14.09.2021
  287


Автор: Төкен Әлжантегі

БАЛДАН ТӘТТI ҒҰМЫР

… Дүние жанып жатқан сияқты. Айнала астан-кестен. Тiлiн жалаңдатқан жалын жолындағысын жалмап, төнiп келедi. Шыр-шыр еткен жанын қайда қоярға бiлмеген Едiл қашайын десе қаша алмайды. Қол-аяғы икемге көнбей, тас болып қатып қалғандай. Айқайлауға тiлi құрғыр бай- ланып, үнiн шығарар емес. Шарасыздықтан көзiнен жас ытты. Иә-иә, ес бiлiп, етек жапқалы байқалмаған, өзге балалардан ғана көрген көз жасы. Өз-өзiнен берiк-ақпын деп ойлайтын. Сөйтсе, арна бұзар тасқындай тып-тыныш жатып-жатып, кезi жеткенде ақтарылып түсер селдей адуын жинаған жарықтық бiр лықсығанда ықты-жарды тыңдамай аунақшып ала жөнелгендей.


Сөйткенше, әлдеқайдан бiр қол созылды. Кәдiмгi адам қолы. Адам болғанда түктi, сiңiрлi еркектiкiне ұқсамайды. Нәп-нәзiк, мап-майда, әйелге тән аппақ саусақтар иығына тиiп, үйiрiп әкеткендей.



  • Мама! – деп қалды сол кезде ышқынған қалпында. Жауап қатқан ешкiм болмады.

  • Мама, сен бар екенсiң ғой?! – дедi жүрегi ери, жан дауысы шыға.


Қол иесi тағы үндемедi, тек пәледен ала қашқысы кел- гендей баяулап көтере бердi.



  • Мама! Мама!!


Өз дауысынан өзi шошып оянған Едiл селк етiп, есiн жинағанда әлдекiмнiң жұлқылап тұрғанын байқады. Көзiн ашқанда көргенi – бөлмеде бөтен балалар бар екен. Түс ұшығын жоғалтқысы келмеген жасөспiрiм одеялын басына тартқан едi, төнiп тұрған сида қара оны жұлып алды. Онымен де қоймады:



  • Мынауың иiс алмастың нағыз өзi ғой, – дедi шиқылдай күлiп.

  • Мұнда не үшiн келдiң? Үйрету үшiн. Ендеше үйрет!

  • Құп, Шериф!


 


Сонда ғана санасына әлдене жеткендей болған Едiл орнынан атып тұрды да, арқасын қабырғаға берген күйi бөлме iшiн сүзiп өттi. Байқады, бөтендердiң ұзын-қарасы үшеу екен. Бәрi өзi тұстастар. Бiр айырмашылығы – шаш- тарын тақырлап алғызған және алабажақ киiнген. Басшы- лары стол жанындағы орындықта отырған төртбақ болса керек, қалған екеуi соған жалтақтайды.


Бөлмелестерi бәрiне мойын сұнғандай салбырап кет- кен бастарын көтерер шама таппаған. Келiмсектердiң құзырына ерте бағынған сыңайлары байқалады.


Әуелгi сөздi Шериф атанған төртбақ алды:



  • Байқаймын, өзiң тым асаусың ғой… – дедi ол мысқылдағандай мырс етiп.

  • Болсақ болармыз! Төртбақ жымиды.

  • Солай де!


Қысқа қайырым келте кесiлдi. Шериф сида қараға ым қаққанда әрiптесi түсiнгендей басын сәл иiп, төрге қарай беттегенде Едiл де төбелеске ыңғайланғандай тас-түйiн бекiнiсiн жариялап үлгердi.


Айқас ұзаққа созылмады. Сида қара қоқиланған күйi қарсыласын басып-жаншып тастауға ұмтылғанда Едiл өзiне ғана тән тәсiлмен сәл солға ойысып, шықшытты көздей оң қолын әнтек сiлтегенде анау кескен теректей сұлап түстi.


Бiр қызығы, жақтастары құлағанда қалған екеуi өре түрегелген жоқ. Шериф езу тартқандай кейiппен Едiлдiң жеңiсiн құптағандай бiр-екi рет алақан соқты. Содан кейiн созалаңдай орнынан тұра берген сида қараға “соңымнан ер” дегендей белгi жасап, сыртқа шыға жөнелдi.


Бөлмелестер таң-тамаша. Мұрынын қорс-қорс тартқан Башанның көзi жыпылық-жыпылық етедi. Соған қарағанда тәжiкенiң оп-оңай шешiлгенiне сенбейтiн сияқты. Күдiгi бар ма:



  • Бес-он теңгемiздi берiп құтылғанымыз жөн едi, – дейдi мiңгiрлеп.


 



  • Ақшаң көп болса ертең де беруге үлгерерсiң, ал қазiр дем алайық.


Жарық сөнген соң Едiл ұйықтай алса-шы. Дөңбекшiп оңға да аунады, солға да төңкерiлдi, бәрiбiр көзiн iлiндiрер амал таппады. Ере жөнелсең елпiлдетiп тауға да соқтырар, тасқа да тақым қашар ой қаумалап, әлем-тәпiрiк әурешiлдiктiң әуселесiн ашып қойғандай. Соның соңында сенделер сана сәулеленiп, шамырқаныс шақырған сыңайы бар.


Иә, қылп етсе қынын қарықтырар қанжар-тiрлiктiң қақпақылынан қашқан адамзат өмiр бойы сiлiңгiр сылтаудың сыңсымасын сапырып келедi. Сәл шалт қимылдаса-ақ өтiрiктiң өзегiн өкiректетiп, сылтауға соқпақ салуға құмар. Өзiн өзi арашалаудың соңында алаөкпе бо- лып жүргендер кеше де болған, бүгiн де жетерлiк, ертең өршiмесе кемiмес. Бәрi қарақан басын қаңқудан алып қашқанымен қаңбақ ғұмырға қарғыбау таққанын ұқпайды да. Сол қарғыбау түбiне жеткенде де түсiнердi түсiнiп, сезердi сезбейтiндерi ақиқат.


Едiл де дәл осындай тiс сындырар быламықтың құрбаны. Әкесi кiм, шешесi қайда? Бiлмейдi. Әйтеуiр балалар үйiнде көзiн тырнай ашып, осы үйден жетiлiп шыққаны шындық. Ғажабы сонда – қысылғанда немесе қамыққанда түске кiрер әйел қолы жебеудей-ақ жебеп келедi. Бiрақ әлгiнiң түс-әлпетi көзге бiр рет те шалынған емес. Сондықтан сықпытқа алданар сыйық бала бой- ынан табыла қоймаған. Ол үшiн еркек – еркек те, әйел



  • әйел ғана. Бiрiнiң шашы ұзын да ақылы қысқа болса, екiншiсiнiң шалбары болғанымен шамасы шағын пен- де. Ал, пенделердiң түбтiң түбiнде перғауынға айналуы мүмкiн емес жағдай.


Бiрақ, дәл осылай екен деп, тiршiлiк доңғалағы айналу- ын доғарған ба? Доғармаған. Өйткенi, оның өз бағынышты заңдылығы бар. Уақыттың құлы. Пiр-уақыт жұлысқанды жұлыстырып, шығысқанды шығыстырып, ақыр соңында


 


бәрiн жұтып қойғанымен тойымсыз қалпында бүлкiлдей белден бел асып барады. Ол ендi айқайламақ тұрмақ таланың айырылса да мойын бұрмайды. Соңында ойран қалды ма, өрт құлашын жайды ма бәрiбiр. Өйткенi өткен шақты тарих қатпарынан ғана iздеуге мұрсатың бар. Ал, мұрсаттың мұратқа мұрындық болмайтыны тағы аян дүние.


Балалар үйiнде жазылмаған, дегенмен жауырды жаба тоқыған заң қалыптасқан. Онда: “Мама”, – деген сөздiң айтылу дәрежесi мен естiлу деңгейi солғындықтың сар- табын байқатып тұрады. Айтқан да, естiген де, есiрiк шалғандай елең-құлаң болатыны содан. Бiреуi екпiндеттiм дегенмен еңкiштенiп, екiншiсi елiттiм дегенмен ербиiп қала беретiнi алмағайып шақтың қоңсы қонуынан. Ен- деше, қоңсының қоңырсыққа алаңдауы мен елеңдеуi екi бөлек қасиет екенiн екшеудiң еш қиындығы жоқ. Сөйтсе де бұл атаудан жүрегi шым етпейтiн бала жоқтың қасы. Бiрiнен екiншiсi қызғанып, iштен тынғандар бiрiн-бiрi түтiп жiберуге әркезде дайын.


Әлi есiнде, жасы онға аяқ басқанда орталарына дудар бас, секпiл бет сары бала пайда болды. Тым тарпаң, тым мазасыз едi. Тамақ iшiп отырып та ұнамаса тарелкасын төңкерiп тастайды, не басқа бiреудiң бетiне жеп отырған нанын лақтырып жiберуден тайынбайды. Осы мiнезiнен шығар, топтағы өзге балалар өзiнен жасқанып жүрудi әдетке айналдыра бастады.


Бiрде сол сары, қайдан үйренгенi белгiсiз:



  • Менiң мамам бар, сендерде жоқ! – деп қалсын. Бос көңiл бiреулер бұған кемсеңдей бастаған. Едiл шыда- мады:


– Мамаң болса мұнда неғып жүрсiң? – дедi шамырқанып.



  • Ол ертең келедi. Жұмыстан қолы тимеген шығар.

  • Өтiрiк!

  • Мен өтiрiк айтпаймын…

  • Сенiң мамаң жаман адам. Ол ендi ешқашан келмейдi!


 



  • Келедi дедiм, келедi!


Секпiл бет алдында тұрған тұз салынған сауытқа қолын жүгiрткенде Едiл одан бұрын қимылдап қолындағы қасықпен қарсыласын басқа соқты. Бiр емес, бiрнеше ұрды. Айызы қанбады.


Жан-жағындағы басқа балалар шу көтергенде жедел жеткен тәрбиешiлер екеуiн әрең ажыратып алды.


Балалар үйiнiң тағы үйреткенi: өзiңе өзiң сен. Күшiң жетпейтiнге тыраштанба – тырайып қаласың. Ондай жағдайда омырылуың оп-оңай. Омырылғанның орны- на келуi қиял дүниесi. Ал, қиялға сiңдiм дегенше қирап қалдым деу әлдеқайда жеңiл.


Қызылды-жасылды сәулеге тұнған жарық дүниеде, байқағанға, қақтығыс көп. Ең бастысы – адам бала- сы бiрiнiң асқанына екiншiсi төзе алмайды. Бiрi өрге өрмелесе, балағына жармаса кетуге жақ тұратыны содан. Одан әрi жанталас басталады. Алғашқысы жабысқақтан құтылуға тебiнсе, соңғысы ерiк-жiгерiн өзiндiгiн үзiп алуға жұмылдырады. Қолы босай қалса шыңырауға құлап тынатынына мұндайда мән бермейдi де. Өйткенi санасын көреалмаушылық тұмшалаған. Ол сауды соқыр етiп, есту қабылетi жоғарыны саңырау қылуға құмар.


