жаси түседi. Көзге шыққан сүйелдей болды-ау өзi. Бар гәп келiнде тұрса бiр жөн, бар ауыл саусақ шошайта- ды. Қарабет атандырды. Сондағы жазығы не? Өзiнше жақсылыққа ұмтылғаны ма? Ал қателестi, аяғын шалыс басты дейiк. Ендi өлуi керек пе? Ал өлсiн. Кiмнiң жерi кеңiмек? Әй-әй, адамдар-ай, сендердi түсiну теңiз түбiне сүңгiп, ине iздегенмен бiрдей-ау...


Балбала күрсiндi.


Келiнiнiң айқайынан кейiн үйде тiршiлiк нышандары пайда болды. Қыбыр-қыбыр жүрiс, күбiр-күбiр сөз әуелi


 


сыздықтап жеттi де, артынан көңiлдерiнде еш кiрбiңi жоқ немерелерi үй үшiн дуылдатып жiбердi. Мiне, бiреуi мұның көрпесiн тартқылайды.



  • Апа, шай... апа, шай, – дейдi былдырақтап. Тiлiнiң тәттiсiн қарашы!

  • Келе ғой, айналайын, келе ғой!


Балбала немересiн бауырына қысып, кекiлiнен мейiрлене иiскедi. Көзiне жас үйiрiлдi. Жан-дүниесiн қатып-семiп қалған бiрдеңе деп ойлаушы едi. Жо-жоқ, қатпапты. О, жасаған, бергенiңе шүкiр, түу, иiсiн-ай! Құдды, жас кезiндегi Iзбасар! Содан берi де отызға тарта жыл өткенi шын ба, өтiрiк пе? Райханның шаңқылдаған даусы қайта естiлдi. Ендеше шын болғаны да. Пай-пай, уақыт неткен жүрдек! Бәрi кеше ғана сияқты едi. Онда Iзбасар жаңа-жаңа жүре бастаған. Екеуi Жанғабылды ертеңгiлiк тракторына мiнгiзiп салады, қас қарая күтiп алады. Көңiлде не уайым, не қайғы жоқ. Жолдасы да өмiрге риза. Ол – екi иығына екi кiсi мiнгендей еңгезердей жан болатын. Сыртынан қараған адамға ожар көрiнетiн. Бiрақ жаны нәзiк едi. Кей-кейде бала ұстап тұрған мұны тiк көтерiп шыр айналдыратын. Сонда Балбала сылқ-сылқ күлiп, көзiн жұма бередi. Бақыттан басы айналады.


Бұлардың маңдайына қуанышты ұзақ жазбапты. Iзбасар үшке толар-толмаста Жаңғабыл дүние салды. Шөп шауып жүргенде сөнiп қалған тракторды екiншi тракторға жалғайын деп жатып, екеуiнiң арасында қысылып мерт болды. Мұндай қайғыны көтеру үшiн де адамға ерек- ше күш керек екен. Балбала көтере алмады. Жетi айлық қызын шала туды.


Өтiп бара жатқан заман-ай! Сол Гүлдан да бүгiнде екi баланың анасы. Барса “кет” демес едi, бiрақ ол қыз ғой. Ал қыздың жолы қашанда жiңiшке. Күйеу баланың қабағына қарағанша, келiннiң кекiрiгiн көрейiн деп Бал- бала осылай тартты. Ендi, мiне, сопиған отырысы осы... Жо-жоқ, еш өкiнбейдi, бәрi аман болсын, бала да, келiн


 


де, немерелерi де. Тек қинайтыны: халық қарғысы. Олар өмiрбойы қарғап өтетiн шығар...


Шай үнсiз iшiлдi. Үлкендердiң қабағы келiспеген соң, балалар да артық-ауыс қыңқылдай қойған жоқ. Алғашқы кесенi тауысқан соң Балбала тұрып кетудi де ойлаған. Бiрақ әлдеқандай сезiм етегiнен басты да қалды. Ол көз астымен бала мен келiн сыңайын барлады.


Онсыз да ақ сары келiнi сұп-сұр. Ертеңгiлiктегi ашудың табы әлi тарамаған ба, тырысып отыр. Үп-үлкен көздерi айналасына от шашатындай. Қаймыжықтай ерiндерiн жымқырып алған. Сол ерiндердi сәл ашса не түрлi бы- лапыттар төгiлiп кететiндей. өл жайбарақат. Айналадағы тiршiлiкте түк шаруасы жоқтай кеседегi шайды сораптап әлек.


Балбаланың көзi Iзбасарға ұзақ тоқталды. Айнымаған Жанғабыл. Еңгезердей тұлғасы, тұтаса бiткен қою қабағы, дүрдек ерiндерi, қара торы өңi, адамға жылы ұшырай қарайтын көкшiл көзi, жер қозғалса да қозғалмайтын ауыр мiнезi – бәр-бәрi әкесi. Тек, сәл кекселеу. Отызға ендi шыққанына қарамай жазық маңдайына әжiмдер түсiптi. Олары әсiресе әлденеге таң қалып, қабақ көтергенде тереңдеп кетедi.


“Өтiп бара жатқан уақыт-ай” – дедi Балбала iштей қайталап. Сосын тағы күрсiндi. Бала мен келiннiң жалт- жалт қарасқанына мән бермедi.


Бәрi күнi кешегiдей едi. Осы Iзбасарға босанарында, толғақ қысқанда, Жаңғабыл жанын қоярға жер таппаған. Түннiң ортасы болатын. Iшi бүрiп бара жатқан соң күйеуiн оятқан. Ол алғашқыда көзiн жыпылықтатып ұзақ отырды. Балбала бебеулей бастағанда не iстерiн бiлмей алақтады. Ауыз үйге жүгiрдi, қайтадан берi өттi. Құшақтап өбектемек те болды. Бiрақ толғақ оған қарай ма, күшейе түстi, Бал- бала бүгiлдi де қалды. Бар бiлетiнi Жанғабылдың денесiн тырмалай бередi. Ал күйеуiнiң көзiнде жас. Иә-иә, жас ба- ладай еңкiлдеп жылап отыр.


 



  • Көршiнiң әйелiн... шықыр-р-шы... – дедi Балбала бiр есiн жинағанда. Жаңғабыл жанынан сонда да кететiн емес.

  • Өлтiрмесең-ң-ң... шақыр-р-шы-ы!..


Күйеуi бәрiн сонда ғана түсiнгендей безектеп ала жөнелдi.


Сол түнi таңмен таласа сәби шырылы құлағына жет- кен. Соның артынша iшке апырақтап Жаңғабыл ендi.



  • Рақмет саған! Өмiрге менiң iзiмдi басар жаным келдi, атын – Iзбасар қояйық. Бұған ренжiмейсiң бе? – дейдi ол екi езуi екi құлағының түбiне iлiнген күйi.

  • Болсын, – дедi Балбала жымиып. Осыны естуi мұң екен, Жаңғабыл дабырлай кiрiп келе жатан елге қарамастан мұның бетiнен сүйiп-сүйiп алды.


Шiркiн, сол сүюдiң табы өлгенше өшер ме! Өшпес. Есiне алса бетi алаулай жөнеледi. Бұл да қимас шақтың белгiсi болса керек.


Балбала Iзбасарға қайта қарады. Ұл өзiмен-өзi. Сусамыр болғандай-ақ аузынан кесесiн айырмайды. Маңдайынан шып-шып тер шығыпты. Онысы көзiне құйылады. Бiрақ та елең қылатын бала жоқ, алақанымен сыпырып тастап кесесiн тағы аузына тосады.


Ол әлден уақыттан соң ғана кесенi ысырып былай қойды.



  • Туу, сусыным бiр қанды-ау, – дедi сосын қолымен бетiн желпи отырып.


Келiн мырс еттi.



  • Мына кейпiңмен сен менi де жұтып қоярсың...

  • Жаныма жақсаң, иесi бар, жұта саламын. Бiрақ сен керек адамсың ғой...


өлы әзiлдегенсiп жымиған едi, келiнi тырсия қалды.



  • Несiне керексисiң, жұта салмайсың ба?! Әлде бiр үйге бiр құл жарайды демекпiсiң?..

  • Ой, сен де...

  • Бiлем ғой ойыңды, мен жүрсем отыңмен кiрiп, күлiңмен шығып, сен жүрсең өзiң айдау, жағаң жайлау бо- лып. Солай емес пе?..


 



  • Қойшы ендi...

  • Баяғыда қойғанмын мен. Тек соны сенiң әлi күнге түсiнбей жүргенiңе кейимiн. Мен...


Райхан көзiне жас алды. Балбала ши шығармауды ой- лап араға араласпады.


Өмiр-ай,     бұлтарыс-бұлтаңың,    жықпыл-жыңғылың көп-ау сенiң. Алғаш келiн болып түскенде Райхан қандай едi. Сызыла отқа май құйып тұрғаны, жүзi нарттай жа- нып шымылдық тасасында отырғаны Балбаланың әлi көз алдында. Соған қарап құдайға тәуба айтқан. Ел де кәукiлдесiп басыңа бақ қонды дескен. Дегенмен бақ ұзаққа қонбады. Ай өтпестен ұлы бөлек шығуға рұқсат сұрады. Бұл әлде келiннiң қыңқылы, әлде ұлдың тiлегi екенiн ол шақта ойлаған жоқ. Еншiсiн бөлiп бердi де, ырғап-жырғап шығарып салды. Екiншi ерi Тоқтамыс: “Сәл тұра тұрмай ма? Өз қолдары өз ауыздарына жетсiн, ыстық-суықтың дәмiн татсын. Сосын қарсылық жоқ. Оның үстiне ел не демек. Өсек-аяңға жол берсе... “ – деп күмiлжiгенде де ба- сып тастады. Осы үйдi сатып әпердi, алдарына мал салды. Сол бала мен сол келiннiң түрi осы. Өз қолыңды өзiң кесесiң бе. Өмiр Балбаланы шыдауға үйреткен. Ол әлi де


шыдай бермек.


 


II


Қыркүйектiң соңы болса да күз демi бiлiнбейдi. Жаңбырлы жаздың шарапаты ма, жылда бұл шақта сап-сары түске енетiн дала көкшiл реңiнен әлi арыла қоймаған. Тек қоян жонды төбелердiң бастары ғана саржолақтанып жатыр. Үй-iшiмен қора-қопсыны жөндеуге шыққанда оларды мамыражай күн қарсы алды. Аспанда шөкiм бұлт жоқ.


Ауада үп еткен жел бiлiнбейдi.



  • Сiрә, биыл қыс түспес-ау, – дедi Iзбасар күнге көзiн сығырайта қарап.

  • Елдiң ризығы шығар.


 


Балбаланың сөзiне келiнi мырс еттi.



  • Өз басымызды ойламасақ, елдiң ризығы бiзге несiн бермек?

  • Олай деме, балам. Ел – көл, бiз – тамшымыз. Көл бол- маса баяғыда-ақ құрғап кетер едiк.

  • Көл-көсiрлiгiмiз де шамалы-ау...


Райханның неге меңзеп бара жатқанын сезсе де Бал- бала үндемедi, етегiне орала берген кiшкене немересiне емiренген кейiп танытып сырт айналды. Келiнмен ортақ тiл табыса алмайтынын келген күннен бiлген. Бiрақ тағдырға не шара. Көнедi де.


