04.09.2021
518
Менің алға қойған мақсаттарым көп. Сол ойларымды орындау үшін бар күшімді жинадым. Ең бастысы – денсаулығымда ақау жоқ. Биылғы маусымдағы басты додаларға алаңсыз қатысамын деген ойдамын. Өзім жеке бағдарлама бойынша жаттығып жүрген соң, Қазақстан чемпионатына қатыса алмадым. Әйтсе де, жарыс нәтижесін бақылап отырмын. Біз күтпеген нәтиже тіркелген жоқ, қыз-жігіттердің барлығы өз деңгейіндегі көрсеткішке қол жеткізді. Көпшілігі ел рекордын жаңартқаны қуантады. Бірге жаттыққан спортшылардың барлығы қолынан келгенше тырысып бақты. Еліміздегі жүзу спортының жаңа деңгейге көтерілгені қуантады.