Соқырлық пен саңыраулық қатар дамыған қоғамда жаңаға орын сақталмайтыны аян. Жаңа деп отырғаны



  • өскiн. Мысалға, қай ересек адам балаға тең дәрежеде қараған? Бұл ешкiмнiң ойына келмейтiн жұмбақ. Сондықтан жастың пiкiрi қашанда аяқсыз қалуға бейiм. Сондағы үлкеннiң тындырғаны не? Одыраң жүрiс пен оспадар күлкi ғана ма? Едiлдей жетiмдер жер басып жүргенде дәл солай ойламасқа шараң жоқ. Етегiне на- маз оқымайтындар бұған, бәлкiм, күлер де. Күлсiн. Ол оның әлем керiтартпалығын мойындағаны, соқыр мен саңыраулар қатарында өзiнiң де жүргенiн жария еткендiгi. Мiне, саған әппақ әлемнiң айшығы! Балаң түйсiк бiрiне жеткенiмен, екiншiсiне жетпейтiн бедерлер осы айшыққа


 


шоғырланған. Олай болса, оған қара да, кереғарлық ұғымын тани бер.


Кереғарлықты, алысқа бармай-ақ, мына бөлмеден де табасың. Бүгiнгi Башанның ымырашылдығы бәрiне куә. Басқаша жағдайда ол әкесi мен шешесi маңдай терiмен тапқан адал ақшаны арамның қолына тигiзуге құлшынбас едi. Қадiр мен қасиеттi қорқақтыққа жеңдiрмей, керiсiнше жiгерiн жанып, жалынын жағып өре түрегелген болар- ды. Амал қанша, тайғанақтық тағынан құлатқанда тайқып шыққан көкпар көңiл күйрегiн жайып күтiрлеп қоя бердi. Сонысымен де әлсiздiң күштi алдындағы басыбайлылығын, күштi тұрғанда әлсiздiктiң де жүретiнiн дәлелдеп үлгердi.


Бiрте-бiрте өшпендiлiктiң оты тұтанғанын сездi, Едiл. Шериф, ол сияқты мыңдаған оңы мен солы келiскен жандарға деген ыза бойына сiңiп, қалш-қалш еткен дененi одан әрi шиыршық атқызып жiбергендей.



  • Тоғышарлар! – дедi жасөспiрiм тiс арасынан сыздықтата. Шамасының бар келгенi сол ғана.


***


Өз-өзiмен арпалысу үстiнде кеш ұйықтағанымен әдеттенген мезгiлде оянған Едiл көрпе астынан шығуға асыға қоймады. Дел-сал денесi әлi де жата тұруға тартып, дамылға шақырғандай. Көзiне ұйқы тығылып, тұңғиыққа сүңгiп кетуге ынтығады.


Ол осы күйде бiршама бөгелдi. Бiр уыс болып бүрiсiп, басын қымтап та алды. Жата берсе, жата берсе. Тiптi, дәл бүгiн тұрмаса. Сонда қым-қуат тiрлiк шырмауы өз- өзiнен ағытылып, бостандық әлемi қанатын жайып шыға келетiндей. Ой-сана бостандығы, жадағай тiршiлiк қамытын түсiрген қаймана бостандық. Дүние тынысын сезбесе, қам- қарекет қамын түйсiнбесе. Өлiп-өшер өлермендiк дәл осы арада алымын алып, адуынын басар едi де, бипаздық сал-


 


танат құрары сөзсiз-дi. Ондайға жеткен бар, жетпеген бар. Бiрақ жеткендi көрген емес, ал жетпегендер жыртылып айы- рылады. Күнделiктi кездесуге жазған пенделер соңғы пайым соңында салпақтағандар. Соның бiрi – өзi. Он жетi-ақ жа- ста. Дегенмен сол он жетi жылдың одыраңын көзбен көрiп, көңiлге түйген тiршiлiк иесi. Үстiрт қарасаң қиындықтың қыл көпiрiн онша сезiнбеген де сияқты. Сөйтсе де жүрек түбiне байланған шешуi жоқ жұмбақ түйiн адымды аштырмайды- ау, аштырмайды. Шемен болып қатып қалғандай. Ерiмек тұрмақ, тоңның бетiн жiбiтпей тоң-торыс жатқан пәлекет бәтуәсiздiктiң ызғарын жаймалап, беттен қаға бередi. Осы- дан ыққан түйсiк ықты-жарын жиып, төменшiктеуге жақ. Неге өйтедi? Бiлмейдi. Бәлкiм, iшi сезер де. Әйткенмен жариялауға болмайтын бiр жаңғырықтың бұғып жатқаны айдан анық. Күндердiң күнiнде оның да орын табуы мүмкiн құбылыс. Сонда бәрiн ақтарып тастайтыны хақ. Оғандағы уақыт керек, оған дейiн қауқар бер.


Қайраққа жаныған асыл темiрдей көз қарықтыру, әрине, екiнiң бiрiнiң қолынан келмес. Сөйтсе де қадалғанды қақ айырып, кезенгендi қаққа бөлу үшiн де жiгер керек екен. Ол үшiн өзiңдi-өзiң шарыққа сал. Түрпiдей тигеннен кiрпiдей жиырылма, керiсiнше кiрiк, кiрiк те қиып түсуге әдет ал. Мұны әуелгi айтқан Серiкбай шал. Сол қарт адамның пайымына имандай сенсе, шал парқын түсiну үшiн әлi шарқ ұратыны ақиқат…


Серiкбай жарбиған кәдiмгi пенде болатын. Ешкiмнен айырмасы шамалы. Күзетшi. Бiр iзбен жұмысына келедi, бiр iзбен қайтады. Бiреуге дауыс көтергенiн, әлдекiмге ғайбат сөйлегенiн естiген адам жоқтың қасы. Қашан көрсең өзiмен-өзi болып жүргенi. Аралайды ауланы, қуыс-қуысты адақтайды, орынсыз жатқан дүниенi орны- на жеткiзедi, сосын арнаулы бөлмесiне кiрiп алып, газет қарайды. Жұмысқа әр шыққандағы әдетi осы.


Бала мен баба ойда-жоқта танысты. Орашолақтықтан оймақтайға сүрiнiп, тiзесiн жаралап алған баланы Секең


 


дәрiгерге ала жүгiрмедi, бөлмесiне жеткiзiп, о жер, бұ жерiн алақанымен сипап байқаған соң:



  • Етi ауырып қалған, ештеңе етпейдi, – дедi де сәкiде тұрған йодтан жағып, жараны дәкемен байлап тастады. Онымен де тұрмады:

  • Алмағайыптың арашашысы өзiңсiң. Бiр жаратқанның барына сен, содан кейiн өзiңе ғана жүгiн. Шеттен көмек күтсең кешiгесiң, ол уақытында жетпесе өшiгесiң, сөйтiп өндiршектiктiң есiгiн ашып аласың. Бар пәле содан, – деп және бiр қайырып қойды. “Әй”, “Өй”, “Өйт, бүйттiң” неше атасын естiп жүрген бала шал жұмбағын санасына жеткiзе алмай көзiн жыпылықтатты.


Кейiннен томпаңдап соңынан қалмайтынды шығарды. Секең де перiште жан ғой, ермек тапқанына мәз. Ерiнбей-жалықпай       Едiлмен       сырласады.      Кәдiмгi тұстасындай iшiндегi барлы-жоғын ақтарып тастап, айдың-күннiң аманында жау бетiн қайырғандай аһылап отырғаны. Кей-кейде кемпiрi келедi алқынып, болды- рып. Ондайда құнжың-құнжың қаққан қарт түрленiп кетедi. Бәйбiшесiне қыр көрсеткендей төгедi дейсiң не түрлi оқиғаларды. Түрлентiп-түрлентiп айтқанда Едiл түгiлi еңкiш тартқан кемпiр де аузын ашып тыңдайды. Әр ақтарғанынан, тоқыр сана табылса, сөздiң мәйегi, ойдың


тұнығы қотарылады. Тек түйсiн, тек қабылдай бiл.


Сөзiне салсаң Секеңнiң көргенi көп, түйгенi мол. Белгiсiз соғысытың бел ортасында да жүрген. Кон- цлагер, немiстердiң ылаңы сындырмаған. Ендеше, жаратқан адамды жаратқанда не түрлi сынақты ойлап қойған. Одан сүрiнбей шыққандар ғана адам деген атқа лайық. Мойыдың ба – пендесiң. Ал, пенделiктi еншiлегендер перiште көңiлдi перiге жығып беруге әуес. Олардың дiттегенi – тiршiлiктi жын-ойнаққа ай- налдыру. Әлiң жетсе дәл осыған қалқан бол. Сонда жұмақ пен тозақ арасы алшақтап, ақ пен қараның орта- сына сына қағылады.


 


Ғажабы да сол – бәрiн айтатын аңқылдаған шал өз кiндiгiнен шыққан баласы тұрғысында жақ ашпай өттi. Олардың бары да, жоғы да беймәлiм қалуының сыры осында. Мұндайға кемпiр бағұс та аттап басқан емес. Қыңқыл шыққанда қыңырлай берер кейуана қоңыр әуеннiң киесiнен қорыққандай күрсiнiсiн жиiлетiп, күйбеңдейдi де қалады.


Дүниеден озғанда екеуiн жерлеген балалар үйiнiң адам- дары. Жоқтан бар жасаған ұжым соңғы парызын өтеген соң оларды ұмытты десе де болғандай. Қазiр Секеңдi ауызға алар бiр пенде табылмайтыны ақиқат. Қарт тек Едiл көңiлiнде өшпеген. Шөкiмдейге шоқыдай мән берiп, түймедейге түйедей леп салу – Серiкбай шал тәлiмiнiң таралғысы.


Әйтпесе… Басқаша жағдайда өзге талғамның өндiрiне жабысуы мүмкiн-дi. Қаталдықтың қабырғасын қақыратып, қаралықтың қайысын шандуға шақ қалған.


Балалар үйiмен қоңсы қонған спорттық ғимарат бар- ды. Қоршалған тас дуалдың тесiгiнен өтсең әлгiнiң есiгiне бетпе-бет келесiң. Бiрде, қызығушылық   жеңiп,   сон- да барсын. Ешкiмнен сұранбай, не айтпай ұры тесiктен шығып кеткен. Сәл ашық қақпа саңылауынан сығаласа алқын-жұлқын қимылдағандар ырс-ырс етiп, төбеге iлiнген қапшықты ұрғылап жатыр екен. Соққылары күрзi, жиырылып-созылған бұлшық еттер керемет. Әлде балаға солай көрiндi ме, әйтеуiр, мұнда бiрыңғай Шварцнегерлер бас қосқандай әсерге бөленгенi даусыз. Тер шалған дене- лер күн сәулесiне шағылысып жылт-жылт етедi.


Ұзақ қарады. Осы уақыт аралығында аузын ашқан күйi орнынан тапжылмады десе де болғандай.


Арада қанша өткенi белгiсiз, әлдекiмнiң:



  • Балақан, не, ұнай ма? – деген дауысынан селк еткен Едiл сұрақ берушiнiң кiм екенiн айырмастан басын изедi.

  • Онда неге саңылаудан сығалайсың, iшке өтпейсiң бе? Өттi. Кiлең шиыршық атқандар мән беретiн емес.

  • Күшiңдi байқап көргiң келе ме?


 


Қандай жауап қайырарын бiлмей абдыраған балаға бейтаныстың өзi көмек қолын созды.



  • Жiгiт адамға жiгерлiлiк қана жарасқан. Мә, мына қолғапты ки де, бiраз төмпеште, қарымыңды байқайық.