Ол iргеден басталып алыстағы көксеңгiрге қарай созылған жолға мұңая көз салды. Осы жолмен жүре берсе бiр қауым елге, кезiнде ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрған елге тап болатынын Балбала жақсы ұғады. Тоқсан-ақ шақырым. Әйткенмен оған жетуге зар. Сонау көксеңгiр мұның алдына қойылған бөгет. Одан аттап та, секiрiп те өте алмайсың. Өтуге талпынсаң, қақпақылап керi қайтарады. Тағдырдың әмiрi солай.


Балбала сулана берген жанарын сүртiп, қара жолды тағы барлады. Иә-иә, бұл жолдың ой-шұңқырына шейiн жақсы таныс. Үш-төрт бел ассаң, өзек бар. Көктемде ойдым-ой- дым су пайда болады да, оған құс қаптайды. Қаңқылдаған, сұңқылдаған, шықылықтаған дауыстардан құлақ тұнады. Базар ұзаққа да созылмайды. Жаз ортасында сулар құрғап, құстар басқа жаққа ауып кетедi. Сусыз сәнi келмейдi ғой.


Балбала да қазiр сол құстарға ұқсайды. Қуаныш суын ерте буландырды да осы жаққа қоныс аударды. Нәр бер- ген, ұя салған өзегi – баспанасы тым шалғайда. Оған, бәлкiм, өмiр бойы қолы жетпес...


...Жаңғабыл қаза тауып, екi баламен бұл боздап қалғаннан екi жыл өткенде Балбалаға Тоқтамыс үйiр бол- ды. Қырықтың қырқасына шықса да өзiн-өзi күтетiн, үстiне қылшық жуытпайтын сырбаз жан әуелгiде амалсыз, жер қарап жүрiп, машиналары сынған соң табалдырықты ат-


 


таса, кейiннен арнайы ат сабылтатынды шығады. Қараңғы түсiсiмен жат көзден жасырынып кеп есiк қағады. Екi бала- дан өзге ермегi жоқ, дағарадай үйде жаны күйзелген Бал- бала оны әжептәуiр сүйенiш көредi, тық-тық еткен дыбыс естiлiсiмен есiкке ұмтылады. Содан таң қылаң бергенше әңгiме шертiседi. Мұндайда бiлте шамның өлеусiреген жарығы да, он бес жылға жуық жас айырмашылығы да бөгет емес. Бiрақ ұяттан аттаған шақтары болмапты.


Келе-келе тықыр естiлмесе тыпыршитынды шығарды. Тоқтамыс үш-төрт күн соқпаса кәдiмгiдей өкпелейдi. Сондағы бар бiтiретiнi бiразға шейiн iлгектi ағытпайды. Қолы тұтқаға он барып, он қайтады. Ақыры сағынышы жеңедi. Сәл өткенде Тоқтамыс ыржиып төрге жайғасады.


Сондай тынышсыз күндердiң бiрiнде Тоқаң:



  • Балбала-ай, тұлпар көңiлге тоқтау бар ма? Тiзгiндi тарта-тарта қолым талды, алақаным күлдiредi, тағатым да болдырды. Айтпайын деп едiм, өзiмдi-өзiм тежей алатын емеспiн. Арам ойы деп ұқпа, адал ниетi деп бiл, мен сенсiз тұра алатын емеспiн, – демесi бар ма. Балбала жанына шоқ басқандай оқыс селк еттi. Бажырайып Тоқтамысқа қарады. Жоқ, шын айтып отыр екен. Ат жақты, аққұба кiсiнiң жүзiне қан ойнап шығыпты.


Балбала көзiн төмен салды. Не жауап қатпақ? “Жарай- ды” деп жайылып түссе ше? Көңiлiнiң қалайтыны сол ғой. Әлде?.. Мүмкiн емес, мүмкiн емес. Бiр арыстан өлiдей ай- рылды, екiншi арыстан тiрiдей айрылмақ па? Бетiн аулақ, бетiн аулақ!


Тоқтамыс ойын әрi сабақтады.



  • Бiлемiн, саған батпан зiл артып отырғанымды ұғамын, Балбала. Бiрақ сен де ойланшы. Үстiрт емес, тереңнен толғашы. Адам дүниеге жалқы келгенiмен өмiрде жалғыз бола ала ма? Онда көңiл бар, онда жүрек бар. Көңiл өз биiгiн аңсайды, жүрек өз ықтиярын алға тосады. Сол ықтияр менi де тыншытпайды. Шынымды айтсам, бұл сөз менiң көкейiме ерте қонған. Әйткенмен бұрын қанаттандырып,


 


ұшыруға шамам жетпедi. Жасқандым. Сен “Жоқ” десең, шымға батарымды сездiм. Бүгiн тәуекелге бастым. “Мың сiз-бiзден бiр шыж-быж” артық қой деп ойладым. Ал ендi сорға саласың ба, баққа бөлейсiң бе, өз еркiң...


Балбаланың жаны осы сөз үстiнде мың құбылды. Сана- сы өткен шаққа ойысса, жүрегi болашаққа ұмтылды. Сон- да қалай, қос құлынын өзге бiреуге телмiртпек пе?


Осы ойын сезгендей Тоқтамыс тамақ қырнады.



  • Жалынға оранған жанымның дәруi өзiң деп келiп отырмын. Уайымың қос қанатың – қос құлының болса, сен тұрғанда, мен тұрғанда оларды маңдайынан шертетiн жан табылмас. Сен бақыттысың, Балбала. Соңыңнан ер- ген екi алтын асығың бар. Ал мен... мен... не дейiн, сенiң қанаттарың менiң де қанаттарым екенiн ұқ. өшсам бiрге ұшайын, қонсам бiрге қонайын.


Балбалада ерiк қалмады. Ағыл-тегiл жылады-ай келiп. Ақыры олар бас қосып тынды. Ел Көкөзекке шейiн ыр-


ду-дырдумен шығарып салды.


Иә, қара жолдың айтары көп. Бұл жолмен бөлек шыққанда Iзбасар да көшiн тартқан, бұл жолды немерелерi де шиырлады. Бiрақ бәрi кезiнде өткен оқиғалар. Қазiр қанша қарасаң да қара таппайсың. Меңiреу дала, тас керең белдер үн-түнсiз...


Балбала немересiн көтерiп жұмыс үстiндегi ұлына беттедi. Iзбасар ә дегенше-ақ жердi қазып, төрт бағананы орнатып тастапты.



  • Екi жағынан тақтай қағып, арасын сабан, шөп- шаламмен толтырсақ мынадай қора шықпай ма? – дейдi бас бармағын көтерiп.

  • “Көз – қорқақ, қол – батыр” дегенiмiз осы да.

  • Ой, апа-ай, ел ұлыңды жалқау атайды, ал мен бiр кiрiссем...


Араға Райхан араласты.



  • Жә, жә, аспа! Одан да мынаны айтшы, сол шөп- шаламды қайдан алмақсың?


 



  • Е, ол сөз бе? Қазiр Мақашқа шауып барсаң машина- сымен түсiредi де бередi.

  • Әй, сол құрдасыңнан қайыр болса...

  • Өзiң баршы, келмедi бар ғой, мойнын үзiп алайын.

  • Ендеше мен ертерек сол көк соққанды жағалайын.

  • Тәңiр жарылқасын, сөйте қойшы.


Мақаш бөлiмшенiң маңдайына бiткен жалғыз машинаның жүргiзушiсi. Ауыл басшысының қолбаласы секiлдi. “Анда тарт, мында шап” дегенге сөз қайтармайды. Сондықтан да ел “обслуг машина” атап кеткен. Балалардың өздерi сары кабиналы “Газ-53-тi” көре қалса “Обслуг келе жатыр”, – деп сандарын шапалақтасып жүгiрiседi.


Райхан ауыл шетiне қарай жортақтай жөнелдi.


Әй, ұлы ептi-ау. Келiнi қанша жерден табалағанымен еркек қой, еңсерiп-ақ жатыр. Балға ұстасы, қимыл қозғалысы, құдды Жаңғабыл. Ол да араласқан iсiн опы- рып тастамайынша дамыл таппайтын.


Бiрде, қыс ортасында, қөршiнiң қорасын өрт шалсын. Үйiлген мая шөп қоя ма, көздi ашып-жұмғанша тып-типыл болды да қалды. Не iстеу керек? Өрттен қалған малды қайда паналатпақ? Осындай жанды сұрақтар бас көтергенде, iске Жаңғабыл кiрiсiп берсiн. Ол әуелi бульдозермен күл-қоқысты сырғызып тастады да, өз қорасында жатқан бөрене, тайтай- ларды арқалап тасыды. Дәл осылай бағаналар тұрғызды, сосын оны тақтаймен көмкердi де, арасына сабан тығып ұядай қора жасап шығарды. Сондағы елдiң алғысында шек болсайшы. Жыл бойы Жаңғабылды жыр еттi. Бiрақ көнермейтiн дүние жоқ қой. Ел санасында ол iс те көне тарт- ты. Балбаланың ойында ғана кей-кейде жарық бередi.


Байқап қараса, Жаңғабыл мен Iзбасар бiр арман, бiр мақсат, бiр жолды жалғастырушылар сияқты. Тәңiрi екi бiрдей ұқсастық болмасын деп Жаңғабылды алған едi, сөйтсе орнын жоқтатпауға Iзбасарды қалдырып кетiптi. Онысына да тәубе! Ал ендi ұлының үзiгiн кiм жалғамақ? Мына қара домалақтар ма?


 


Балбала қыңқылдап етегiне оралған немересiн көтерiп алды. Әрине, осылар жалғайды. Әй, айналайындар! Осылардың жолында шейiт болса арман бар ма!


Қой, қой, тағы ненi ойлап барады. Өлмейдi, мына қара домалақтардың қызығын көредi. Келiн түсiредi, шөбере сүйедi. Тек соған дейiн жетсе...


Әлдеқайдан машина гүрiлiн естiгенде Iзбасар елең еттi.



  • Әп, бәсе, Iзбасардың сөзiн Мақаш жерге тастаушы ма едi, әне, құйындатып келедi, сабазың!


Сөйткенше, сары кабиналы “Газ-53”-те шаңды бұрқ еткiзiп тоқтап, кабинадан киiктiң асығындай жұқалаң жiгiт түсе бердi.



  • Ассалаумағалейкум! Иә, iске сәт!

  • Әлiксалам! Сол, “әйел айтты – бiз көндiктiң” кебiн киiп жатырмыз.

  • Е, әйел әмiрi – аш белден тиген сойыл ғой. Бiз оны ерте мойындағанбыз, ал сенiң бас июiң – бағынғаның.

  • Өйтпеске шара қалды ма...


Райханның қабағы осы кезде ғана жазылды. Ол шықылықтай күлдi.



  • Пай-пай-пай, бағынып қалыпсың! Он күн қақсап бiр мойындатып едiм, ендi мұның шағынуын қара...

  • Ерiң не десе, о десiн, мен саған ризамын, Райхан, сәл де болса тәубесiне келтiрiпсiң. Ананы қарашы, қарашы деймiн, жүрегiн әбден ұшырғансың-ау, тiптi мойын бұруға жарамай қалыпты.


Жастар кәукiлдескен сайын күн ұзақ маңайды тұмшалаған салмақ сейiле бердi. Осыған қарап тұрып Балбаланың да еңсесi көтерiлiп қалды. “Е, бәсе, – дедi ол iшiнен, – өмiр осылай өзгермес пе? Қандай жарасым- ды! Тiптi мысқал ашу болмағандай. Ризамын, Мақаш, ризамын. Осылай анда-санда соғып, жылылық таратып тұрсайшы”.



  • Ал, сен – айттың, мен – жеттiм, – дедi Мақаш көлденең жатқан бөрененiң үстiне отыра берiп. – Ендi не бұйырмақсың?


