05.09.2021
2507
Достарға құттықтау сөз
Достар!
Бүгін бәріміз жиылып бас қосып отырғанымызға өте қуаныштымын!
Міне, қуанышымызды да, қайғымызды да бөлісіп, жұбымыз жазылмай бір-бірімізге сүйеу болып қатар жүргенімізге қанша жыл болды. Мен сендердей адал достарым болғаны үшін мақтанамын!
Ешқашан қатарымыз ажырамасын, бір-бірімізге деген ақ, адал сенімімізге көлеңке түспесін. Достығымыз мәңгі болсын! Аман болыңдар! Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі – ДОСТЫҚ ҮШІН!