Имене тұрып ұсынғанды алды. Батылсыздау басып аспалы қапшыққа жақындады. Одан әрi не iстерге бiлмей абдырап қалғанында демеуiшi тағы дем бердi.



  • Кәне ендi бiр қимылдап бер!


Қапты былш еткiздi. Мына сұмдықты қараңыз – өзгелер ойнақшытып жiберетiн пәлекет мiз бағар емес. Намыстанып қайта ұрды. Сәл тербелген сияқты. Едiлдi ашу кернедi. Ол ендi шындап төмпештей бастады. Қолын әр сiлтегенде тiстенiп алады. Ерiнi ауырғандай. Бiрақ, оған мән берер бала байқалмайды. Көзiне тер құйылған күйi бiраз қимылдады. Ыңқ-ыңқтың үстiнде аңғарғаны: ұрғанның үстiне ұра түссең iш босайды екен. Ыза ыдырап, әлденеге арналған өштiк өндiршектiгiн үзе, өмiлдiрiгiн жиған секiлдi. Ғаламаты да сонда, салмақсызданған дене жеп-жеңiл. Қайта туғандайсың.


Тоқтатқан тағы бейтаныс.



  • Болды. Бүгiнге осы да жетедi, – дедi ол арқасынан қағып.


Батпандай қолғапты шешпей сәл бөгелдi.



  • Ұнай ма? – деп сүрады спорттық киiм киген жан.


Бала қандай жауап қайырарын бiлмей көзiн жыпылықтатқан едi, демеп жiберген тағы сол.



  • Ұнаса келiп тұр.

  • Жарайды.


Бұл сөздiң аузынан қалай шығып кеткенiн аңғармаған Едiл қызарақтай қалғанда үлкен кiсi жымиды.



  • Айналайын, бiздiң есiгiмiз келем деушiлерге әрқашан ашық. Тек ынта болсын, пейiлге жүгiн.

  • Рахмет!


Бойы үйрене бастағандықтан ба, жауаптасудан ендi қашпады.


 



  • Тұрағың қайда, iнiшек?

  • “Мейiрiм” үйiненмiн.

  • Е, көршi екенбiз ғой! Онда тiптен жақсы, алыстан ат арытпайсың. Атың кiм?

  • Едiл.

  • Ал мен Жеңiсбек деген ағаң боламын. Осында жаттықтырушымын. Қаласаң тәрбиешiлерiңе мен айтай- ын, тек сен жаттығудан қалмайтын бол, жәрай ма?

  • Жақсы!


Жеңiсбек ағай сөзiнде тұрып, Едiлдiң бокс секция- сына қатысуына тәрбиешiлерiнен рұхсат алды. Балалар үйiнiң директоры елге сыйлы азаматтың тiлегiн жықпай, келiскенiн бiлдiрдi. Содан берi бес жылдай уақыт өте шығыпты. Бiр шамада қол-аяғы шап-шағын боқмұрын бүгiнде бiлдей жiгiт. Кәсiптiк мектеп түлегi. Бұл орынға же- телеп әкелiп, кiргiзген де Жеңiсбек. Ол ерiнбей-жалықпай қалаға ат iзiн салып, сондағы танысы, осы мектептiң тәрбие жұмысына жауапты Алтай Қыдырәлiұлына жолықты да, бар мәселенi шешiп тастады. Шапқылап жүрiп үш мың теңге стипендия тағайындатқанын, бiрақ айтпады.


Сөйткен Едiл байғұстың жатысы мынау тырайып. Мұны естiсе Жеңiсбек ағасы не дер екен? “Сенген қойым сен болсаң күйсегенiңдi ұрайын” – деп шырт түкiрер ме, жоқ бармағын тiстер ме? Болмас. Тұрғаны жөн. Әуп!


***


Мезгiл қазанның қарашаға қарай ауған шамасы болса да ауадан ызғар қатты байқалмайды. Қоңыр жаздың ша- рапаты шығар ағаш жапырақтары сәл бозаң тартқанымен түсiн жоғалтпай, бұтақтардан ажырамаған қалпын сақтаған. Бiрлi-жарымды үзiлгенiнiң өзi сарыдан гөрi ашаңдықты алға тартып, әр-әр тұста табан астында жан- шылады. Әзiрге оны жинап жатқан да ешкiм жоқ. Соған қарағанда қала күзiнiң қауырт қарбаласы әлi алда сияқты.


 


Қарғалардың топтана бастағаны берiде ғана. Ертеңгiлiк пен кешкiлiкте қарқ-қарқ етiп әрлi-берлi айналған байғұстар күннiң соңғы шапағында сайрандап қалғысы келгендей қала үстiн азан-қазан етедi де, артын- ша оңтүстiкке қарай жөңкiлiп ала жөнеледi. Күндегiсi осы. Соңы көрiнбейтiн ұлы көш қатарын үзбейдi. Қайда барып, қайдан пана табатындары беймәлiм. Әйтеуiр, жарық түсiсiмен думанын қайта жалғастырады. Осын- шама қанаттылардың қай қуысқа сыйысып жатқандары жаратқанға ғана аян. Әйтпесе, тал түгiлi қылтанағы жоқ маңайдан мейiрiм iздеудiң өзi соқырдың шоқалағымен пара-пар дүние екенi бесенеден белгiлi. Мiне, қазiр де олар қарқылдауларын күшейтiп, керi оралып жатыр. Ұзын-қарасы есепсiз. Несiбесiнен құр қалардай далп- далп етiп, әлдеқайда асыққан беттерi бар.


Күз қабағының ашаңдығына сенiп сыртқа желтең шыққан Едiл айналым соңынан айналым қалдырғанымен терлей алмай, ендi бусанып келе жатқанында қарғалардың саңғуынан қаймығып спорт залына жеткенде төрт көз түгел жиналып, боксшылар дайындыққа кiрiсiп кетiптi. Өзi де қарап қалмай, көлеңкесiмен ұрысты бастай берген едi, жаттықтырушысы иығынан қақты.



  • Жағдайың болмай жүр ме, өңiң келiспей тұр ғой?

  • Жоға-а… Бәрi көңiлдегiдей, – дедi Едiл сәл ыңғайсыздана.

  • Қайдам. Көзiң қызарып, әрi домбығып кеткен секiлдi…

  • Жайсыздау ұйықтап едiм, бәлкiм содан шығар.

  • Жарайды, оныңа да сенейiк. Дегенмен байқа, бабыңды жоғалтып алма. Алда үлкен жарыс бар. Амандық болса, сонда бақ сынаймыз. Түсiндiң бе?

  • Әлбетте, Алтай аға!

  • Бүгiн түскiсiн жолдас балаңды ертiп, бiздiкiне кел. Ас үстiнде отырып, кең сөйлесейiк.

  • Жақсы, аға!


 


Деуiн дегенiмен “жолдас бала” тоқтамына ойланып қалғаны даусыз. Сонда ол кiм? Шыр етiп дүниеге келгелi “жолдас, дос” ұғымын жанына сiңдiрмегенi ақиқат. Бала- лар үйiнде қалыптасқан заң бойынша бiр-бiрiнiң мүддесiн қорғайтын топ қана болды. Ондағылар құрамдастарын өзге бiреулердiң тәжiкесiне бермеуге ғана тырысатын. Бiрақ, iшiн ақтарып, барлы-жоғын қотарып тастауға бiрiне екiншiсi сенбейдi-ақ. Екiншiсi бәрiн сыртқа жайып тастардай қорғаншақтап, соның арқасында шәт-шәлекей борып жүргенi. Бары сол ғана. Олай болса, кiмдi ертiп алып бармақ, жаттықтырушы үйiне?


Он ойланып, жүз толғанғанда тапқаны Башан. Бетiнде секпiл iзi қалған, күлсе жайылып күле алатын, аузын ашса көмекейi көрiнетiн домаланған бала, неге екенi белгiсiз, көңiлiн аударғаны талассыз. Өзгелердей тымыраю оның бойына жат қылық. Не айтса ойындағысын жасырмай айта алады. “Мынау ұят, мынаны сәл кейiнге ысыра тұрайыншы”, – деп екшеу жоқ мұндайда. Даңғыр-дұңғыр етедi, дар-дар айырып тастайды. Дәл Серiкбай шал тiлге тиек ететiн болмыс Башан бойында жинақталған сияқты. Ендеше, тоқтам Башанда.


“Қалалық сана – табиғи түзiлiмiн жасырып, жасандылыққа бой ұрса, нағыз шынайы болмыс ауыл адамдарына тән. Олай болса, қазақ табиғатын ұғынғың келсе ауылға бар”, – деп отыратын жарықтық. Онымен де қоймайтын, байқаусызда Едiлге көзiн қысып, кемпiрiне әзiл лақтырып тастайтын:



  • Елуден асқан шамада жас кезiңде қыз шымшыған тұсыңның өзi белгi бередi дейтiн үлкендер, дәл мына жерiмның шаншып кеткенiн қарашы…


Мұндайда кемпiр де қарап қалмайды:



  • Ал ұл жұғысқан жер қандай болады дейдi? Оны айтпаған ба? – деп шаншуға шаншу қосады.

  • Е, ұлдыкi ме? Ол үлпершегiң үзiлгенше үлпiлдейдi де тұрады. Соны да бiлмегенiң бе…


 



  • Еркектi еңкейтпесейшi, әйтеуiр.

  • Еркек еңкiш тартса екiндiнiң етек жайғаны. Құдай со- дан сақтасын!

  • Иә-иә, ер-азаматтың амандығын бергей! Олар барда бiз қалтылдаудан аулақпыз.


Сол екi кейуана бақилық болғанда Едiл тұлдыр жетiмдiктiң қамытын ендi кигендей шын тарыққан. Жа- сырып тәттi әкелiп, оны шалынан тығып ұсынып жата- тын кемпiрдiң қылықтары әлi көз алдында. Мұндайда Қалампыр әже сәбиден де қорғаншақ болып кетушi едi. Ұрлығы ашылып қалардай шыж-быж етiп жүретiн. Ал, Секең бәрiн көрсе де көрмегендей кейiп таныта- ды. Бәлкiм, кемпiрiнiң риясыз көңiлiне қаяу түсiргiсi келмегенi, бәлкiм, қарттық ермектiң алданышын талғажу еткенi, әйтеуiр өз-өзiнен мырс-мырс күлiп отырғанын байқайсың. Бұл ертең де, одан арғы күндерi де жалғаса беретiн қарекет. Бiрақ, жалығатын ешкiм болмайды. Қарттар өз қамдарына өздерi алданса, бала көңiл мейiрiм шуағына шомылып, асып-тасып жүргенi.


Дәл сол кейуаналардан кейiнгi көңiлi құлаған Башан болса оған не айып? Ендеше, тәуекел түбi – жел қайық, дейдi де…


Осы оймен бөлмесiне оралғанда тырайып-тырай- ып жатқандардың үстiнен түстi.



  • Башан, тұр! Кетемiз.


Әуелгiде шошына жастықтан басын жұлып алған Ба- шан Едiлдi көргенде көңiлiн басып, керенау есiнедi.



  • Демалыста да ұйқы бермегенiң бе?.. Қайда?..

  • Оны барған соң көресiң.

  • Әй-әй, ойнама…

  • Сенiмен ойнағым келiп тұрған жоқ.

  • Ендеше жөнiңдi айт?

  • Соңынан бiлесiң дедiм ғой.

  • Ертерек бiлсем атымнан ауып қалам ба?