 



  • Не бұйырушы едiм. Көрмей отырмысың, мына қабырғаларды тығындауға сабан керек, – Iзбасар Мақаштың жанына жетiп шылым тұтатты. – Ол үшiн машинаңды аямассың?

  • Е, салдырлауық темiрдi сенен аяп не қара басыпты. Тiлегiң орындалады. Тек, бүгiн емес, ертең, я арғы күнi.

  • Бүгiн ше?

  • Жолға шығамын, құрдас, жолға. Менiң де дiгершiм жеткiлiктi ғой. Әлгiнде бастық совхоз орталығына баруға бұйырған. Соған жүрiп барамын. Келген соң алғашқы iсiм қораңмен болсын, келiстiк пе?

  • Ә-ә, “Алғабасқа” барамын де!..

  • Бұйрық солай.

  • Жөн-жөн.


“Алғабас” дегенге елең еткен Балбала тағы да қара жолға көз тастады. Сонау Көксеңгiрдiң арғы бетiндегi ауылға са- пар шекпек. Мақаш қандай бағытты едi! “Алғабас”. Оны көрмегелi де бiраз болыпты. Өзгердi ме екен?


Жүрегiн сағыныш кернедi. Жүргiзушiнiң алдына қалай жеткенiн де аңғармай қалды.



  • Мақаш, шырағым, жаңсақ естiмедiм бе, “Алғабасқа” барамын дедiң бе? – дедi алқынғандай.

  • Иә, апа.

  • Сен... Сен бiлерсiң, онда қызым Гүлдан тұрады.


Соған соқсаң...



  • Соғайын, апа. Гүлданды бiлемiн ғой.

  • С... соның амандық-саулығын бiлшi, ә?

  • Жақсы, апа, жақсы.

  • Тағы да... – Балбала тiлiн тiстей қойды. Көмейiне тығылған “Алмас” атты есiмдi айта алмады. Оған ауызы бармады.

  • Сөйтшi, айналайын, сөйтшi, – дедi содан кейiн асығыс сөйлеп. Көзiне жас тығылды. Онысы сәл бөгелсе ыршып- ыршып түсердей.


Балбала терiс айналып, бұл маңнан ұзай бердi.


 


III


Заман-ай десеңшi!


Адам да қызық-ау. Басына бақ қонса айға шабады. Құлап мерт болу ойына да келмейдi. Жүрегi алып-ұшып өңге бiр әлемдi шарлайды. Сонда көлеңкедей соңынан ерiп жүрген сор барын да ұмытады. Балбала да сөйттi. Бақыт пен сордың үзеңгiлес екенiн айырмады.


Тоқтамысқа қосылып, өмiрге Алмас атты ұл кел- генде, дүние нұрға тұнып тұрған. Жиырма алтыдағы келiншек толықсып, гүлдей құлпыра түстi. Арыған денесi толыңқырап, кеуденi көтерiңкi ұстады. Күйеуiнiң бастық екенi жүрегiн мақтанышқа бөледi.


“Алғабас” ол кезде шалғайда жатқан отгон болатын. Отыз-қырық шаңырақ бiр үйден еншi алып бөлiнген кiндiктестердей ұйымшыл. Сондықтан ба, жастығына қарамастан үлкенге жеңге, жасқа шеше атанды.


Тоқтамыс та керiм-ақ. Осынау жанды қырықтың үстiне шықты деуге ешкiмнiң аузы бармас. Сыптықтай дене, сұңғақ бой, отты жанар – келiншек көңiлiнiң құрты.


Өмiр дөңгелегi өз еркiмен айналып жатты. Жерге бiнеше мәрте қар түстi, бiрнеше мәрте көктем шықты. Бiр кереметi – Алмастан соң Балбала тыйылып қалды. Бiрақ осы аздың өзiне Тоқтамыс мәз.



  • Өлгенiмдi тiрiлтiп, өшкенiмдi жандырдың. Ендi өлсем де арманым жоқ. Себебi артымда тұяғым бар, – дейдi есе сөйлеп.


Кейiннен отгон жеке колхозға айналды. Оның төрағасы болып Тоқтамыс сайланды. Сол шақта ауыл қарасы да бiршама өскен. Жаңадан көшiп келушiлердiң арасы- нан бақталастар де шыға батсады. Әсiресе Қатшаның тегеурiнi ерекше. Бригадирдiң әйелi, жасының үлкендiгiн мiндетсiне ме, әйтеуiр өр.


Қатша – қатпа қара қатын. Ашуланғанда аузынан ақ ит кiрiп, қара ит шығады. Содан да болар, ә дегенше ауылды


 


ықтырып алды. Тек Балбалаға ғана тiсi батпайды. Қанша айтқанмен, бастықтың әйелi ғой.


Бiрде Қатша үйге келген.



  • Ойбай-ау, сiңлiм екенсiң ғой, бұрын қалай бiлмегем,



  • дедi ол табалдырықты аттар-аттамастан, – әлгiнде ғана естiгенiм! Ой, айналайын-ай! Бiле-бiлсең туыспыз. Мен де – көзеймiн, ерiм – Барқы. Әлгi бiздiң мәстек: “Елiм, елiм” деп емешегi үзiлгесiн көшкенбiз. Айналайын алтын ел жатырқамады. Қанның бiрлiгi де.


Содан ұзақ-ұзақ шай iшiлдi, әңгiмеден әңгiме өрiлдi. Балбаланың ұққаны – Қатшалар осыған   шейiн   ау- дан орталығында тұрыпты. Күйеуi пенсияға шығарға жақындаған соң малға жайлы, жанға тыныш осы өлкеге көшiптi. Тағы бiр ерекшелiгi – Қатша бұрын екi адамға тұрмысқа шығыпты. Олардан пұшпағы қанамаған екен. Үшiншi ерiнде “құдай көз жасын иiптi”. Бiрiнен соң бiрiн берiптi. Кенжелерi Алмасжанның түйдей құрдасы болып шықты. Есiмi – Кенжетай.


Кетерiнде Қатша аралас-құралас жүруге, тұтас жақындықты сақтауға үндедi.


Заман-ай десеңшi!


Әркiмнiң өз қадiрi өз уақытында екен ғой. Сәндi өмiрдiң буында жетiлген Балбалаға қырындаушылар да бар-тын. Әсiресе дүкеншi Қалижанның екпiнi ерекше. Кездескен жерде көзiмен iшiп-жеп, әзiл тастауға құмар- ақ. Оңашада мықынға қол жүгiртетiнiн қайтерсiң. Балбала алғашында шамданатын. Келе-келе бойы үйрендi ме, әлде өзiмен түйдей құрдас жанның қытықты қылығы жеңдi ме, елемейтiндi шығарды. Назды жымияды да қояды.


Осындай ұйқы-тұйқы шақта Тоқтамыстың да төсек тарта қалғаны. Жасынан жабысқан кеуде ауруы меңдеп бас көтертпедi. Сөйтсе ерi бұрын елге сырын ашпапты. Ол – ауыр сырқат иесi екен.


Ақыры күйеуi аудандық ауруханаға түстi. Жыл жатты. Балбала екi аралықта шабуылдаумен жүрдi.


 


Көрiнген машинаға жалынады, трактормен барған күндерi де болды.


Жаздың жайма-шуақ күндерiнiң бiрiнде тағы да бармақ болып жиналған. Өзiнше тамақ iстеп, буынып-түйiнiп отырғанда Қалижан сап етсiн.



  • Бәке, сен жол жүредi деп естiдiм бе? – дедi ол жымиып. Балбала күрсiндi.

  • Е, жағдай қиын боп тұрғаны...

  • Ештеңе етпес... – Қалижан көзiн қысты. – Жолымыз бiрге екен. Менiң де тұтынушылар қоғамында шаруам бар едi. Онда бөгелмелiк.


Ананың сынаптай сырғып тұрғанынан көңiлiне се- кем алған Балбала қарсылық бiлдiрейiн деп едi, шамасы жетпедi. Басқа кiмге жалынбақ?!


Аудан орталығына түс ауа жеттi. Тыныштық сағатында ерiне жолықты. Кәкiр-шүкiрлердi сөз етiстi.


Кеш батпай қайтадан Қалижанның көк “Москвичiне” мiндi.


Жүрдек машинаға жер қашықтығы не, тәйiрi. Олар әп дегенше-ақ орта жолдан асып та кеттi. Мiне, осы арада дүкеншiнiң бөлек мiнез танытқаны. Ол жолдан қиыстай берiп тау аңғарына ендi де, тежегiштi iске қосты.



  • Бәке, – дедi сосын, – тiршiлiк күйбеңiмен көзiмiздi тарс жұмып жүрiп көретiн көп жайдан қалтарыс қалыппыз. Мына табиғат, мынау сұлулық адамдардың еншiсiне берiлген шығар, ендеше бiраз тамашалайық.


Бiр сұмдықтың жақындағанын жан-дүниесiмен сезiнген Балбаланың жүрегi дiр еттi. Ол жалынғандай Қалижанға қараған, анау жайбарақат машинаның алдын- да тұр. “Түссеңшi, тағатсыз күтудемiн” дегендей езу тар- тып қояды.


Қандай сайтанның түрткенiн бiлмейдi, түстi. Газеттен жайылған дастарқанның шетiне жайғасты.



  • Балбала, – дедi Қалижан қан түстес коньякты қолына ұстап, – бiз пендемiз, ет пен сүйектен жаратылғанбыз,


 


күлемiз, жылаймыз, өрекпимiз, басыламыз – бәрiбiр өлемiз, салдырап қаламыз. Бiреулер: “Ол дүниеде жұмақ бар” дейдi. Жоқ, Балбала, бiздiң жұмағымыз осы әлемде. Мынау тамылжыған табиғат, сен және мен. Ендеше осы өмiрдiң сәнiн келтiретiн сенiң денсаулығың үшiн көтерейiк.


Алды. Коньяк емес қан жұтқандай жүрегi лоблып ба- рып басылды.


Ақыры бәрi тынды.


О, жасаған, күнәһар етейiн десең оп-оңай екен-ау! Жақсылыққа тұнып тұрған әлемнiң быт-шыты шықты.


Шайдай ашық аспанда найзағай жарқылдады...


Ол үйiне жетiп, төсегiне қисайғанда ғана есiн жинаған. Сонда ұятты, арды таптап өткенi санасына енiп булыға ұзақ жылады.


Ертеңiне ертелетiп дүкенге барды. Қалижаннан өзге жан жоқ екен.



  • Кеше бiз түс көрдiк, – дедi қатуланып, – сен де, мен де!

  • Ой, Бәке-ай...


Қалижан қалбалақтай құшақтаған едi, қолын қағып та- стады.



  • Естiп тұрмысың, бiз түс көрдiк! Жаман түс! Ол тiсiңнен шықса... Есiңде сақта, жаныңды еншiлеймiн. Ал сенiң жаныңның маған керек емесiн бiлесiң, олай болса...

  • Шықпайды, Балбала, ант етейiн, шықпайды! – Қалижан иығына қолын салды, жүзi құп-қу. – Бiрақ, сенiң де жадыңда жүрсiн – мен сенi ермек етудi ойлаған жоқпын, мен сенi шын сүйдiм! Бiлдiң бе, шын ниетiммен қаладым. Өмiр бойы аңсап өтемiн!


Мазақ күткенде алдынан шыққан мына көрiнiске тап болған келiншек жасын сықты.


Қалижан айтқанында тұрды. “Жабулы қазан жабулы” күйiнде қалды.


