01.09.2021
  141


Автор: Құнанбай Өскенбайұлы

Шаруа қайтсе оңалады, малжан қайтсе аман болады?

Құнанбай би Меккеге барып, қажылыққа қол беріп келген жылдың қысында үйінде бір топ адам қонақ болып түстеніп отырады. Біреулер "шаруа қайтсе оңалады, малжан қайтсе аман болады?" деседі. Сонда Құнекең:





- Шаруаң онға айналған шақта,

Мінген атың жүреген болады.

Асыраған итің үреген болады,

Қатының қадірлі болады,

Қызың ажарлы болады,

Малың базарлы болады,

Шөбің шығымды болады,

Малыңа жұғымды болады,

Ұлың білімді болады,

Құлың сенімді болады,




деп, бір тоқталады да, оның аяғын былайша жалғастырады:





Шаруаң солға айналған шақта:

Мінген атың шабан болады,

Асыраған итің жаман болады,

Қатының сараң болады,

Қызың ажарсыз болады,

Малың базарсыз болады,

Шөбің шығымсыз болады,

Малыңа жұғымсыз болады.

Ұлың білімсіз болады,

Құлың сенімсіз болады...




Әумин!





Пікір жазу