  • Керуеттен ауатыныңа мен кепiл.


 


Екеудiң тәжiкесiнен оянған әлдекiм жаратпағандай ыңыранып, терiс айналып жастықты құлағына басты.



  • Әй, өлтiрсең айтып өлтiрсеңшi?.. – дедi осы кезде Ба- шан көзiн жыпылықтатып.

  • Қасапханаға шақырып тұрмағаным анық қой. Несiне шыж-быж боласың? Алтай ағайдың үйiне барамыз.

  • Қыдырәлiұлының үйiне ме?

  • Тап сонда.

  • Онда құп, тақсыр, құп!


Тез-тез киiнген Башан бетiн жуар-жумастан қасында қаздиып тұрған едi. Екеуi уақыттың ертелiгiне қарамастан сыртқа беттедi.


 


***


Күн неғұрлым көтерiлген сайын айнала керiмдiкке кенелiп, кербез келiншектей керенаулықтың кiреукесiн жайған да қойған. Көшеде абыр-сабыр жүрiс жоқ. Дема- лыс қарсаңында кеш жатып, кеш тұруға дағдыланған қала халқы ендi-ендi ұйқысынан оянып, марғаулықтың мамырын баса алмаған қалпында үйлерiнде ұйлығысып қалғандай. Асай-мұсайын дайындап алып саяжайларға асыққан кемпiр- семпiр, егде тартқан адамдар ғана аялдамаларда алаңдаулы. Бiрақ бұл көрiнiс те ұзаққа созылмайды, дыр-дыр етiп көлiк жеткенде үпiр-шүпiр топ жұтылып, оның орнын басар- лар үздiк-создық шашырандыны еске салады. Қандай ша- шыранды дейсiз ғой – сонау көктемнен қара суық ұрғанға дейiн саяжайларға баратындар кiлең жасамыстар. Бiрi ыңқылдап, ендi бiреулерi шоқаңдап, тағы бiрлерi кежегесi керi тартқанымен өзiн-өзi күштей сүйрелеп, күңкiлге күңкiл қосқандар. Соған қарағанда тамақ қамын ойлау жастықтың жағажайына соқпай, қарттықтың қазандығына түсiп кеткен секiлдi. Мейлi, қайнай берсiн, уақыт өте арғылар көшiп, бергiлердiң нәсiп етерi сол қазандық қой. Ендеше, сарқылын сарықпайтыны хақ. Өйткенi өмiр үйретсе, үйретiндiнiң таба-


 


тын үйiрi бiреу-ақ – ол бағыныштылық. Уақыт үндестiгiнен асар пенде әлi табылмаған, табылуы және неғайбыл. Олай болса, бағыныштылықтың басыбайлылығын осы тұстан iздеген ләзiм.


Өтпелiнiң өндiршек келуi де табиғи болмыс түзiлiмiнiң сақталуынан. Мысалға: көктемдi жаз ауыстырса, оның iзiн күз басуға ентелейдi. Жай ентелесе бiр жөн ғой, қыстың қатаңдығын жеткiзуге жанталасады. Балағын түрiнiп, етек-жеңiн жинақы ұстайтыны содан. Тiптi, қусырылып, қуығын жел қағар қуындысын қотара келетiнiн қайтерсiң. Мұндайда қоңырдың қоймалжыңға айналып шыға беретiнi белгiлi жай. Сөйте тұра күзсiз табиғаттың бағы ашылмаған. Тоңдының тобаға жығатыны содан.


Бiрақ биылғы күз жерге тоң силар райдан ада. Аспанға бұлт үйiрiлмегенiне бiршама. Қытымырлығын соңына сақтап, қызығын ғана қылтитып, қытыққа шақырған кәрi қыздай ашаңданып алған күн ойхой жалғанды омыраула- тып барып өндiршегiн үзбекке ниет еткендей. Бозала таңнан бозамыққа шейiн жылымығын жоғалтпай, түн баласының өзiнде ызғарға ырық бермей тұрған күйi осыны аңғартады. Бүгiн де күн көтерiлген сайын ауаға тараған жылы леп- тен айнала бусана бастапты. Анда-санда әлдеқайдан аңқ еткен жел үй-үйдiң арасына сiңiскен сайын сiңiрiн со- зып, сiлiкпесiн жоғалтады. Сәл тербелiске ұрынған тал жапырақтарының сыбдыр етiп барып сiлесi қататыны,


одан әрi тыпыр етпей қалатыны тымықтықтан.



  • Күз түстi дегенге сенбейсiң-ақ, – деп қалды Башан көше бойын жағалар тротуарға шыққанда костюмiн қарына iле.

  • Асықпасаң қысқа да iлiгерсiң.

  • Асық-асықпа, табиғат өз жүрiсiнен жаңылмайтынын сенсiз де бiлемiн. Тек, осындайда қаланың қалың қамалына қамалып қалғаныма өкiнемiн. Шiркiн, қазiр бiр төбенiң басына шығып алып, отырсаң ғой ойға шомып!

  • Пай-пай-ой…


 



  • Кекетпей-ақ қой, Едiл дос. Елде жүргенде сөйтетiнмiн. Сабақтан қайтқан шамада өзгелердей үйге асықпай, бiраз серуен құратынмын. Кей-кейде жынды адамдай сенделiп жүре бергеннiң өзi жаныңды жаңартады.

  • Мынауың қияли адамның қарекетi ғой…

  • Қиялилық неден туындайды? Ойдан. Ой болмаса одыраңыңнан опа жоқ. Ендеше, қиялдағанға күле қарама.

  • Сонда табатының не?

  • Мен бос жүрмеймiн ғой. Табу үшiн жүремiн. Табамын да. Бiле-бiлсең табиғаттың үйретерi көп. Тек санаңа тоқи бiл.

  • Ненi әкетай-ау?

  • Бәрiн. Ол не айтса ұғынуға тырыс. Ештеңенi қалыс қалдырма. Мысалға, бұлаққа үңiлiп көрдiң бе? Сылдырап ағып жатқан су ненi меңзейдi? Өткiншi дүниенiң өкiнiшiн сезбес үшiн өндiршектеуге үйрен, дейдi. Нанбасаң ағындыға үңiлiп көр. Үстiрттiкте бәрi қалыпша секiлдi. Шын мәнiнде, сен алғаш көз салған толқын ұзап кеттi ғой. Сен басқа жыбырға алданып отырсың. Солай емес пе?

  • Ендi ағып жатқанның өз заңдылығы бар екенi дау ту- дырмас…

  • Бiзде бiр жалаң ой қалыптасқан – дүниенi жанды мен жансызға теңеуге әуеспiз. Бұл қате пiкiр. Менiмше тау да, су да, жұлдыз бен ай да тiрi түзiлiмдер. Тiрi бол- маса тау өспес едi, су ақпас едi. Жұлдыз бен айдың ай- налыс шеңберiнде сандалуы да жандылықтың белгiсi. Ендеше, табиғат пен кеңiстiк өз үндестiгiн тапқан тiрi дүниелер. Сондықтан оларға жай ғана қызықпай, бәрiне түсiнiстiкпен қарау керек.


Едiл шыдамады, Башанды қолынан тартып тоқтатты да, бетiне бажырая қарады.



  • Осының бәрiн айтып келе жатқан сен бе, басқа ма?

  • Көзiң құмалақ болмаса мен екенiмдi көрiп тұрсың ғой.

  • Сен… сен маған ұнай бастадың!

  • Қылмиған қыздарды ұнатарсың. Ал, маған силасып жүрсек сол да жетедi.


 


Осы арада Едiл үлкен жаңалық ашқандай болды. Адам мен адам шын iзденсе түсiнiсе алады екен. Ол үшiн бiр- бiрiмен ашыла сөйлесуi керек. Ой арнасы тоғысса, пiкiр ағымы үйлессе көңiл де қоламтаға тұншықпай, өз отын жаға бiледi. Ал, от жанса оның қызуына жылынуға мұрсат бар.



  • Сен түнде мүлдем басқаша сайраған едiң… – дедi жөппелдемеде аузына сөз түспей.

  • Бұзақылар кеткен соң ба? – Башан таңдайын тақ еткiздi, – Е, оларда құлақ түгiлi құлық та жоқ екенiн сездiм. Сездiм де құтылуға асықтым. Бiз әлi жаспыз ғой. Есейемiз. Өз орнымызды табамыз. Мiне, сонда сөйлесуге мұрсат та, мұрындық та болады. Тек соған тезiрек жетсек екен!


Қараторы өңi сәл қызара түскен Башан өз қиялына өзi иланған қалпында ауызын аша аңыра бердi. Мұндайда қалыңдау бiткен астыңғы ерiнi салбырап, қысыңқы көздерiне жылтыл қонақтай қалады екен. Жәй жылтыл емес, жалыны бар, керек кезiнде қадалғанын жылыта да бiлетiн жайлы жылтыл.


“Мiне, саған керемет, керек болса!” – деп қойды iшiнен Едiл қылп етiп. Ол бұрындары есеюге асығып, үлкендерше ой түюге ұмтылатын өзiм ғана деп ұғатын. Ешкiмге ашыл- маса да тұстастарынан өзiн биiк қоюға дағдыланып та алған. Сөйтсе, жарық есiгiн ашқан әр пенде баласы ойлау шеңберiн бағамына қарай құрып, соның төңiрегiне түзiлiм жасауға әрекеттенедi екен. Басқаға ұқсамайтын, қам-қарекетi мүлдем бөлек, дегенмен ортақ соқпақтың бiр тармағынан тарайтын түзiлiм. Оның қалтарыс-қалқасында адами қарым-қатынастағы ұшырасулар болып та жатар, сөйтсе де бiтiм мен пiшiм арақашықтығы көзге ұрып тұратыны және даусыз. Бiр адам мен екiншi адамның ұқсастығын қаншама мойындағаныңмен олардың айырмашылығын дәл табатының осы қасиетiнен болса керек.


Едiл Башанға ұрлана қайта көз салды. Анау өзгермептi. Өз ойының шырынына тамсанған сабазың тәттiсiн жоғалтып


 


алмауға тырысқандай өзiмен-өзi келедi. Тоқкөңiл. Дүниенi сапырып-сапырып жiберiп, қоюын ыдысына қотарып алғандай қанағатқа қазық қаққан қалпында қаздаң-қаздаң етедi. Айналадағы өлi-тiрi дүниеден бейқам жүрiс. Ғажап! Сонда күнұзынғы әңгiмелескен адамы басқа жан болғаны ма? Жан-жағына алақтай қаранды. Қатар түзеген екеуi ғана. Ендеше, тiлдескенi – Башан. Оған ешқашан шәк келтiрмегенi абзал. Мұндай да ғажап болады екен-ау, ә?!


Орталықтағы үлкен дүкеннiң бұрышын айнала бер- генде екеуi қалт тұра қалысты. Сонадайдан түндегi таныс бейнелердi көздерi шалған. Аналар да қырағы екен, өзара ұйлығысып, сәл кiдiрiс жасаған соң үздiк-создық бұларға қарай беттестi. Ауыздарына сағыз салып алған ба, күйсеген сиырдай малжаң-малжаң шайнасқандарын   мәртебе көре аяқтарын алшаң басады. Құтты, мына маңайдың құдыретiндей кердең. Араларында секиген қыз да бар.



  • Шаң-шұң туса маған алаңдамай жатақханаға тарт!