Шiркiн, заман-ай десеңшi!


 


Уақыт дөңгелегi тынымсыз алға зырлап Балбала қырықтың қырқасына шықты. өл, қыз жетiлдi. Iзбасары үйленiп, отау болып шықты. Араға екi-үш жыл салып Гүлданы тұрмыс құрды. Ендiгi сүйенiшi – Алмас қана.


Тоқтамыс аурудан айықпады. Бiрде ауруханада, бiрде үйде. Етi қашқан денесi олпы-солпы. Сүйектерi сидиған тiрi аруақ. Бөлек ыдыстан ас iшедi, бөлек төсек жамба- сын тескен. Кейде көрер таңды көзiмен атырады. Та- усылмайтын ыңқыл-сыңқылдан әйелге де ұйқы жоқ. Ертеңгiлiк жүзi домбығып, көңiлi құлазып тұрған әйелiне Тоқтамыстың жаны ашиды-ақ. Дегенмен қолдан келер дәрмен қайда.



  • Жаным-ай, қызықты меңзеп шыжық ұстаттым-ау, – дейдi мұңайып. – Сәл шыда, сәл ғана төз, сосын мен де жоқ боламын.


Күйкi тiрлiк адамды жалықтырады екен. Соңғы кезде Балбала тау аңғарын жиi есiне алатынды шығарды. Ол оқиғаны өлтiрiп, мәңгiлiкке көмiп тастағанмын деп ой- лайтын. Қателесiптi. Әлдекiм мәпелеп, күтiп-баптаған соң, онысы тамыр жайыпты, тiптi гүлдеп шығыпты. Қырықтан асқан қырқылжың жасында көңiлiн түрткiлеп жүр.


Аңсаған тәнiнiң дауасы ма, әлде кездейсоқтық па, бiрде Қалижанды “құдай айдап” келгенi. Тоқтамыс екеуi ұзақ әңгiмелестi, артынан Балбаланы шақырды.



  • Балбала, – дедi Тоқтамыс демiн ауырсына алып, – Қалижан келiсiп отыр. Сен менiң рецептерiмдi ал да, ап- текке бар. Дәрi таусылыңқырап, жайым болмай барады.


Сол күнi ескi жыландар бас көтерiп қақаңдасын. Бәрiн бастаған өзi. Дәрiнi тауып, iстерi оңынан шыққан соң қайтар жолда:



  • Баяғы орынға соғайықшы, – дедi. Анау тiлегiн қайтарған жоқ.


Дүниенi өрт шалды. Маңай лап-лап етедi. Бәрiн бастаған қос жалын – Балбала мен Қалижан. Олар


 


тiлдерiмен тiршiлiктi жалмап барады. Өздерi де күйетiнiн ескермейдi.


Ауылда өсек дүңк-дүңк. Беттерiн шымшысқан, ерiндерiн шығарысқандар қаншама. Балбаланы көрсе саусақ шошайтысады. Бұрын ел анасы едi, ендi “өл де ғана бары”.


Топалаң шақта Алмас әскерге аттанды. Балбаланың жолы ашылды.


Бiрде, таңға жақын Қалижан (бұл кезде ол алдын ала отбасынан айрылысып басқа жаққа қоныс тепкен) көк машинаны есiк алдына тоқтатты. Гүр еткен дыбыс шыққаннан елең еткен Тоқтамыс арсы-гүрсi табалдырық аттағандарды көргенде, сұлық қалды. Әйелi мен Қалижан кереует аяғына жүгiнгенде де үндемедi.



  • Ошағыма от ойнатты деме, Тоқтамыс, “тең – теңiмен, тезек – қабымен”. Айыптымыз, бiрақ шегiнер жер жоқ.


Қалижанның сөзiн Балбала жалғады.



  • Қарғарсың, қарға оныңа лайықпын, дегенмен жолы- ма тұрма! Мен өзге көлге қонуға барамын!


Тоқтамыс сонда ғана басын көтердi. Әуелi күрк-күрк жөтелдi, сосын тiлге келдi.



  • Кiнәламаймын, Балбала, саған еш кiнә жоқ. Бәрi өзiмнен. Атаңа нәлет ауру жабысты, айбарымнан ай- рылдым, қайратым күл болды. Сеземiн, төрiмнен көрiм жуық. Сондықтан бағыңды байламаймын. Бiр өтiнерiм – Алмасты жетiмсiретпе. Ол мына қылығыңды кешiре ме, кешiрмей ме, бiлмеймiн, әйтеуiр тосқауыл бола көрме. Тағы айтарым, о дүниеде маған қажетi болмас, қолыңды қақпаймын, алатыныңды ал. Әлгiңде машина гүрiлiн естiген сияқтымын, жаңа қонысқа құр барғаның ұят-та.


Ой, жалған дүние-ай!


Адам бiр айуанға айналса қайтып үйiрiп табуы қиын екен. Дәл сол сәтте бұлар айуанға айналыпты. Бар жақсыны қорапқа тиеп, қаңыраған үйде ауру жанды қалдыра бердi-ау.


 


Жүруге дайындалған шақта тосын айқай құлақ жарды.



  • Көрiңде өкiргiр Балбала, көрiңде өкiр! О, қарабет, о, нысапсыз ит!

  • Аттан! Жау шапты, аттан-н-н!! Таныды – Қатша мен шалының даусы. Иә, Балбала осылай адасты.


IV


Қарасы бар, қасқасы бар, көмескiсi, таптандысы бар дала жолдары таусылған ба. Ұшы-қиырды шарлап келiп бiр ауылдың үстiне топ еткiзедi. “Осы бiткен-ақ шығар”,



  • деп ендi тыныс ала бергенде, екiншi бетiнен ирелеңдеп тағы созылады. Қырға шығасың, еңiске құлайсың, батпаққа малтығып та қаласың, әйткенмен тоқтамайсың, жан ұшырып алға басасың. Дiттеген жерiң сонда да жеткiзбей титықтатады.


Адам өмiрi де осыған ұқсайды. Сенi бiр межеге бет- теткен қасқа жолың үзiлген тұсында екiншiсi жалғасады. Ол – ұрпағың. Оның өз бағыты бар, өз еңiсi, өз биiгi бар.


Әлiмсақтан адам өз өмiрiнiң ұзақ, тым ұзақ болғанын қалады. Бүлдiршiндер өсе берсе, өсе берсе, ал үлкендер қартаймаса, жарық дүниеден жоғалмаса. Олар бiр- бiрiне алауыздықпен қарамаса, бiр-бiрiн көзге түртпесе. Жаныңды тоздырар күйiк, өмiрдi өксiтер мұң да кездеспе- се. Қандай рақат!


Бiрақ сол күйiк, сол өксiк тамырын тереңге жайып алды-ау. Ендi балталасаң да жойылмайды. Алмаға түскен құрттай iрiтiп-шiрiтiп, тып-типыл етедi.


Балабала Көксеңгiрге иек артатын жолға қарап тұрып өз өмiрiнiң де iрiп-шiрiгенiн түсiндi. Иә, иә, ендi ешкiмге керек емес. Жұртта қалған жарамсыз ыдыстай. Жауын- мен, желмен тот басады, бораған құмның астында қалады, iз-түзсiз жоғалды деген осы ғой.


Құлағы шыңылдады.


 


“Көрiңде өкiргiр, Балбала, көрiңде өкiр! О, қарабет, о, найсап!” Неткен қатыгез қарғыс!


“Аттан! Жау шапты, аттан-н-н!!!”


Жүрегi қысып-қысып жiбердi. Балбала ауа жетпеген- дей аузын арандай ашып, қора қабырғасына сүйендi. Одан арғысы есiнде жоқ.


Өз-өзiне келгенде жүрелеп отыр екен. Басы салбырап тiзесiне тиiптi.



  • Бiссiмiллә, бiссiмiллә! Тiпә, тiпә, – дедi ол қәлимаға тiлiн келтiрiп, сосын тағы да жерге үш түкiрдi. Ырым- жырымға сенбеушi едi, осы арада бiрiншi рет тәңiрге құлдық ұрды.


Балбала ешқашан жеңiлдiм деп ойламаған. Қан майдан- ды қақыратып шыққан батырдайын еңсесiн тiк ұстаған. Қалижанның жылы-жылы сөзi, тегеурiндi қимылы есiн шығарып, еркiн билеген. Тастап кеткен соң көп ұзамай Тоқтамыстың қазасының хабары құлағына шалынғанда да өкiне қойған жоқ. Бәрi осылай болардай-ақ жайбарақат қалды. Тек, Алмас әскерден оралғанда ғана лып етпе түйсiк абыржытты. өлы өзiн табар деген. Басқаша шықты. өзын құлақтан естiгенi: Алмас үйленiптi, тойын ауыл бiрiгiп жасапты. Бүгiнде кенжесi баяғы шаңырақтың отын түтетiп жатқан көрiнедi. Ақ көңiл адамдар алдына мал да салып берiптi.


Иә, аңқылдаған ауыл адамдары көңiлiн тапсаң көл қылады. Оларға жылы жүз бер, сонда алатының асқар тау. Ал қарайсаң қатып қалады, шабынсаң тарпып жiбередi. Мұндайда еңсеңдi көтере алмайсың, жүн боласың.


Өмiр өз дегенiмен жүрiп жатты. Жаңа ел жайбарақат сыңай танытты. Қалижан бұрынғыдай дүкеншi, Балбала үйде.


Бiрақ қуаныш ұзаққа созылмады. Ыстық-суықтары ба- сылысымен ерi гөй-гөйге бастайтынды шығарды. “Бармақ басты, көз қыстымен” түскен ақша араққа жұмсалды. Бал- бала әуелгiде бұған онша мән берген жоқ. Қонақ келсе ша-


 


шылып салады. Осындайда Қалижан да сiлтейдi дейсiң. Ертеңiнде татпауға уәде етедi. Кешкiсiн ләйлiп келедi.


Ырыс қаша бастады. Мал теңгеге айналып, құлқыннан әрi өттi, дүние-мүлiк саудаға түстi. Екiншi жылы ерiнiң мойнына пәленбай мың сом мiндi. Жылу жиналып, ар да, жан да шүберекке түйiлдi.


“Маңдайына тидi ғой, осыдан кейiн қояр”, – деген. Қалижан үдеп шықты. Ес-түсiн бiлмейтiндей тойып, мұны таяққа сан жықты. Сондағы бар сылтауы: “Тұқымымды тұздай құртуды ойлайсың, бала таппайсың”.


“Басқа түссе – баспақшыл”. Балбала “беттiң арын бес түйiп” дәрiгерлердi де адақтады. Олар ендi ұрпақ болмай- тынын айтып түсiндiрумен қара тер болды.


Қосылғандарына үшiншi жылға айналғанда Қалижан үйге қонудан қалды. Өсек-аяңнан естидi “ана жесiрдiкiнде түнептi, мына жесiрмен әмпей-жәмпей”.


Бiрде шыдамады. Көзi кiртиiп, аузынан сiлекейi ағып отырған күйеуiне шаңқ еттi.



  • Әй, осы сенi не әбiлет басып жүр?! Басымызды ашып алайықшы, не бiрiгiп үйге айналайық, не түзге тарасайық!


Мұны естiгенде Қалижан алғаш ыржиды, сосын қатуланды.



  • С-ен-н... б-асқа бi-iреу... таптың ба-а-а?!

  • Е, таппай! Кiндiгiмiз бiр емес қой!

  • С... сал-да-қы-ы!!


Күйеуi ұрмақ болып ұмтылғанымен орнынан көтерiле алмады.


