08.09.2021
  351


Автор: Асаба (тамада)

Менің тұңғыш апайым

Кейде ашық, кейде тұйық мінезің-
Қиындықпен күрескенсің бір өзің.
Зейнеткерлік - айтуға да қиын сөз:
Біз боламыз алған сиың-үлесің.

Адалдыққа жақын қонды ауылың,
Шындьқ тілеп езілді ет-бауырың.
Сағынамын сабақ берген апайды,
Қайдан табам енді одан тәуірін?

Кейбіреудің назарына ілінбей,
Кейбіреуге қадірің де білінбей,
Біз сияқты жүрегінде жастардың
Мәңгі қалдың жұмақ көрген гүлімдей.





Пікір жазу