  • деп ескерттi Едiл жанарын топтан алмаған күйде. Өзi әлденеге бекiнгендей жұдырығын түйiп, ширатыла қалған.

    • Ал, сен ше?

    • Менде жұмысың болмасын. Ешкiмге есемдi жiбермеспiн!

    • Жолдасын жауға қалдыратын мен де ез емеспiн. Азар болса таяқты бiрге жермiз…




Башан тағы таңдандырды. Жайшылықтағы босбелбеу тiршiлiк иесiн әлдеқандай күш ауыстырып қойғандай. Дәл қазiр Едiл жанында жауса жау алатын, түйiлсе түйiлуге бар тұлға тұр. Бұған арқаланбағанда қайда арқаланарсың. Тапырақтап жеткендер талтайып-талтайып тұрысты.


Малжаң тасасында ерiнге жымысқы күлкi үйiрiлген.



  • Охо-о-о, сендермен дәл бұлайша кездесемiн деп ойламаған едiм, – дедi алғаш тiлге келген Шериф қолындағы әлденендей дүниенi ойнатқан қалпында дау- ысын әндете созып.

  • Дегенмен кездестiк.


 



  • Дәл солай!

  • Иә, қайда бағыт алдыңдар?

  • Жүрген-тұрғаным үшiн ешкiмге есеп берiп әдеттенген емеспiн.

  • Мұның құптарлық қасиет. Сөйтсе де жөн сұрасқанның ешқандай айыбы болмас… Солай ма?

  • Алтай Қыдырәлiұлы үйiне шақырған, – деп қалды осы кезде Башан тек тұрмай.

  • Е-е, боксшымыз деңдер…


Жауаптасу осымен тынды. Тәртiп бойынша ендi шабу- ыл басталмақ. Бiрақ қай тұстан? Шериф жайбарақат. Оң қанатты көтерген сида қара түндегi соққыдан жасып қалған ба, өзiмен-өзi. Мүмкiн сол жақтағы дембелше делеңдер?.. Райы байқалмайды. Соған қарағанда шоштаңға жоқ, қыза келе қырып ала жөнелер дүлей сияқты.


Белгiсiздiк бiршамаға созылды. Бiр жақ бел алып қыдыңдамаған соң екiншi жақ та тоң-торыс күйiн жоғалтпастан, сабырға салмақ салып тұрып алды. Ақыры бәрi осымен тынып, топ арасында жүрген жалғыз қыз түйiлген екеуге беттедi.



  • Сен туралы естiдiм, – дедi ол жiгiттi ұры көздерiмен тiнте айналып шығып, – Дегенмен дәл осындай деп ойламаған едiм…


Iшiн қызғаныш қарыды ма, осы кезде Шериф тек тұрмады:



  • Қандай екен? – деп қалды.

  • Қасында ұялмай жүруге болады.

  • Онда сен қал, бiз кеттiк!


Қалғандары ұзай бергенде қыз бұрылып та қарамады.


Соған салсаң өзiнше дербес, өзiнше тәкаппар.



  • Таныс болалық, жiгiт? – дедi ол ештеңеден қыңбаған қалпын сақтай, қолын ұсынып.


Топтан көзiн алмаған Едiл:



  • Едiл, – деп абыржи күмiлжiген едi, қыз мырс еттi:

  • Сен басқамен емес менiмен танысып тұрсың, жiгiтiм!


 



  • Ә-ә… кешiрiңiз… Едiл

  • Сәуле.


Алақаны мап-майда. Сүйрiк саусақтары өн-бойына бұрын сезiнбеген жылылық құяды. Анықтап көз жiбердi. Ашық өңдi, әдемi қыз екен. Қап-қара, үп-үлкен көздерiнде жаныңды желiктiрер ұшқын бар. Ол жалт-жұлт етiп дегбiрiңдi қашырғандай. Оймақтай ерiндер сәл ашыла қалған сәтiнде алаңғасарлықтың ауанын жайғанымен, иiрiмге түсiрiп, үйiрiп әкетуге ыңғай танытады. Дәл осы ерiннен сүйсең ғұмыр бойы тоят таппасың анық. Сөйте тұра езудегi жымиыс табынан қорғансыздықтың көлеңкесi көлеңдейдi. Тым үркек, тым әйеншек. “Әй” десең атқақтай жөнелер әуселе басым.



  • Сұқ көзден қорқамын, – дедi Сәуле Едiлдiң тiмiскiленiп кеткенiн жаратпағандай.

  • Ә, иә… мен…


Әлгiнде ғана тас-түйiн тұрған бозбаланың дегбiрсiздене қалғанын қызықтаған Сәуле күлiп жiбердi.



  • Батыл ма десем босбелбеулiгiң де бар екен ғой…

  • Кешiр. Мен…

  • Әйтсе де танысқаныма қуаныштымын.

  • Мен де.

  • Олай болса кездесiп тұралық. Келiстiк пе?

  • Әлбетте!

  • Бопты. Онда мен өз тобымнан қалмайын. Көрiскенше!

  • Көрiскенше!


Сәуле былқ-сылқ басып ұзай бергенде Башан жеңiнен тартты.



  • Әй, сен есiңнен ауып қалған сияқтысың…


Едiл жауап қатпаған едi серiгi алақанын уқалады.



  • Сөйтсе де аналардың бетiн бiр қайырдық. Дүңк- дүңк еткенге өздерiн дөкей санасам, шайпау қатын шаңытпасынан аспаған бiреулер екен ғой…


Бiрақ бұл сөз де аяқсыз қалды. Едiл өзгеше әлемнiң есгiн қағып тұрған-ды.


 


***


Оқыстан туған сезiмнiң одыраңы тегеурiндi ме, Едiл кешке шейiн жанын қоярға жер таппады. Үй-күйiмен та- ныстыруды ойлаған жаттықтырушы ниетiне жөнi түзу алғысын жеткiзе алмағаны содан.


Оны-мұныны сөз етiп, әңгiмеге шақырған Башанға ыңғай танытпастан оңашалыққа асығып, өзiмен-өзi қалуды ниет еткенде ой дүниесiнiң қақпақылына ынтығып тұрғанын ол бiлмеген де. Керуетiне құлағанда ғана қаймана тiрлiктiң қалтарысында қайраңды қамшылатар қабыспалар боларын ұққандай көз талдырар нүкте тауып, қыбырсыз қалды.


Бұл не сонда, махаббат па? Перiште көңiлдiң перiге айналып шыға бергенiне қарағанда солай сияқты. Жан- жүрегi езiлiп Сәуленi iздейдi, сол қызға жолығуға алас ұрады. Жөн-жосық байыбына бармастан барымта басын- да байбалам салуға дайын. Ендеше, жұмбақ қызға құлай жығылғаны даусыз. Ендi жолына алаша болып төселсе ар- маны жоқ. Табанының табын сезiну де бақыт. Мұндай да керемет болады екен-ау.


Бұрындары, айналасындағы табысқандарға қарап ой- лайтын: түсiнiсу мен сүйiсудiң арасы тырнақ қырындай шығар деп, оған негiз де бар едi – ынтығып табысқандар екi-үш шөпiлден соң қайқаңдап екi бағытқа айырылысып жататын. Дәл осыған өкiне жер бауырлап түскендердi де көрмеген. Азар болса қыз байғұс көзiн сулайды, арты- нан жiгiт езуiндегi мысқылды көргенде мысық тiлеуiн мыңғыртып, басқа мизамның масатысында түрленуге түлеп шыға келедi. Сосын шеменге жетпеген шер бусанған көңiлмен шайылып, шұрқырасудың жаңа жолы ашылады… Сөйтсе… Сөйтсе оның бәрi адамшылықтың бүлкiлiнде бұйдаланған астамшылықтың асары екен. Шын сүю мен шын ынтығудың астарында опыр-топыр ой тұратынын бiрiншi рет сезiндi. Мына шамырқанысқа салсаң Сәулесiз


 


күн қараң, Сәулесiз болашақ тұл. Кереметтiң өзi сонда – қызды бiр ғана көруге бүкiл дүниенiң қызығы сыйыпты. Сықпытын көз қиығымен сипап өтсе аласұрған жаны ар- насына қайта түсердей. Бәлкiм, түспес те, дегенмен сезiм сергелдеңiн қайырары даусыз-ақ. Ал, оның артында тын- шу тұратыны өз-өзiнен белгiлi…


Балалық шағында жанына жақын тұтқан Серiкбай шалдың айтатыны бар-ды:



  • Күйректiк жiгiт адамға бiр ғана жерде жарасады: сезiм мен сүю алдындағы күйректiк кешiрiмдi күйректiк,



  • деп отыратын жарықтық.


Мұндайды Қалампыр жаратады. От тұтанған жанары- нан онысы анық байқалады. Сөйтсе де кемпiр:



  • Басқасы басқа, мұны балаға не үшiн айтып отырсың… – дейдi қысылыңқырап.

  • Неге айтпасқа! Бiз базардан қайтқандармыз. Едiл ендi беттеген өскiн. Ертең өседi. Өседi де бәрiн басынан кешiредi. Дәл сонда қиындыққа борып түспесi үшiн керек дүниелер. Әй-әй, әттең көрмеймiн-ау…


Борымаса да босбелбеулiк танытар дәл осы шағын көрмегенi аян. Дегенмен ауырда да, жеңiлде де жадында екенiн сезсе көрiнде бiр аунап түсер. Аунасын, жарықтық. Адам жалғанның жалқынында түйсiну үшiн, бәрiн бағамдау үшiн жанығатынға ұқсайды. Ал, жаныға алмаса айып кәне?.. Едiл         шыдамады,     қараңғылық             түсе,                ешкiмге байқатпастан көшеге шығып кеттi. Әрi кездi, берi кездi, болмаған соң күндiз көрген дүкен маңын торыды. Жападан-жалғыз, шалық шалғандай ортасынан не үшiн безгенiн түсiнбедi емес түсiндi. Тек, iздегенiн таппай, әрi- сәрi күйде сенделе берудi қалады. Табаны қызса таланы айырылардай үмiтке жол ашты. Онысы ақталды да. Бiр қалтарыста таныстау бiр үн: “Едiл…” – дедi құмығыңқы. Жан-жағынан сезiктене, аңдап басып беттесе, сида қара екен. Көпшiлiктен жасырынғандай қараңғы бұрышқа


тығыла түсiп, шам жарығындағы айналаны бақылап тұр.


 



  • Жүз теңгең бар ма? – дедi ол әй-шайға қарамастан.

  • Табылып қалар.

  • Бере тұршы…

  • Ол ненiң ақысы!

  • Құдай үшiн. Кейiннен екi есе етiп қайырамын.


Үнiнде жалыныш басым. Дауысында дiрiл бар. Дәл осы бетiнде аяғыңа жығылып түсуге дайын.


Едiлде шегiнер жер жоқ едi:



  • Мә, ал, – деп қалтасының бiр бұрышында жүрген жақында тиген стипендиясының тығындысын ананың қолына ұстата бердi.


Ақшаны қақшып алған сида қара “соңымнан ер” де- гендей басын иiп, бүкшеңдей алға озды. Сол бетiнде әлдеқандай подъездге сып етiп енiп, үшiншi қабаттағы темiр есiктi шартты белгiмен екi қайтара қақты. Есiк ашылғанда арғы да, бергi де жөн сұраспады, ұсынысқан қолдар айқаса қалып, артынан қайта айырылысқан күйi тарс жабылды. Бар болғаны сол ғана.