Әңгiме ертеңiнде қайта жалғасты. өйқтап тұрған Қалижан бұл шақта тың едi.



  • Қалижан, тыңдашы, – дедi Балбала таңертеңгiлiк шай үстiнде, – Саған не болған? Айтып өлтiршi?!

  • Ненi? – Күйеуi кесесiн столға қоя салды. – Не айтай- ын?

  • Бiздiң осымыз не? Не өлiде жоқ, не тiрiде жоқпыз. Ел- ден ұят та. Көшеге шықсаң көзiңдi жерден көтермейсiң...


 



  • Саған көтер деген бiреу бар ма? Түкiрдiм елiңе!

  • Қойшы, Қалижан. Бала емеспiз, шаға емеспiз...

  • Оныңмен не айтпақсың?

  • Мен – әйелiң, сен – ерiмсiң...

  • Бiлмеймiн-ау, бiлмеймiн...

  • Ненi?

  • Екеуiмiздiң ерлi-зайыпты екенiмiзге шүбәм бар.

  • Оның тағы нең?!

  • Ол ма? Ол – сол!


Балбала шошынды.   Мынау   неге   меңзеп   барады.


Қалижан үшiн емес пе, бәрiн талақ еткенi. Ендi...



  • Бiрдеңең қалып па едi?

  • Бiрдеңе?

  • Иә, болса тез әкелшi? Кеуiп барамын. Әңгiмеңдi со- сын жалғастырармыз.


Әйелдiң қол-аяғы дiр-дiр еттi. Жүрегi де аунап-аунап түстi, сосын қысып-қысып жiбердi. Балбала аузымен ауа қармады.


Әлден соң бәрi қалпына келгендей.



  • Бар ма едi ол итiң, әкелсейшi?!


Күйеуi ақырып қалғанда, орнынан қалай тұрғанын байқамады.


Бiр шыны қызыл қолына тигенде Қалижан итше ыр- ыр еттi. Тығынын тiсiмен жұлып тастап, ыдысқа да құймастан, аузына тосты. Содан кейiн қылқ-қылқ жұта бастады. Езуiнен төгiлiп, өңiрiне тамған тамшыларға да мән беретiн емес.


Ол арақты тауысып, шыныны аласа столдың астына ытқытып жiбергенде ғана “үһ! ” дедi терең тыныстап.



  • Тү-у, көзiм шырадай ашылды ғой! Ендi тыңдауға бо- лады. Иә, құлағым сенде...


Балбала жүрексiндi. Аузына бiрдеңе тисе құтырған ит- тей бағжаңдап шыға келетiн неме...



  • Неге үндемейсiң? Айта бер. Мен де осы әңгiмеңдi күтiп жүргенмiн.


 


Жо-жоқ, сап-сау! Бұған не дауа!



  • Қалижан, айналайын, – дедi Балбала жыламсырай, – әкем, күңiң болайын, осы арақты қойшы?

  • Әй-әй, тоқта-а, – күйеуi сайқалдана жымиып басын шайқады, – Сенiң айтпағың бұл емес, басқатұғын-н...

  • Тiлейтiнiм осы ғана...


Жо-жоқ-оқ, аспан ашық, күн жарықта адаспа. Әлде жолға салып жiберейiн бе, ә?


Балбала өзiн-өзi бекiттi. Қорыққанын бiлдiрмеуге ты- рысып тамағын кенедi.



  • Жарайды, айтайын. Менiң ойымша бiз ел бола алмай- тын сияқтымыз.

  • Дұр-е-ес...

  • Не онда жоқ, не мұнда жоқ... Осымыз не өмiр? Мен саған сенiп едiм. Елiмдi, жұртымды тастап, етегiңнен ұстағаным да содан...

  • Оныңа өкiнесiң бе?


Сөзiн бөлген күйеуiне жақтырмай қараған Балбала ендi белдi бекем буды.



  • Өкiнемiн, – дедi даусын қатайтып. – Өкiнбек түгiл саған кездестiрген тәңiрдi қарғаймын!


Қалижан мырс еттi.



  • Ендеше неге өзiң жабыстың?

  • Мен...мен алдандым...

  • Көйлегiңдi өзiң түрген едiң ғой?!

  • Мен...


Балбала солқылдап жылап жiбердi.



  • Мен...мен...

  • Ә-ә, солай ма?! Жарайды, тыңда, ендiгi сөз менiкi болмақ!


Қалижан қолымен сипаланып шыныны тауып алды да, көзiне тосты. Тамшы қалмапты. Соған ызаланып онысын есiк жаққа бiрақ атты.



  • Ол кезде сен қызыл едiң. Қызылға қыран қашан да өш. Мен де өшiктiм. Ауру шалдың бауырынан қызғандым.


 


Шырыныңды сорғым келдi. Дегенiме жеттiм де! Қазiр сен сұрсың. Қан-сөлсiз өлiсiң. Ал өлiмтiкке қыран қонбайды! Естисiң бе, қонбайды! Иiсiнен қашады! Бездiм сенен!



  • Қалижан!

  • Бедеу қатын кiмге дәру! Шүкiр, әйелiм бар, балала- рым бар, қубас емеспiн, ораламын соларға!

  • Шынымен бе?...

  • Ал сен – қарабетсiң! Оқыранғанға ергенше етегiңе ие болсаңшы, кәрi қаншық! Кет, оралма аяғыма!


Қалижан орнынан атып тұрды да, жолына жығылған Балбаланы теуiп жiберiп, есiктен шыға жөнелдi. Содан қайтып оралған жоқ.


...Балбала жолға қарады. Қара шалынбайды. Не шаң, не тiршiлiк нышаны жоқ. Әрiде де, берiде де дала төсiн тiлiп жатқан иiр жолақ қана.


Ол орнынан созалаңдай көтерiлдi. Аяқтары ұйып қалыпты. Ауырсынып ұзақ тұрды. Әлден уақыттан соң барып тiзесi тызылдап, жан кiрген нышан байқалды.


Үйге келгенде келiнi мен көршi әйел ауыздары жа- быса әлденелердi соғып жатыр екен, мұны көрiп тына қалысты. Жақтырмағандай ала көздерiн қадасты. Балбала бiрден түсiндi, мұны өсектегендерi анық. Мейлi, жақтары қарыспаса соға берсiн.


Өзiне бөлiнген бөлмеге өткенде ол мүлдем әлсiз бола- тын. Тiстенiп төсегiне жеттi де, буын-буынын бекiте ал- май құлай бердi.


 


V.


Тағатсыздана күткен Мақаш ертеңiнде түс ауа жеттi.



  • Иә, балам, ел аман ба екен? – деп сұрады Балбала жiгiттiң кешiккенiне абыржып.

  • Аман, апа, аман. Гүлданның қол-аяғы балғадай. Немерелерiңiз, күйеу балаңыз да есен-сау. Сәлем айтып жатыр.


 



  • Сәлем айтып жатыр деймiсiң?

  • Иә, апа, иә. Тек, күйеу балаңыз шөп тиелген тiркемеден...

  • Астапыралла!..

  • Иә, тiркемеден құлап, қолын сындырып алыпты. Бiрақ қауiптi емес. Жақында айнаға түсiрген екен, бәрi ойдағыдай деп тауыпты дәрiгерлер.

  • Ойпырмай-ай, ә!..

  • Ештеңе етпес, гипсiн алыпты ғой.

  • И-и, бейнет те...

  • Сосын... Е, айтпақшыдайын, Кенжетай атты бiр балаңыз келiн әкелуге дайындалып жүрген көрiнедi.

  • Кенжетай?!

  • Қатшаның кенжесi ше?

  • Е-е, ол да ер жеттi,ә!

  • Алмаспен жасты деп естiдiм.

  • Алда, тәңiр-ай! Иә, қашан түсiретiн болыпты?

  • Дәл уақытын бiлмедiм.

  • И-и, айналайын-ай!

  • Барым осы.


Балбала жiгiт сәлемiне қанағаттанбағандай кетуге айналған Мақаштың қолынан ұстай алды.



  • Алмас ше?... Оның жағдайы қалай екен?

  • Алмас?... Гүлдан ол туралы ештеңе айтқан жоқ.

  • Онысы несi екен, ә?

  • Қайдам...

  • Сонда... Жалпы жұрт не айтады?

  • Бiлмедiм, апа. Түк естiмедiм. Машинам бұзылып, есiм шықты ғой.

  • Алда, айналайын-ай!


Мақаш қолын тартқан едi, Балбала босатпады. Жанары жасаурап әлдене күтiп тұр.



  • Мен қайтайын, апа.

  • Қазiр, қазiр... Ту-у, ойыма түспей тұрғанын қарашы...


Е-е... Ендi ол жаққа қашан барасың?


 



  • Арғы күнi.

  • Менi ала кетесiң бе, ә?

  • Кабинаны аяйын ба, жүрiңiз.

  • Рақмет, айналайын, рақмет!


Ендi Балбаладан маза кеттi. Үйге кiрiп бiр киер киiмдерiн сандықшадан шығарды да киiндi. Айна ал- дында ұзақ тұрды. Байқайды, қартаюға де бет түзептi- ау. Отыз-қырқында қып-қызыл гүлдей едi. Әлде сәндi өмiрдiң шарапаты ма, әлде уайымсыз шақтың еншiсi ме, әйтеуiр екi бетiнiң ұшында қызыл ойнап, қарға аунаған қыр түлкiсiндей құлпырып жүретiн. Бұлтыңдаған бөксе, кеуденi керiп тұратын қос анар, қарағанын қағып түсетiн ойнақы жанар – бәр-бәрi келiстi-тiн. Жиын-тойларда еркек көзi өзiне жетiп жығылып жатқанда мәртебесi көтерiлiп қалушы едi. Қазiр ше? Анары жайыла жығылыпты, жа- нарында мұң бар. Бөксе де олпы-солпы, көйлектi шiреп тұрмайды.


Көйлек демекшi, сол көйлектер денесiне қонбайды-ақ. Мына бiр баданадай қызыл гүлдiсiн мәртебелi отырыстарға жиi киетiн. Ол от шарпыған бетiне алау шашып онсыз да сұлу кейiптi нұрландырып жiберетiн. Бүгiнде бәрi бөлек, қаны қашқан жүз нәрсiз шөлдей солған. Оған ақ шалған шаш қосылғанда...


Ол көзiн жұмды. Айнаға қайта қарауға қорықты. Етiнен арыған дененi тағы көргiсi келмедi. Әлдекiм мазақ қылатындай. Шынында, бiреу қарап тұрған жоқ па екен?! Жасқана көзiн ашып, жан-жағына алақтады. Әбүйiр бергенде жалғыз тұр. “Қартаюға бет түзеппiн деймiн, шын мәнiнде менен өткен кәрi, менен бейбақ жан жоқ шығар”, –


деп түйдi iшiнен, сосын қайтадан айнаға бұрылды.


Бұрынғы жылдарда көз айналасында жiңiшке-жiңiшке сызықтар ғана бар едi, олар баттиған-баттиған әжiмдерге айналыпты. Маңдайы да соқа көрген жердей айқыш- ұйқыш. Тiптi қарауға қорқасың. Терең-терең қыртыстар жұтып қоярдай. Жұмыртқадай аппақ жүздiң өзi,


 


жүдегеннен бе, жоқ болмаса, уайымнан ба, сәл құбылтса кемсеңдеген баланың бетiндей тыртыса қалады.


