meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.09.2021
  3840


Автор: Асаба (тамада)

Тойда амандасу үлгісі

Келген соң осы тойға қадам басып,
Теңіздейін толқиды көңіл тасып.
Асаба боп ат басын бұрған едім,
Алдыменен алайын амандасып.

Ал, ағайын, бәрің бірдей армысындар,
Төрт көзің түгел бүгін бармысындар?
Сәлемін қабыл алғын асабаның,
Қазыналы қариялар, қарлы шыңдар!

Құдаларым, төріңіз құтты болсын,
Жаксы ниет, жаксы сөз жұпты болсын.
Нағашылар нагыз жұрт алшаң басқан,
Бізге келер көлігіңіз жүкті болсын!

Қазак жок-ау, әлі бір той жасамаған,
Жан емеспіз жақсылығын тасалаған.
Жиен, бөле, әпке, жезде бәріңізге,
Дұгай сәлем, дұғай сәлем, асабадан!





Пікір жазу