Қараңғы    подъезден   шыққанда    да    Едiл    сатыдан тосылыңқырай кейiндегенде, сида қара ойқастай оза жөнелдi. Соған қарағанда жолды жаттап алғанға ұқсайды. Екеуi көмескi жарығы бар бұрышқа жеткенде сида қара жүрелей отыра қалып бiр тал шылым шығарды. Оның темекiсiн уқалап түсiрiп, артынан шөмiштегiсiн арала- стырып, қайтадан толтырды. Содан кейiн оны тұтатып, жиi-жиi сора бастады. Қимылынан асығыстық байқалады.


Қолындағысын әлдебiреу тартып алардай қориды.


Осылай бiршама бүгежектеген сида қара әлдене ойына түскендей кенет тоқталып, шылымды бұған ұсына бердi.



  • Тартпаймын, – дедi Едiл бiрден бас тартып.

  • Ә-ә, спортшы екнсiң ғой…


Шаруасын тындырған соң да сида қара тұруға асықпады. Бойына шым-шымлап тараған рахаттан айы- рылып қалғысы келмегендей үн-түнсiз бiршама бөгелдi. Бәрi өз ықтиярымен тынғанда ғана:


 



  • Рахмет! – деп ризашылығын бiр ауыз сөзбен жеткiздi.

  • Менiкi жәй ғой, – дедi былай шыққанда, – Инеге отырғандардың жағдайы қиын.

  • Ондайларың көп пе?

  • Жыртылып айырылады.    Сенбейсiң    бе?    Жүр көрсетейiн. Ондай нүктелер басқа жерде.


Сида қараның құмығыңқы үнi ашылып, бәз-баяғы қалпына түскен. Жүрiсi де ширап алыпты.



  • Керегi жоқ, – дедi Едiл.

  • Керегi жоқ болса, табан тоздырмайық. Иә, ендi сенiң жағдайыңа оралайық. Түн қатып жүргенiң ненiң құрметi?

  • Таза ауа жұтқаным.

  • Таза ауа деймiсiң? Бары сол-ақ па?

  • Одан артық не керек…

  • Сұрайтының бар сияқты көрiнедi. Айналшықтап жүргенiң соны аңғартады. Ұялма, сұра. Мен қазiр жо- мартпын.


Едiл әңгiменi неден бастауды бiлмей аңырған едi, сида қара желi тартты.



  • Айтпақшыдай, танысып қоялық. Менiң есiмiмдi де бiле жүр – Мырзабек, былайша Минтай боламын.

  • Жақсы. Қуаныштымын танысқаныма.

  • Қуану, қуанбау сенiң проблемаң. Ал ендi бұйымтайыңды айт?

  • Сәуленi көптен бiлесiң бе? – дедi осы кезде Едiл ба- тылданып. Айтпайын-ақ деген, аузынан қалай шығып кеткенiн байқамады.

  • Бiлемiн. Бала кезден шығар.

  • Ол қандай қыз?

  • Кәдiмгiдей: шашы бар, басы бар, төсi бар…

  • Сенiң ойыңша жақсы ма, жаман ба, соны сұрап отыр- мын…

  • Тоқта! – Мырзабек жаңа көргендей Едiлге үңiлдi, – Сен не, ғашық болып қалғанбысың?

  • Онда шаруаң болмасын!


 



  • Сен… Сен ғашықсың! Бiрақ, байқа отпен ойнағың келген сияқты. Ол дегенiң… – Мырзабек бiреу естiп қалмасын дегендей жан-жағына алаңдай қаранды, – Ол дегенiң Шерифтiң нақсүйерi ғой. Ал, Шериф бұлтың- сылтыңды кешiрмейдi!

  • Нақсүйерi?!

  • Иә, маңына бiр адамды тақалтпайды.

  • Қыз ше?

  • Ол тағы не?

  • Қыз Шерифтi сүйе ме?

  • Оны мен қайдан бiлемiн. Iшiне кiрiп-шыққан жоқпын ғой. Сүйсе сүйетiн шығар, әйтеуiр мысықтай мияулап маңайынан шықпай жүредi


Мына сөздi естiгенде Едiлдiң жүрегi жұлқып-жұлқып қалды. Ол шап етiп Мырзабектiң жағасынан ұстай алып, бетiн-бетiне тақаған күйi:



  • Екiншiлей мұндайды маған естiртпе, бiлдiң бе! – дедi ысылдай.

  • Құп, тақсыр, құп!

  • Құбың өзiңе! Менi қызбен жолықтыр!

  • Қалай?

  • Жолын өзiң тап.

  • Шериф өлтiредi!

  • Оған бiлдiрме.

  • Қыз айтып қойса қайтемiн?

  • Айтпайды.

  • Сонда да… Досыңа қиянат жасау…

  • Бұл қиянатқа    жатпайды.    Еңбегiңдi    жемеймiн.


Сүмiрейiп бұрыш күзеткенiңнен сол пайдалы шығар.


Алқымдағы қол сәл босағанын пайдаланған сида қара оны керi ысыра, үстi-басын түзедi. Содан кейiн сәл ойла- нып тұрып:



  • Бұл проблеманы да шешуге болады, – дедi жым- ысқылана, – Сәуленiң телефонын берейiн. Қалғанын өз талайыңнан көр, келiстiк пе?


 



  • Бопты.

  • Болса бiзде аванс деген де бар.

  • Не үшiн?

  • Хабардың бармақ бастысы.

  • Солай ма едi…

  • Әрине солай.


Едiл тағы бiр жүздi алақанына қыстырғанда Мырзабек әкесi базардан келгендей қуанды.



  • Ендi бiр тартым, содан кейiн қатып ұйықтауға жол ашылады!


Ал, Едiлдiң миы әлi шиыршық атып тұрған. Ол теле- фон нөмiрiн ұмытып қалмауды ғана ойлады.


***


Дүкен әлi ашық. Келушiлер сирек. Iлуде бiреу бол- маса беймезгiл шамада кiм артық жүрiске әуес, аумағы әжептеуiр сату залында төрт-бес адам сұлбасы байқалады. Зерiккен сатушылардың бiрi отырып ойға шомса, ендi бiр-екеуi өзара әңгiмеге жол салған. Ара-арасында сүйрең соңы сыңғыр-сыңғыр күлкiге ұласады. Соған қарағанда өсек өрiм алғанға ұқсайды.


Едiл шеткергi сүт-iрiмшiк бөлiмiнiң сатушысынан қалам сұрады. Бетiне опа-далапты баттастырып жағып алған жасамыс әйел қолқасын қанағаттандырғанда әуелi алақанына жадында сақталған сандарды тiзбектедi, содан кейiн телефонды қайдан табуға болатынын пысықтады.



  • Он бес теңге төлесең сөйлесесiң, – дедi сатушы шар- шаңқы үнмен, – Сонау тұстағы конфет сататын бөлiмге бар. Қалтасының түбiн ақтарып он бес теңгелiк тиын ақша тапты. Телефонды да қолына алды. Бiрақ номердi теруге бат- пай бiраз бөгелдi. Ақыры “шешiнген судан тайынбастың” керiн киiп, қоңырау шалды. Бiр шыңыл, екi шыңыл, үш


шыңыл. Қайта терем бе деп ниеттенгенiнде арғы жақтан:



  • Ал-о, – деген дауыс естiлдi.


 


Жөппелдемеде аузына сөз түспей тығылыңқыраған едi, тұтқадағы дыбыс бастырмалата жөнелдi:



  • Әй, кiм болсаң да ерiкпесеңшi!

  • Сәуле керек едi… – дедi Едiл басыңқы.

  • Тыңдап тұрмын. Бұл кiм өзi?

  • Мен Едiлмiн.

  • Едiл?!


Сұрақ соңы таңырқауға ұласты да, артынан үн сап ти- ылды.



  • Сәуле тұтқаны тастамашы, өтiнемiн, – дедi бұл үнi дiрiлдей шығып, – Өзiңмен әңгiме бар едi…

  • Қайда тұрсың?

  • Дүкенде.

  • Онда не жоғалттың? Әңгiмең болса үйге келмеймiсiң?

  • Ыңғайсыз көрiндi. Оның үстiне мекен-жайыңды бiлмеймiн ғой…

  • Бiлмесең – бiл. Бейбiтшiлiк көшесi, 16 үй, 22 пәтер.


Ұқтың ба?



  • Ұқтым.

  • Ұқсаң подъезде күт.


Байланыс кiлт үзiлдi. Абдыраған Едiл тұтқаны орнына не қоярын, не қоймасын бiлмей дағдарды. Бәрiн жайлаған сатушы.



  • Жiгiтiм, қызда ниетiң болса батылырақ әрекет ет. Әйтпесе сiлекейiңдi шұбыртып, бәрiнен құр қаласың, – дедi ол жымия. Көзi қылмың-қылмың етедi. Аранына түссең асай салар пиғылы бар.


Ендi аялдамады, дiттеген жерге жетуге асықты. Қыз айтқан тұс алыс емес, екi көшенi кесiп өтсең төбесiнен түсесiң.


Бәрi түс сияқты. Бүгiнгi қым-қуат тiрлiк те, қыз да, қытымыр ой да түсте жаңғырығып, сонда қисындасып жатқандай. Әркезде демеп, жебеп жүретiн әйел қолы ұйқы үстiнде көтерiп әкетiп, мына қым-қуыт әлемге тоғытып жiбергендей. Ендiгi малтып өту машақаты өзiне бұйырып,


 


соған бола жанталасып келе жатқаны ғажап құбылыс. Қанша екпiндесе де ентiкпейдi-ау, ентiкпейдi. Құдды, құс қып қанаттандырып қойғандай. Жүрiп емес, ұшып келедi. Серiкбай шалдың кейде айтатыны бар-ды: “Өмiрдi бiреу жалған, екiншiсi дарбаза деп әспеттейдi. Болса бо- лар. Дегенмен маған бәрi басқаша көрiнедi. Бiз бала бо- лып есiгiн ашып, бақиға сол бала қалпымызда аттанатын сияқтымыз. Өйткенi ертегi әлемiн санамызға сендiремiз де, соның ұшығынан тiршiлiк бойы арыла алмай өтемiз. Жақсыға да, жаманға да илана беретiнiмiз сондықтан. Бiр ғана айырма ұшырасады – ертегi ылғи жақсылықпен бiтсе, өмiр қағидасы оны қолдамайды. Өкпектеп келiп жығылатынымыз осының нәтижесi,”– деп отыратын жарықтық. Оның айтқанының бәрi рас. Ылдиына қарай екпiндеткен тiршiлiк, өрiне салғанда өңменiңнен итерiп, ит сiлiкпеңдi       шығарып     бағады.      Басқаша  жағдайда ақылға кенде емес Секең мен бәйбiшесi Қалампыр мына фәниден iзсiз өтпес едi ғой. Әу баста, бiрiн-бiрi жаратып қосылғанда, екi мұңдақ өмiр көшiнiң дәл осылай үзiлерiн бiлмеген шығар. Бәлкiм, бiлдi де. Әйткенмен, бет бұрған бағытынан айнымай тарта бердi. Бiр-бiрiне деген сый- лы көңiлдiң сынын жоғалтпауды қалағанынан сөйттi.


Ертегiнiң елеусiзге айналып сала бергенi сондықтан.


Елеусiзi несi? Мүмкiн жалғасы табылып қалар… Қалай? Қайдан?