Ойланса, Балбаланың дәуренi өтiп кетiптi. Ол қызыл гүлдi көйлектi жалма-жан шешiп, сонадай жерге лақтырып жiбердi. Содан кейiн күнделiктi шыт көйлегiн киiп, сүлесоқ күйде сандықшаның бұрышында жатқан ақшаға қолын созды. Тура жүз сомды санап алып, сыртқа беттедi. Ойы дүкенге соғып, әлдекiмдерге шашу, әлдекiмдерге базарлық алу.


Сенекке шыққанында Райхан одырая қарады.



  • Бiр жаққа жиналдыңыз ба?

  • Дүкенге барып қайтайын деп...

  • Онда не бар екен?

  • Кенжетай үйленетiн болыпты. Соған шашу алсам...

  • Сонда сiз “Алғабасқа” бармақшысыз ба?

  • Ендi... Қанша айтқанмен...


Келiнi долдана орнынан атып тұрды.



  • Осы тайраңдағаның да жеттi ғой! Ел онсыз да артын ашып күлiп жүр! Барсаң жүндей түтiп қайтарады. Өзiңдi де, бiздi же ұятқа қалдырмай отырсаңшы омалып!

  • Райханжан-ау, ендi...

  • Жетер! Осыдан қадам атта, осы үйде не сен, не мен тұрамын!


Балбаланың көңiлi жаси қалған едi, шаң-шұңды құлағы шалған Iзбасар келiп араға килiктi.



  • Тағы не боп қалды?

  • Мына шешеңе айт, шошаңдамасын!

  • Ей, тiлiңдi тарта сөйлесейшi!

  • Тартпаймын! Ал тартпадым! Не iстей қоймақсың, сонда?!

  • Әй, әй, әй!

  • Әп, солай ма! Ендеше менi тыңда! Шешеңдi елдiң атарға оғы жоқ. Қолдарында күш тұрса екi шайнап, бiр жұтарларын өзiң де бiлесiң! Олай болса, шошаңдамасын! Осы үшiн күнiне мың өлiп, мың тiрiлгенiмiз де жетер!


 


Балбала мына тегеурiнге шыдай алмай қолындағы сөмкенi жерге тастай берген едi, ұлы шапшаң қимылдап қайтадан ұсынды.



  • Апа, бұл көкбеттi тыңдап қайтесiз. Әзiрше мен тiрiмiн ғой, бетiңiзден қайтпаңыз.


Осы арада ағыл-тегiл жылағысы келдi. Буын-буы- ны дiрiлдеп, жан-дүниесi езiлдi. Бiрақ жылай алмады. Шарадағы жас мұз болып қатып қалғандай, шығар емес.


Ол iлбiп басып аулаға шықты да, жауырыны бүкшиiп дүкенге беттедi. Ойы әлем-тапырық. Бiрi келiп, бiрi кетiп, сапырылысып жатқан небiр әлеметтер еңсесiн езе түседi. Балбала соларға өрлiкпен қарсы тұрады. “Жоқ, бару ке- рек, – дейдi iшiнен. – Ертең кiм бар, кiм жоқ, өтейiн алда- рынан. Кешiрсе кешiрер, кешiрмесе оны көрейiн. Бәрiбiр ел үшiн – өлгендердiң сапындамын ғой. Азар болса көрге тығылармын. Өлiм бәрiн жуар”.


Дүкен iшiнде екi-ақ әйел тұр екен. Олар мұны көргенде аңтарылып қалды.



  • Сiзге не керек? – дедi әлден уақытта сәкiнiң арғы басындағысы жақтырмағандай даусын көтере сөйлеп.

  • Жақсы кәмпиттерiң болса, айналайын...

  • Көзiңiз бар ма, қараңыз, бәрi алдыңызда. Бiз ештеңе тықпаймыз.

  • Көрiп тұрмын, айналайын, көрiп тұрмын.

  • Ендеше тезiрек айта қойыңыз.

  • Қазiр, айналайын, қазiр.


Балбала көзiмен алдын шолды. Көңiлiне алғандары көрiнбейдi.



  • Уақытым жоқ, болыңыз! – дедi әйел дiгерлеп.

  • Әрқайсысынан өзiң өлшей қойшы, айналайын...


Дүкеншi әйел бiр қалбырды   алып   кәмиттердiң әр түрiнен сала бастады. Қимылы ожар. Итке сүйек тастағандай уысындағысын тарс-тұрс лақтырады.



  • Он келi. Жете ме? – дедi сосын таразының тiлiне де қарамастан.


 



  • Жетедi, айналайын, жетедi.

  • Тағы не аласыз?

  • Кездеме болса?...

  • Қайсысынан аласыз? Қанша метр?


Балбала састы. Шағын ғана дүкеннiң оң жағына орналасқан кездемеге жақындай бере саусағын әнтек шо- шайтты.



  • Мынадан үш метр.   Мынадан   да   сондай. Дүкеншi метрлiктi құлаштай айналдырып, айтқандарын


Балбаланың алдына лақтырып тастады да, есепшотты қағып-қағып жiберiп:



  • Ақшаңыз бар ма едi? Алпыс сом, – дедi.


Балбала алғандарын жылдамдатып сөмкесiне тықты.


Ойы тезiрек есеп айырысып жоғалу.


Дүкеншi әйел iсi ақшаға түскенде әлгiндегiдей асықпады, саусағының ұшын жалап қойып, мипаздап са- нады. Көңiлдегiсi шыққанда езуiнiң ұшында жымысқы күлкi де тұрды.


Сыртқа беттегенде екi әйелдiң сыбыры құлағына ша- лынды.



  • Бұл кiм?

  • Бiр бейбақ.

  • Е-е, жер-жиһанды құртқан Балбала осы екен ғой?!

  • Дәл өзi!


Балбала үйiне қарай безектей жөнелдi.


VI.


Мақаш уәдесiнде тұрып, бұлар “Алғабасқа” жеткенде мал қоралар шақ туған. Ауыл үстi азан-қазан екен. Қой маңырап, желiнi жер сызған сиыр мөңiреп, тiрлiк қазаны бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Жоғын iздеп зыр жүгiрiскен балалардың айқайы да құлақ тұндырады. Шелектерiн даңғырлатқан келiншектер көп өтпей-ақ бiр-бiр сиырдың бауырына жабыса қалады.


 


Гүлдан да сиыр саууға шыққан екен, машинадан түсiп, үйiне беттеген жолаушыларды көргенде таңданғаннан шелегiн қолынан түсiрiп алып, бағжиып тұрып қалды. Балбала құшақтағанда ғана өз-өзiне келгендей мөлтiлдеп жылады дейсiң. Дауыс қоймағанымен: “Апа-ай, қайран апатайым-ай! ”– деп тұншыға сыбырлады. Бұған Балбала шыдап тұрсын ба, аңырата жөнелдi.



  • Маңдайға бiткен жұлдызым, қараған көздер қарығар. Қамыққан ана құндызын, өзiңдi ойлап зарығар! Аһ! Көгiн де ерте солдырып, адасқанға таң ата ма-ай?! Өзiмдi, сенi тоңдырып алдым ғой бүгiн, ботам-ай! Аһ! Жаныңа салған мың батпан, тағдырдың мынау қаталы-ай! Қуаныш емес мұң қатқан, келдi анаң саған, ботам-ай, Аһ!...


Бұл кезде тосын көрiнiске көршiлер де елеңдесе қалған. Осыны байқап Мақаш ана екеуiн айыруға әрекет жасады.



  • Бұларың не? Қойыңыздар? – дедi ол үлкендерден көрiп жүрген әдетпен байсалды сөйлеп. – Ел аман, жұрт тынышта жамандыққа бастамаңыздар. Кәне, жүрiңiздер, үйге кiрелiк!


Қауышқан құшақтарды әзер ажыратты. Сүйрегендей қылып екеуiн iшке енгiздi.


Құрақ көрпе үстiне жайғасқан соң да Балбала солығын баса алмады. Айтпағы да көп едi, он күн, он түн зарласа да таусылмайтын. Қас қағымда қайсыбiрiн тауыссын, ендi солар iшiн тырмалайды.


Үй iшi қонақ күту кәдесiн жасап жатыр. Күйеу баласы- на Мақаш көмектесiп жүр. Олар бiр сектi алға тартып та үлгердi. Бата күткен жайлары бар.



  • Береке басы болсын. Бата күткен мына шаңырақтан құт кетпесiн. Аллауһуақпар! – дедi Балбала күбiрлей бетiн сипап.


Сөйткенше   маңайды   даңғаза   қылып    немерелерi де жеттi. Гүлданның аузынан түскендей тұлымшағы желбiреген қара торы қыз жатырқамастан тiзесiне шығып алды. Ал кiшкене қарадомалақ ұл әуелгiде осқырынып


 


терiс айналғанымен, апасының жайлы орынға қонғанын көргенде шыдай алмай мұрнын тартқылады.



  • Келе ғой, айналайын, келе ғой! – дедi Балбала емiрене. Қарадомалақ ерке екен, шақыру құлағына тиiсiмен жүгiрiп келiп үлкенiн бүре құлады. Анау да тырмысып


кететiн емес. Сосын-ақ тiзеге талас басталды да кеттi.



  • Әже менiкi! – дейдi үлкенi.

  • Менiкi! – дейдi кiшiсi.


Мұны көргенде Балбала кәдiмгiдей масаттанып қалды.


Торығып бiтiп едi, сөйтсе бұл да бiреулерге керек екен.


Алдап-сулап ұл мен қызды татуластырды. Бiрiн оң, екiншiсiн сол жақ тiзесiне отырғызып қалтасынан конфетiн шығарды. Немерелерi мәз. Қағазын тiстерiмен жыртып ашып, ауыздарына бiр-екеуiн тоғытып та үлгерiптi.



  • Тәттi-ақ! – дедi қыз.

  • Аһа, тәттi! – дейдi ұл.


Ас iшiлiп, еркектерге төсек салынып, түннiң бiр уақытында оңаша қалған қыз бен шешесi сөздi неден ба- старларын бiлмегендей үн-түнсiз ұзақ отырысты. Көкейге кептелген ағын қақпа ашылса лақ етердей. Бiрақ сол қақпаны ашудың өзi күш.


Тәуекелге алғаш барған Гүлдан болды.



  • Жағдайыңыз қалай?

  • Бiрқалыпты, айналайын.

  • Райхан жайлы ма?

  • Е, ене келiннен, келiн енеден безе ме... Жүрiп жатыр- мыз, бiреуден iлгерi, бiреуден кейiн дегендей...

  • Iзбасар да көптен ат iзiн салған жоқ.

  • Жұмыстағы адамның қолы қалт етер күнi бар ма, ол да бiр қамыт киген өгiз ғой. Оның үстiне шөп шабуды жақында аяқтады.

  • Бiз де хабарласа алмай...

  • Мiне, бұларың дұрыс емес. Жандарың бөлек болғанмен қандарың бiр, аралас-құралас жүрудiң жөнi бөлек. Қарадомалақтар да бiр-бiрiн жатсырап кетпесiн.


 



  • Бармайық демеймiз. Жиналып-терiлiп жүргенiмiзде күйеу балаңыздың ұрынып қалғаны.

  • Иә, иә, қиын-ақ.


Балбала әңгiме үстiнде қызын барлап бақты. Шаңырақ тұтқасын ұстаған соң ба, Гүлдан байсал тартыпты. Бұрынғы ұшқалақтықтың iзi де жоқ, қимылы да, сөзi де салмақты. Сары қарын ауыл әйелi болған да қойған.


Шыдай алмады:



  • Алмас... Алмаспен қатысып тұрасыңдар ма? – дедi жасқаншақтай.

