08.09.2021
  1495


Автор: Асаба (тамада)

Әпке-жезделер - тойда амандасу (4)

Бірің - қыран, бірің - аппақ қайыңдай,
Келесіңдер жұптарың бір жазылмай.
Отбасына шаттық, бақыт тілейміз,
Еркелендер көлдің аққу-қазындай.

Қазағымның пейілі кашандағы кең болар,
Ағайын тірі тұрғанда терезесі тең болар.
Шымылдығын ашсын деп той төріне,
Аталарды, апаларды шақырғаным жөн болар!
Келіңіздер, ата-апа, келіңіздер,
Той төріне батылдау еніңіздер.
Көп күгтірген қонактарды ұят болар,
Тойымыздың бетін ашып беріңіздер!
Жүз жас тілеп қарияға жар салайық.
Әрбір айтқан сөзіне тамсанайық.
Көпті көрген көне көз даналарды,
Қолды соғып қошеметпен қарсы алайық!





Пікір жазу