Жүрегi өрекпiдi, мыйы шыңылдады. Жасырындысын жария етуге жасқанғандай басын сiлкiп-сiлкiп қойды. Ызың сонда да басылар емес. Иә, иә, түкпiрде бұйығып жатқан бiр тылсым дәл бүгiн сiлкiнiп, тұрып алған. Ендi қақаң-қақаң етiп, ықты-жарға қарамай, жолындағысын қақыратып өтпекшi. Мейлi, күшi жетсе қақыратсын. Ертегi әлемнiң ертеңi сонда жарық түсiрер. Едiлдiң келешегiн кiм болжаған? Мүмкiн…


Денесi тiтiркендi, жүрегi аузына тығылды. Едiл Ермек- баев дейдi жұрт. Ермек тiршiлiктегi еркiнсудi бiлдiргендей.


 


Ал, Едiл Серiкбайұлы десе ауыздары күймес, тiлдерiне шиқан шықпас. Секеңнiң пейiлiне жығылып, айтқанына құлаған көңiлдiң айнасын Серiкбайұлы бекемдесе әдiлеттiлiк айбарын асырар. Олай болса, неден тарты- нады? Жаттықтырушыға айтса, Алтай Қыдырәлiұлы түсiнер. Түсiнер де түйiндi шешер. Сонда дүние дүрмекке айналып, қанбазар қызар.


Иә, Едiл тап ертең сүйтедi. Өмiрде бары да, жоғы да белгiсiз әкеден арылып, күйкентайдай шалдың құлпырмасына айналып шыға келедi. Бұл Сәулеге де ұнайтыны анық. Е, бедерi жоқ белгiсiздiктен гөрi, бебеу қаққан болғанның болымсыздығының өзi жақсы ғой!..


Подъездге кiргенде көмескi шамның күңгiрттiгiнен есiк нөмiрiн әзер тапты. Жиырма екiге әлi бiр сүйем көтерiлуi керек екен. Сатыны бiр-бiрлеп санамаламады, бүкшеңдей екеу-үшеуден қабат қарғыды. Ойдағы тұсты омсырайтқанда көзiн жерден көтере берiп қалт бөгелдi. Iздеген Сәулесi күртесiн желбегей жамылған қалпы дәл алдында тұр. Ертегiден шыққан ерке қыздан айнымайды.



  • Iшке кiрейiк, – дедi ол аузын ашып қалған Едiлге жөн нұсқай.

  • Үлкендерден ұят болмай ма…

  • Олар қонақта.


Имене басып табалдырық аттағанда жұмақтың жұтқыншағына түсiп кеткендей әсерге бөлендi. Еденге түктi кiлем төселген. Түрлi-түстi қағазбен көмкерiлген қабырғалар шам жарығында құбылып, көз қарықтырады. Бөлмелер жиһазға да бай екен, адам айналып жүргiсiз.


Аяқ киiмiн шешкен бойда жұп-жұмсақ шәркей киген. Онысы табанын ұяға қондырғандай жайлы тиiп, жанын рахаттандырады.



  • Шәй қяйын, – дедi Сәуле iлтипат бiлдiрiп.

  • Қажетi болмас. Көп отырмаймын ғой.

  • Көп отырмайтыныңды өзiм де бiлемiн. Әке-шешем он бiрлер шамасында қайтады.


 



  • Әуре болмасаңшы…

  • Еркiң бiлсiн.


Осы кезде телефон безiлдеп ала жөнелдi.



  • Ало… Шоқанбысың? Не керек? Ә-ә, кезектi тексерiсiң екен ғой. Үйдемiн. Алаңдамай ұйықтай бер… Болды, ма- замды алмашы ендi…


Тұтқаны тастай салды.



  • Шоқан ғой, – дедi сосын тыжырына, – Күндегiсi осы.


Телефон шалмай байыз таппайды.



  • Ол кiм едi?

  • Шерифтi айтамын


– Ә?..



  • Шошып кеттiң бе?

  • Көрiнгеннен шошынсақ өмiр сүрмей-ақ қоялық!

  • Одан сақ жүргейсiң. Арамдығы басым Қыздың қамқорси сөйлегенi көңiлiн демдедi.

  • Әлдекiмдер сенi Шерифке телiп жүр ғой, – дедi ыңғайсыз болса да күдiгiнiң ұшын қылтитып.

  • Кiмнiң аузына қақпақ боларсың. Мен өзiме сенемiн. Ал, еретiнiм… Бiзге де ермек керек. Әйтпесе iшқұсалықтан өлiп қалатын сияқтымын.


Опырып айтамын, бәрiн қотарып тынамын деп қопаңдаған ойының қайда қашқанын бiлмейдi, әйтеуiр арғы жағы боп– бос. Сылаң сөзге сылдырмақ таққаны сондықтан. Оны қыз да сезе ме, әйтеуiр тықақтап тығырыққа қамамай, еркiндiкке ерiк салады. Қап-қара, үп-үлкен көздерiне жылылық үйiрiлген. Сәл езу тартқанда бетiне қона қалатын болар-болмас шұңқырға шейiн жарасымдылықтың жариялылығын танытып тұр.



  • Сенiң iздейтiнiңдi сездiм, – дедi сол қалпында қыз қылымси қарап.


– …



  • Қыздарды кейбiреулер қаласа пайдаланар, қаламаса қарғыс атар ойыншыққа балайды. Ал, олар мүлдем басқа жаратылыс. Сезiмталдығымен дараланады. Үп еткен жел-


 


ге ұшып кетуге бейiмделгенiмен керек жерiнде қара тастай қатып қалатынын еркек кiндiктiң ұға алмайтынына налимын. Дәл осылай дедi. Дедi де сүйкiмдiлiктiң суретiн салғандай оймақ ерiндерiн сәл томпайта қойды. Назы да,


наласы да осы кейпiне сиып кеткендей.



  • Ал, менiң сен туралы еш бөтен ойым жоқ.

  • Бiлемiн, бөтен ойласаң бөгетке кездескендей бүкшиiп отырмас едiң…


Сәуле тағы алдын орап кеттi. Әр сөйлегенiнде жаныңның қалтарысын қағып өтедi. Сонысымен дара, со- нысымен сең соққан балықтай көңiлiңе дауа.


Жайшылықта өрлiкке өкiрек қайыратын өктемдiктiң iзiм-ғайым жоғалғанына Едiл таң. Тiптi, аяқ-қолын ерiктен тыс қозғай алса-шы? Жоқ, әлдеқандай қияс күш байлап- матап тастағандай. Тап қазiр тым дәрменсiз. Мұндай да болады екен-ау, ә…



  • Университетке түсе алмадым. Ақшаға оқуға намы- сым жiбермедi. Әке-шешем осыған наразы. Мейлi, олар қайда барады дейсiң, мен келер жылы тағы бағымды сы- наймын. Қайтсем түсемiн, сол грантыңа.


Қайсарлығын танытты. Намысқой екен. Намыстының ертеңi ешқашанда қор етпеуге тиiстi.


Осындай қызға ғашық болғанына қуанды. Шынын- да Едiл Сәулеге ғашық едi. Оны сезiнген сайын жүрегi алқымына тығылады. Бiрақ ойын айтуға дәрменi жоқ. Сонда үн-түнсiз кете бермек пе? Қабырғадағы сағат тiлi тақ-тақ етiп он бiрлер шамасын алқымдап тұр. Ендеше, қызды ұятқа қалдырмай, жөнiн тапқаны ләзiм.



  • Мен қайтайын, – дедi жiгiт созалаңдай тұра берiп.

  • Қонбайтының анық қой. Үлкендерге көрiнбей орныңды тапқаның да жөн шығар…


Табалдырыққа жеткенiнде керi бұрылды.



  • Кездесiп тұрайықшы, ә?..

  • Сен ниет бiлдiрсең менiң қарсылығым жоқ.

  • Рахмет!


 


Тұтқаға қолын созғанда ойда-жоқта қыз бiлегi мойы- нына оралды. Қалт бөгелген Едiл есiн жиып үлгергенше үлбiреген ерiн ерiнiне жабыса бердi де, шөп еткiзiп сүйiп алды. Мұндайды күтпегендiктен сәл тосылған жiгiт ендi ғана қарымтаға ыңғайланғанда сүйрiктей сұқ саусақ әнтек шошайды.



  • Асықпаған абзал, Едiл. Кездескенше.

  • Кездескенше!


Дүние төңкерiлiп кеттi.. Басқа шапқан қан тұла бойын тұтып, тұншықтырып тастапты. Сатыдан әрең түстi.


***


“Сәуле сүйедi! Сәуле менi сүйедi-i!!”


Түнгi салқындыққа жетiп, есiн жиғандағы алғаш ойлағаны осы. Адам сенгiсiз жағдай. Бiрақ, көзбен көрген соң иланбасқа амалың жоқ.


“Сүйедi! Сүйедi!! Сүйедi-i!!”


Бақыттан басы айналды. Елеусiз өмiрдiң ереуiлiмiн деп ойлайтын. Сөйтсе, екшер ертеңi бар екен. Оны әлгiндегi қылығымен Сәуле жариялап бердi. Жай ғана жариялай салмады, жалынын құйып, жарығын ашып, арман мен үмiттiң үлде мен бүлдеге оранып тұратынын айқындай паш еттi. Одан артықтың керегi де жоқ едi, қауызын күнге ендi-ендi тосқан өскiнге. Қыз демiмен жеткен жалын бұдан әрiде қалтыраудан қашық қондырса, ерiн табы елiтiп ертеңiне ентелететiнi белгiлi. Тек, сүрiнбесе болғаны, тек жығылмаса жарағаны. Неге жығылады? Жығылмайды! Сүрiнсе түзелуге, құласа тұруға жанталасады. Өйткенi ендi жалғыз емес Сәуле бар жанында. Сол үшiн қаймана тiрлiктiң қаймағын қалқып алуға қалыптасады. Ендеше, жан үшiн емес жар үшiн жанды жалдары хақ. Жалған әке мен жарымес шешенiң шалықпасын осылай басады.


Адам да бiр қызық жаратылған құбылыс. Ынтығады, ындынын ашады, сөйте тұра ылғалға түсiрген дәннiң


 


өнгенiн өгейсiте, өзге әлемнiң өзегiне өмiлдiрiк тағады. Мысалға, аты-жөнi белгiсiз әке мен шеше бiр-бiрiне өндiршектемесiншi – Едiл тумас едi. Бұл тумаса жан- жағына жәудiреген жетiм жаратылмайтын-ды. Жетiм бол- маса жауырды жаба тоқу және жоқ. Бiрақ бұл адамзатты қанағаттандырмайды. Бiрсыдырғы тiрлiк жалықтырған шамада пенде баласы ашынады, сосын ашылады. Ал, ашық дүниеге ақ тер, көк тер болып ұмтылғандардың iлiп әкетуге, үзiп алуға жақ тұратындары басым. Олар адал мен арамды айырмаса, обал мен сауапқа тағы түкiруге бар. Тарпаң мен талтаңның тоқайласар тұсы осы аралық. Одан әрiде тарпаң таралғысын тартса, талтаң шаты айырылғанша тапырақтайды. Ақыр соңында бәрiнiң же- тер жерi бiреу ғана – қара жер қойнына кiрiп алып, тын- ши қалады. Әлемге сыймағанның қос құлаш көрге қалай сиятынының өзi жұмбақ. Бәлкiм, сыймай жатар. Дегенмен топырақ бәрiн жасырған шамада ондағы одағайлық тiрiге қызығын жояды. Қызықсызға қылтию пендеге және жат.