  • Алмаспен бе? Әрине, қатысамыз. Әлгiнде де балалар сол үйден келдi.

  • Жағдайы қалай өзiнiң?

  • Бiрқалыпты.

  • Келiн орнықты ма?

  • Сәуленi айтамысыз? Ол деген Алмастың басына қонған бақ қой! Келiнiңiз бiр үйдiң емес, бiр елдiң ыры- сына бiткен бала.

  • Ойпыр-ай, ә?!

  • Шын айтамын. Тiптi ауылдағы кексе әйелдердiң өзi Сәуленiң алдында орынсыз тәжiкелесе алмайды. Жо-жоқ, келiнiңiз оларды тыймайды, оның ондай оғаш қылығы жоқ. Тек, бәрi сыйлайды. “Қара шаңырақта отырған үмiтiмiз”, – деп құрметтейдi.


Балбала төмен қарады. “Қара шаңырақта отырған үмiтiмiз”. Бiр кезде өзiн осылай атаушы едi. Алдынан шықпайтын, сыйлайтын. Бiрақта бұл көптi түсiнбедi. Бастықтың әйелi болған соң жасқанады деп ұқты, кеудесiн көтердi. Қайдан бiлсiн, халықтың асқанға тоспа бола ала- тынын.


Көзiне жас үйiрiлдi. Оны қызына көрсетпей сүртiп та- стады.



  • Алмастың өзi не iстейдi?

  • Ұста.

  • Ұста?!


 



  • Таңданатын несi бар, жұрт мақтап жүр. Басшылар да ауыздарынан тастамайды. Жақында Болгарияға туристiк сапарға жолдама да берген.


Мына хабарға шошынған Балбала қызының қолынан ұстай алды.



  • Сонда ол ауылда жоқ па?!

  • Он шақты күнде оралады.

  • Әттеген-ай, ә?.. Ал, Сәуле ше?

  • Үйiнде.

  • Ертең кiрiп шықсам...


Қызы жайлап қолын босатты да, стол үстiнде жатқан нан қиқымын әрi ысырды.



  • Апа-ай, ол мүмкiн емес қой...

  • Неге... неге мүмкiн емес?! Мен Алмастың анасымын!

  • Сiз ол ұлды бiлмейсiз. Алмас та, үйдей қорғасын да бiрдей. Айтса қатып қалады.

  • Сонда ол не айтып едi?

  • Сiздi өмiр бойы көрмеуге, шешем деп айтпауға уәде еткен.


Балбаланың жүрегi бұлқынып-бұлқынып қалды. Ол жайбарақат отырған қызына шүйлiктi.



  • Сонда сен... сен не бiтiрдiң?..

  • Мен оған не айта аламын?

  • Сен... Сен!..


Балбала тiлiн тiстей қойды. Шын мәнiнде жазық Гүлданнан емес қой. Бұл байғұс кiмге қарсы келердей. Отырысы мынау, сөзi анау.


Бiрте-бiрте сабасына түстi. Сұрланған жүзiне де қан тарады.


Ұйқы-тұйқы заман-ай!


Сезiмiн тыйып, сайтан ойларға тiзгiн бермесе, өзi де осы күнде отырмас па ел анасы атанып. өшып аспанға шықты, үрпиiп жерге түстi. Ақырында солбырайып жеке қалды. “Өлдiм” десе аузына бiреу су тамызар ма екен? Жоқ, қайта басынан теуiп өте шығар.


 


Ой-ой, жалған-ай!


Жалған емей немене, байқап отырса Iзбасар да, Гүлдан да өзiне мүлдем жат. Тек, iштен шыққан соң ғана амал- сыздан илiгедi, сыйлаған болады. Шынтуайтқа келгенде құтылуға асық. Бәтшағар жан кiмге дәру...


Балбала жан күйзелiсiн бiлдiре терең тыныстады.



  • Гүлдан, жасырмашы, Кенжетайдың үйлену тойы қашан өтпек?

  • Сенбiде.

  • Келiн түсiп қойды ма?...

  • Ертең тосып алмақшы. Ол астанада оқиды екен.

  • Құтты болсын айтсақ?...

  • Кiм?! Бiз бе?!


Гүлданның көзi шыға бақырайды.



  • Мен айтсам аспан қақ айрылмас.

  • Ой, сiз!..

  • Жә-жә, несiне едiреңдейсiң! Мен не, құмадан туып- пын ба!..


Қызы екеуi ортақ тiл табыспаған соң ұйқыға жатқан. Балбала көпке шейiн көз iлiктiре алмады. Сосын Қалижан тастап кеткеннен бергi серiгi – ұйқтататын дәрiнiң бiрiн аузына салды. Әлден уақытта екiншiсiн де жұтты.


VII.


Ертеңiнде сағат оннан аса оянды. Жай жатқандықтан ба, денесi құрысып-тырысып, бейжай болып тұрған едi, қаймақ қатқан қою шайдан соң жадырап сала бердi. Ендi ол аялдамады, Қатшаның үйiне қарай беттедi. Ненi бол- масын көрiп алмақ. Iштерiне тартса жақсы, ал керi тепсе қыңсылаған иттей кете бермек.


Аула адамдарға толы екен. Еркектер бiр бұрышқа жи- налып әңгiме-дүкен құрса, әйелдер қазан-ошақ жағын ай- налдырып жүр. Тымық ауаға көтерiлген көк түтiн көлең- көлең етедi.


 


Шарбақ есiгiнен аттағанында абыр-сабыр сап басыл- ды. Жұрт сайтан көргендей үрпиiсе қалды. Таңданғандар да, шамырқанғандар да баршылық. Осыны байқаған Балбаланың тiзесi дiрiлдедi. Бiрақ ол өзiн-өзi тез бекiттi. Сосын еңсесiн көтерiңкiреп үйге өттi. Дәл төрге жеткенде бiр-ақ тоқтады.



  • Қуаныштарыңыз қайырлы болсын! – дедi көзiмен отырғандарды жағалап. Көбiсi таныс, көбiсi бейтаныс.

  • Айтқаныңыз келсiн! Жоғары шығыңыз!


Жас келiншек қолтығынан демеп жол көрсетпек болған едi, Балбала қолын тартып ала қойды.


Отырғандарда үн жоқ. Әсiресе дәл орта шенге жайғасқан кимешектi кемпiр сазарып қалған. Басқалары оған жаутаң-жаутаң қарайды.


Кимешектi кемпiр әлден уақытта ғана тiлге келдi.



  • Балбаламысың? Иә, қайдан жүрсiң?

  • Елдi, жердi көрейiн деп шыққан бетiм.

  • Сенде ел, жер қалып па едi?

  • Сiз – ел, мынау жер емес пе!

  • Мен ел болсам ел шығармын, табан астындағың жер болса жер шығар, бiрақ олар өзгенiң еншiсiнде екенiн ұмытпа!

  • Алланың еншiсiне дауым жоқ.

  • Тәйт, күнәһар, тәңiрге тiл тигiзбе!

  • Ешкiмге тiл тигiзбек емеспiн, апа...


Әлдекiм биiк орындық ұсынған, соған жайғасты. Көзiн кемпiрден айырмады.


Сөздi тағы да кимешектi кемпiр бастады:



  • Балбала, iргемiз сөгiлмеген ел едiк – сойыл болып қабырғамызды қақыраттың, басымыз ашылмаған жұрт едiк, – iрiткi салдың! Осың жетпегендей ендi неге келдiң, ашып айтшы?


Күңiренген үн жүрегiн тiлiп-тiлiп өттi. Балбала шыдай алмай көзiн жерге салды. Не демек? Айтып отырғанының бәрi рас. Шөңге боп өстi, көбiнiң табанына қадалды,


 


дүйiм жұртты ақсатты. Олар жылап едi, бұл масайрады. Қуанышы тасып айға шапты, ақыры мерт болды. Бiрақ бiр кезде өзi түсiнбеген осы жайды бүгiн мыналар түсiне ме? Сазарған жүздер түтiп, қанталаған көздер жұтып жiберер. Әлде келгенi бекер ме? Жо-жоқ, дұрыс. Мейлi тас бай- лап суға тастасын, мейлi ат құйрығына тақсын, әйтеуiр,


жазасының салмағын айырып берсе жеткiлiктi.



  • Үндемейсiң, ә?! Әрине, үндемейсiң? Өйткенi адам өмiрге келген соң оған жарық дүние қымбат екенiн жақсы бiлесiң. Мiне, мен жетпiстiң жетеуiне шықтым. Пайғамбар жасынан асып жығылдым. Бiрақ соны көңiлiме құт санай- мын ба? Жоқ! Әлi жетпiс жетi жыл жасасам да көрге кiруге асықпаймын. Маған бiр секунд ауа жұтқаным керек, мы- нау жарық сәуле қымбат! Маған ғана ма? Бәрiмiзге. Сен осыны ұқпадың, Балбала! Есiңе түсiршi, Тоқтамыс қандай күйде едi. Ол жарықты аңсамады ма? Аңсады. Сәл де болса мына дүниеден тәттiлiк күттi. Дегенiне жетпедi. Бәрiн сы- пырып алдың, ол құсадан тез өлдi. Бәрi дегенiм дүниесiн айтқаным емес. Ол – қолдың кiрi ғой. Бәрi дегенiм – алда- нышы. Ол алданышы – сен едiң, Балбала!


Кемпiр суланған көзiн сүрттi. Балбала басын төмен тұқыртты. Бәрi көз алдында. Мiне, Қалижан екеуi кереуеттiң аяқ жағында жүгiнiп отыр. Тоқтамыс сөз алды:



  • Кiнәламаймын, Балбала, саған кiнә жоқ. Бәрi өзiмнен. Атаңа нәлет ауру жабысты, айбарымнан ай- рылдым, қайратым күл болды. Сеземiн, төрiмнен көрiм жуық. Сондықтан бағыңды байламаймын. Бiр өтiнерiм



  • Алмасты жетiмсiретпе. Ол мына қылығыңды кешiре ме, кешiрмей ме бiлмеймiн, әйтеуiр, тосқауыл бола көрме. Тағы айтарым о дүниеде маған қажеттi болмас, қолыңды қақпаймын, алатыныңды ал. Әлгiнде маши- на гүрiлiн естiген сияқтымын, жаңа қонысқа құр қол барғаның ұят-та.


Дәл осылай дедi-ау сабазың! Өзi қиналып, өлiм табалдырығында жатса да мұның болашағын ойлап,


 


жақсы өмiр сүргенiн қалапты. Не деген ақыл, парасат! Осындай адамға құл болса несi айып!


Бұл – қазiргi ойы. Ол шақта миығынан күлген, бар жақсыны машина қорабына тиеген. Сөйтсе, бiр арыстың өмiрiне үкiм шығарып, өз қолымен жерлептi-ау! Қандай қорқынышты!...


Құлағы шыңылдады.


“Көрiңде өкiргiр, Балбала, көрiңде өкiр! О, қарабет, о, нысапсыз ит! ”.


“Аттан! Жау шапты, аттан-н-н! ”.


Ол есiрiк шалған жандай басын кекжите берiп, айнала- сына алақтай қарады.



  • Менi ол кешiрер ме екен, ә?!

  • Кiм? Тоқтамыс па?

  • Иә, иә, сол!

  • Оны ол дүниеге барғанда сұрарсың.

  • Ал ел ше?

  • Ел ме? Оны өздерiнен сұра.


Балбала құлай берiп еңбектей алға жылжыды.



  • Сiз кешiрер ме едiңiз ә?!

  • Мен бе?