Жаз айында, ырду-дырдуы көп қала базарын аралап жүрiп, шет жақта отыратын құмалақшы кемпiрге соққаны бар. Құнжың-құнжың еткен кейуана арғы-бергiнiң алашапқынын әспеттемей-ақ, бiрден болашақтың божысы- на жармасқан және болымсыздықтың боямасына тоқтамай, баяндылықтың бағытын айқындаған. Оның жорамалына сенсе – ай десе аузы бар, күн десе көзi бар арумен тiл та- бысады екен. Тату-тәттi тiрлiк еншiсiне бұйырып, үш ұл, бiр қыз баланы дүниеге әкеледi. Әрине, шама-шарқынша кедергiлер де кездестiредi. Әйткенмен бәрiнен қарғып өтiп, бақыттың балаусасында бауыр жазады. Тiпә, тiпә, тiптен керемет өмiр! Ләйiм жақсылыққа жазсын!


Кейуананың сөзiн жанына медет еткенiмен, бәрiне иланды деу ағаттық. Сөйтсе де кемпiрдiң бiр ауыз сөзi жа- дында жатталыпты:



  • Азаматым, – деген сонда ол, – Тiрлiк атты айдын екi нүктенiң арасы ғана. Туу мен өлу заңдылығын жоққа


 


шығару пешенемiзге жазылмаған. Ендеше, тағдыр сол екi нүктенiң арасындағы көзге көрiнбес жiпке түзiлген, оның ұзындығы мен қысқалығын белгiлеу жаратқанның қолында. Десек те, саған байланысты тұстары да жетерлiк. Дүниеге неғұрлым анық көзбен қарасаң, солғұрлым ақиқатқа жүгiнесiң. Ал, ақиқат барда алдамшылыққа орын бұйырмаған. Осыны есiңнен шығарма…


Едiл ештеңенi есiнен шығармақ емес. Қарадүрсiндi былай қойғанда, қағаберiстегiнi саңылауға сыйдырып жүретiнi содан. Бәлкiм, құмалақшы кемпiр меңзеген ару – Сәуле шығар? Екеуi еңкейгенше елiк ғұмырдың еркелiгiне бөленер. Олай болса қалған күнде бақыттың балауызын татуға ерiк-жiгерiн жұмсауға жалықпас едi. Ұшар кеңiстiгiн ашып, сонда қанат қағудан шаршамайтыны да ақиқат.


Ерiн табы сезiлгенде есеңгiрегенi есiне қайта түстi. Абдырағаны, тiптi есi ауып қалғаны анық. Басқаша жағдайда қарымта қайтарып, кенересi кепкен ындынды суатқа құлатар едi ғой. Сосын тұнықтан бас алмаса кiм сөгер? Жоқ, өйте алмады. Олай етуге мұршасы да болмады. Қас-қағым сәт буын-буынын сөгiп, санасын буып тастады. Қозғалуға шамасын келтiрмей, шалықтатып жiбердi. Сол шалық әлi буып келедi. Қол-аяғы дiрiлiн баспапты. Жүрегi де алып-ұшып, алқаракөк аспанға бiр-ақ атылмақшы. Мейлi, атыла берсiн. Алмағайыптың айдынында тұншыққанша ақиықтанып барып құласа арманы жоқ.


Негеқұламақ?Жоқ,олендiқұлдиламайды, шаншылғаннан шаншылып, шамасы жеткенше самғап қалады. Өйткенi, махаббатқа бөлендi, сүю мен сүйiнудiң шырағын жақты. Сол шырақ жалынын шашып жабыққан жанды жанықтырады, ол барып алдын жарық қылады. Ал, жарықта адасу мен алмағайыптыққа орын босамайтыны және белгiлi.


Шын мәнiнде, махаббат дегенiң де кездейсоқтықта туындайды екен. Сәуленi бүгiн ғана көрдi. Көрдi де құмығыңқысын жайып салды. Көрмесiншi – көмескiлiктiң көнтерiсiн әлi киерi даусыз-тын. Онда өмiр де сылдырап


 


ағар өзендей шуылын жалғастырып, сусып жататын. Не татымы, не тартымы жоқ шуылға елеңдемеген көңiл елеусiздiктiң ентiкпесiнде елпiлдейтiн. Көру керек бол- ды – көрдi, көрдi де көкесi базардан келгендей қуанышын жариялап кеп жiбердi. Қуансын. Қуанарға құлық барда шадыманға шалқып қалғанға не жетсiн, шiркiн!


Қала әлi ұйқыға кетiп үлгермеген бе, терезелерден жарық төгiледi. Көше бойлары да жап-жарық. Күздiң түскенiнен хабар бергендей ызғырық бой көтерiптi. Салқын ауа қойны- қонышыңда сумаңдап, шымшымасын шұбыртып қойған. Жеңiлтек киiнген Едiл тоңазығанын ендi сезiне бастады. Жел қағарының өңiрiн қымтағанымен, пана таба алмайты- нын бiлгенде, қадамын жылдамдатуға көштi. Ендi бiр көшенi айналса жатақхананың қақпасы қара көрсетерi анық. Тезiрек жетiп, темiр керуеттiң сықырымен үндестiк табуға асықты.


Бұл сықыр туғаннан жанына жақын. Қуанса да, мұңайса да көрпесiн қымтаған күйi сықырмен үндесiп, соның сыңғымасымен сиықтасуға дағдыланған. Мұндайда темiр екеш темiрдiң өзi шырылдаған шыбын жаныңмен үндестiк табатыны таң қалдырады. Қозғалсаң ызып ала жөнелетiнi



  • мұңға сыр қосқаны сиқатты. Iшiңдегiнi сезiп бiрге дыбы- стайды. Қисыны келсiн-келмесiн тұл дүниенiң тұлан тұтқан сиқына осылай қарсылық тудырып, қайымдасып тұрғаны. Сонысымен жақын, сонысымен сеп. Жансыздың жандыға дәл осы селебесi жанды мен жандының ыржағынан әлдеқайда жағымды. Ендеше, батар күннiң басалқысында жатар орынға асығуының салдары салмақты екенiнде дау жоқ.


Дәл қазiр Сәулесi не iстеп отыр екен? Теледидарды қосқан күйi әке-шеше жолын бағуда ма, әлде Едiлдiң екпiнiне тiлек қосып, тезiрек жылы орнына жеткенiн күтуде ме? Әрине, соңғы пайым үстiнде, лүп-лүп соққан жүрегi адалдыққа жүгiнiп, амандыққа ажар ашатыны дау- сыз. Сөйткен жүректен айналса болмас па!


Жатақхана қақпасына жеткенде қараң еткен екi-үш бей- неге елеңдей бұрылған. Шерифтi байқап қалды. Қасында


 


тағы бiр танымайтын баласы бар. Арт жақтарында сида қараның сұлбасы қараяды. Мырзабек селсоқ. Соған қарағанда қалған екеуiнiң сұсы басып тастағанға ұқсайды.



  • Мiне, бiз тағы кездестiк! – дедi Шериф ыңырси ды- быстап.

  • Осы ма? – деп сұрады бейтаныс ширығып.

  • Осы.

  • Онда не тұрыс? Әй, берi жақында!


Өтiнбейдi, бұйырады. Бұл қайдан шыққан шiкiр?



  • Әй, берi кел, әңгiме бар!


Едiл бойын жиып ала қойды. Мыйын шиырлаған тәттi сезiмдi жоғалтқысы келмегенiмен амалсыздан ыдыратып, ыздиып алыпты. Сiңiрлерi серiппедей созылуға шақ тұр.



  • Мынау сiресiп қалды ғой, бұтына жiберiп қойғаннан сау ма?!


Бейтаныс пен Шоқан шиқылдап күлген болды. Мырза- бекте әлi үн жоқ. Ол бүгежiктеп терiс айнала бередi.


Едiл де шарт кеттi:



  • Не бұтыңа жiберiп қоюды үйренген адамдай сөйлейсiң ғой! Бәлкiм шалбарыңды дымдап көрсетерсiң?!

  • Мен саған басқасын көрсетемiн!

  • Ықтық лоққыңнан!

  • Ықпақ түгiлi итиiп кетерсiң!..


Бiрiншi шабуыл сәтсiз аяқталды. Долдана ұмтылған бейтаныстың қолы ауа қармап барып қайтты. Сол екi ара- да амалын тапқан Едiл бүйiрден түйiп өттi. Анау “ыңқ” етiп, ұсқынын жиып үлгердi.



  • Айттым ғой , ол боксшы, – дедi осы кезде Шоқан серiгiнiң құлағына дыбыстап.

  • Болса болсын! Бәрiбер жәукемдеймiн!!

  • Тек байқағайсың…

  • Байқайтын ештеңе жоқ. Көрдiк әуселесiн!..


Бейтаныс қайта ұмтылды. Бiрақ бұл жолы қолға емес аяққа жүгiнiптi. Бәтеңке табаны жақ сүйегiн сүйкеп барып зу еттi. Мұндайды күтпеген Едiл басын тартып үлгермегенiне


 


күйiндi. Бетi ду еттi. Бiрақ, сонда да қызбалыққа бой ал- дырмай, салқынқандылығын сақтап қалды. Алғаш бокс әлiппесiн үйреткен Жеңiсбек ағасының тәлiмi. Ол айта- тын: “Бокста қызбалыққа салындым дегенше бiттiм де. Бокста ғана ма? Өмiрде де ол ұшпақ әпермеген”, – деп. Қағида қанға сiңiп үлгерiптi. Оған да рахмет!


Осы кезде жатақхана жақтан дабыр-дұбыр құлаққа шалынды. Әлдебiреулер сыртқа қарай беттегендей. Осы- дан сезiктенген бейтаныс шабуыл тәсiлiн өзгертiп, Едiлдi құшақтай алған күйi қатты да қалды. Сол шамада Едiл жон арқасының шым еткенiн сездi. Шоқан! Ол пышақ салғанға ұқсайды.



  • Аналар келе жатыр, қаш!

  • Екеуi тапырақтап жүгiре жөнелгенде Мырзабек: “Көмектесiңдер!” – деп бақырып жiберiп, өзi Едiлдi құшақтай бердi.


Қызық. Бәрi де қызық – әлгiнде ғана шиыршық атқан дене қозғаларға дәрмен таппай қалшиып тұр. Не иiлмейдi, не бүгiлмейдi, сом темiрдей сiрескен де қалған. Құлағында шыңыл пайда болыпты. Соған қарағанда дүние шыңғырып жатқанға ұқсайды. Неге? Ол ненiң құрметiне? Айырып болғысыз…


Мына бiр созылып келе жатқан қол кiмдiкi? Ту-у, таны- май тұрғаны несi? Кәдiмгi, түсiнде көретiн әйел қолы ғой! Желеп-жебеуге ұмтылған да. Өзi қандай керемет! Мап- майда, жұп-жұмсақ. Айырылмаса деп тiлейсiң. Шынында айырылмаса екен! Ғұмыр бойы сезiнсе де шығынбайтын жылылық бар алақанында. Ол денесiн балбыратып бара- ды.



  • Мама! Мама-а!


Қақпаның ашылуы мен Едiлдiң ыңырсығаны алмағайып әлемдi алдандырып тұрған…





Пікір жазу