  • Сiз! Сiз!!!


Бiр жерi шаншығандай кемпiрдiң әжiмдi бетi тыжырая қалды.



  • Оны да ел шешедi...


Балбала кемпiрдiң мәсiсiн құшақтай   ұзақ   жыла- ды. “Ендi маған өмiр жоқ, өмiр жоқ, өмiр жоқ! ” – дедi солқылдап.


Қанша уақыт өткенi белгiсiз, бiр кезде жым-жырт отырған жұрт толқын шайқалғандай ырғалысып кеттi.



  • Сәуле келдi, – дедi бiреуi сыбыр етiп.

  • Сәуле келдi...

  • Қара шаңырақта отырған келiн келдi!

  • Төрлетсiн, айналайын, төрлетсiн!


Балбала жылауын кiлт үзiп, басын көтердi. Мiне, келiнi,


 


туған баласының әйелi... сыпайы жымиып үлкендерге iзет бiлдiрдi. Қандай инабатты. Жүзiнен нұр тамғандай. О, жасаған, бергенiңе шүкiр!


Балбала Сәуледен көмек күткендей солбырайып орнынан тұра берген, бiрақ үмiтi ақталмады. Келiнi мұңайғандай ұзағырақ қарап тұрып:



  • Қайтсаңызшы, – дедi сыпайы, – қазiр жол тосуға кет- кен үлкен апам да келедi. Ол кiсiнiң ашуын бiлесiз. Бекер- ге жер боласыз ғой...


Дүние шыр көбелек айналды. Тәлтiректей басып есiк алдына шыққаны есiнде, одан арғысын Балбала бiлмейдi...


VIII.


Көзiн ашқанда алғаш көргенi – үстiне төнiп тұрған ақ киiмдi ақ қыз.



  • Мен қайда жатырмын? – деп сұрады одан.

  • Ауруханада.

  • Ауруханада?

  • Иә, Сiзге көп сөйлеуге, толқуға болмайды. Неғұрлым тыныш болсаңыз өзiңiзге солғұрлым пайдалы.


Балбала жан-жағына қарады. Төбе де, қабырғалар да, қыз үстi да аппақ. Ендеше ауруханада жатқаны анық.



  • Балам, – дедi баяу, – менi мұнда қашан әкелдiңдер?

  • Әлгiнде ғана. Жүрегiңiзде сырқат бар. Оған ерекше күтiм керек.


Балбала зорлана езу тартты.



  • Әй, балам-ай, бiлмейсiң ғой, мен бұл жүрекпен әлi жүз жыл жасармын.

  • Әрине, жасайсыз. Әуелi бiз емдеймiз, сонда құлан- таза айығасыз.

  • Қанша ұстамақсыңдар?

  • Ол жағы маған белгiсiз. Мүмкiн ай жатарсыз.

  • Ай?... Қой, балам, ойнама! Менiң тап қазiр үйге қайтуым керек. Естисiң бе, тап қазiр!


 



  • Оны дәрiгерге айтыңыз.

  • Айтамын, айналайын, айтамын. Шақыршы өзiн.

  • Қазiр... – Ақ қыз аяғын тып-тып басып палатадан шыққанда, Балбала басын көтердi. Есiне әлденелердi түсiрейiн деп едi, тұман сияқты.


Сөйткенше ақ халатты ер адам есiк ашты.



  • Сiз шақырдыңыз ба? Иә, жағдайыңыз қалай?

  • Жақсы, айналайын, жақсы. Мен шақыртқан едiм. Сөзiме құлақ салшы, айналайын. Мендей шешең бар шығар, тiлегiмдi қайтармашы, көкетайым.

  • Құлағым сiзде. Балбала жанып түстi.

  • Келiнiмнiң аяғы ауыр едi. Сол байғұс қол-аяғын бау- ырына алса... өл жұмыста. Бала-шаға шиеттей... Түсiнесiң ғой, айналайын.

  • Шопан екенсiздер ғой?

  • Дәл үстiнен түстiң. Қара да тұр, келiн босанғасын өзiм келемiн, ал қазiр босата қойшы, ә?


Дәрiгер ойланып қалды. Балбала өз өтiрiгiне iштей қысылғанмен, сыр бермеуге тырысты.



  • Жiберуге де болады, жiбермеуге де... үй-iшiңiз ана- дай күйде... Сiз мiндеттi түрде келуге уәде етесiз бе?

  • Тастай алмай жүрген жан жоқ. Әрине, келемiн. Тiптi қолхат берейiн...

  • Онда босатуға болар. Бiрақ өзiңiз күтiнiңiз. Ашуға, қатты толқуға жол бермеңiз. Жалпы, сiзге тыныштық керек.

  • Оны түсiнемiн ғой, айналайын!


Есiк алдына шыққанда Мақаштың келе қалмасы бар ма.



  • Апа, халiңiз жақсы ма? – дедi ол кабинадан асығыс түсiп, – естiгенде зәрем ұшты!


Балбала жымиып жiгiттiң арқасынан қақты.



  • Түкке тұрмайтын бiрдеңе ғой, айналайын. Тiптi сөз етудiң өзi артық. Өз жұмысың бiттi ме?

  • Бiттi. Ендi қайтамыз ба?

  • Қайтайық.


 


Кабинаға жайғасқан Балбаланың көзi оң қапталдан оза берiп тоқтаған көк “Москвичке” түстi. Астапыралла! Мы- нау Қалижан ғой. Тап өзi. Жып-жылмағай. Әйелiн түсiрiп жатыр. Қағанағы қарық, сағанағы сарық жандай езуiн жия алмайды. О, қаныпезер, о, сұрқия!


Машина орнынан қозғала бердi.


Қалижанды көргенде қара тастай қатып қалған Балба- ла ауылдан ұзап шыққанда ғана тiлге келдi.



  • Айналайын, сәл тоқташы? Қанша айтқанмен суын iшкен, ауасын жұтқан ауылым ғой... тағы бiр көз салай- ын, – дедi Мақашқа мұңайып.


Жерге түскенде жүрегi қайта атой салды. Әне ауылы! Тып-тыныш, моп-момақан! Құдды, сан жылдардан асып, сан тағдырдың куәгерi болмағандай үн-түнсiз. Сонысы- мен асқақ, сонысымен сұлу!



  • Қош! – дедi Балбала басын сәл иiп. Ол өзiне өлiм сағатының жақындағанын сезгендей қалтырап кеттi.


ХII.


Үйiнiң табалдырығын аттағанда ыңғайсыз жайдың ызғары соққандай қалшиды да қалды. Асыр салып, үй iшiн даңғазаға бөлейтiн немерелерi көрiнбейдi. Райхан да жоқ. Ұлы ғана жападан-жалғыз шай iшiп отыр.



  • Басқалар қайда?! – дедi үрейлене.

  • Келер.

  • Төркiнiне кеттi ме?

  • Е, әдетi ғой. Тулайды-тулайды, сосын қояды.


Бұл ұрыс-керiстiң шығуына сеп болған өзi екенiн сездi. Қолайсыздана бөлмесiне өттi. Құрақ көрпенi жай- ып, үстiне жастық тастады. Тынықпақ. Елу жылғы азапты бүгiн бiр сiлкiмек.


Көк пүлiш шапанды жамылып көзiн жұмды. Шiркiн- ай, ұйқтап кетсе! Бәлкiм, сонда арылар едi еңсесiн езген дүлейден. Тұяқ серiппей қатып қалса!


 


Балбала дәрiнiң бiреуiн аузына салып, қомағайлана жұтты. Жаны ендi тыншыр.


Тынши алмады. Көз алдына келiнi, немерелерi елестедi. Байғұстар бозарып қайда отыр екен? Төркiн төркiнiмен, өз ошағына не жетер! Көсiлсең де, көлбесең де еркiнсiң. Тiрi пенде тәйт дей алмайды. Әсiресе немерелерiне қиын болды-ау! Ой, айналайындар-ай!


Шыдамастан басын көтерiп ұлына дауыстады.



  • Iзбасар, а Iзбасар!

  • Әу, апа!

  • Берi келшi!


өлы тiзесiн бүккенде оған жалынышты қарады.



  • Сен ренжiткенсiң ғой, ә?

  • Кiмдi! Райханды ма? Балалар тұрғанда қол тигiзiп қайтемiн. Өзi бұрқырады, өзi кеттi.

  • Былай... барып қайтсаң...

  • Өзi-ақ келедi. Көрерсiз, таң азаннан есiктi тепкiлер. Балбала жастыққа қайтадан бас қойды.

  • Су алып бершi? – дедi сосын қажығандай. Iзбасар ке- семен су әкелiп жанына қойды.

  • Рас айтамын, апа, таңертең келедi олар.

  • “Өз үйi – өлең төсегi!” Келсiн, келсiн. Тек саған ай- тарым, ренжiспеңдер, айналайын. Келте жiптей қысқа өмiрде қырқысып қайтесiңдер...


Iзбасар кеткесiн Балбала қақпағын ашып, құтыны алақанына төңкерген едi, үшеуi қатар түстi. Оларға шұқшиып ұзақ қарады. Үш дәрi! Дөп-дөңгелек, кiп- кiшкене үш дәрi! Осы да адамның алып жанына шипа бермек пе?! Мүмкiн берер, мүмкiн...


Үшеуiн де аузына тастап жiберiп, артынан судан бiр- екi жұтты.


Шапанды бүркенгенiнде көз алдына Қалижанның ыржиған бағанағы бейнесi елестедi. Құдды жаны жазира, жағасы жайлау жанның кейпi. Шын мәнiнде солай шығар. Әйелi, бала-шағасы, өзiндiк баспанасы, ақырында көк


 


“Москвич!” О, жасаған, Балбала неткен ессiз едi! Соның жолында арын таптап, бар дүние-мүлкiн шашты-ау. Сон- да Қалижанның қолында көк тиын болған жоқ. Тiптi көк “Москвичтiң” өзiн үйiнде қалдырып кеттi. Олай не былай болған күнде қайтып оралуды ол сұмпайы сол шақта да ойлаған-ау! О, көк төбет!...



  • Тағы ненiң жолына түстiм! Сап көңiлiм, сап! – дедi күбiрлеп. Содан кейiн құтыға жармасты. Тағы үш дәрiнi қиналмай жұтты. Ендi ұйқтамақ, тұяқ серiппей қатып қалмақ.


Жүрегi қаққандай. Балбала терең-терең тыныстады. Шiркiн-ай, азапты көрмей қалғып кетсе, тезiрек қалғыса!


Кеудесi қысқандай ма-ау, тынысы тарылғандай ма?


Ол ызалана шапанды ысырып тастап басын көтердi. Құты дәл жанында жатыр екен. Оған мөлие қарады. Дәрiден күш кеткен бе, әлде Балбала күшейiп алған ба, белгiсiз...


Балбала ызаланғандай екi-үш дәрiнi күтiр-күтiр шайна- ды. Не дәм, не татым бiлiнбейдi. Толғанып жұтып жiбердi. Сосын тағы екi-үш дәрiнi күтiр-күтiр шайнады. Мейлi, дүние күйiп кетсiн, дәл қазiр бұған ұйқы керек, ұйқы!!!


Жанталасып отырып тағы iштi, тағы, тағы, тағы iштi. Одан кейiнгiсiн бiлмейдi. Басы айналғандай болған соң жастыққа қисайған, содан қозғалыссыз қалды.


Бұл шақта Балбала жан-тәнiмен аңсаған, жан ұшыра ұмтылған о дүниеге аттанып та үлгерген.





Пікір жазу