Туындылар ✍️
✅Туыстық қатынасты үзгендердің тілегі қабыл болмайды‼️
Убада бин ас-Самит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:
«Жер бетінде тұратын мұслмандардың қайсысы болмасын, күнәлі істер мен
туыстық қарым-қатынастарды бұзудан бөлек, Аллаһ Тағаладан сұрап дүға
жасаса, Аллаһ оған сұрағанын міндетті түрде береді, не болмаса сол
сұрағанының көлеміндей көлеміндегі зұлымдықты қайтарады», - деді. (Тақуалар бақтары)
✅ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ САҚТАУ адамның жолын ашады.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім ризығының кеңеюі мен өмірінің ұзаруын қаласа, ол туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін», - деген. (Бұхари)
✅Туысқандық қатынасты (үзбей) ұстаушы - бұл (өзіне қандай қатынас жасалса,) тура солай қайыратын адам емес; оны шынымен (үзбей) ұстаушы – бұл (өзгелер) онымен туыстық байланысты үзсе де, оны жалғайтын адам». (Бұхари)
Туыстар үшін Пайғамбарлар кешірім сұрап, Алладан дұға жасайтын болған!
«Мұса (Ғ.С.): «Раббым! Мені және туысымды жарылқа, бізді мәрхаметіңе бөле! Сен мейірімділердің ең жақсысысың» деді. (Ағраф сүресі, 151-аят)
Туыстық қарым қатынасты сақтаушы адамды Алла еш қашан қорлыққа ұшыратпайды!
(Айша (Аллаһ оған разы болсын) айтады): « Жәблейілді өз бейнесінде көрген соң қорыққан Аллаһ елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрегі дірілдеп Хадиша бинт Хуайлидтің алдына кіре сала: «Мені орап тастаңдар, мені орап тастаңдар!»—дейді. Олар оны қорқынышы басылғанша орап қояды. Сонан соң Хадишаға: «Мен өзіме қатысты қорқып қалдым»,—деп болған уақиғадан хабардар етеді. Сонда Хадиша: «Жоқ, олай емес. Аллаһпен ант етемін! Аллаһ сені ешқашан қор қылмайды, өйткені сен туыстармен жақсы қатысасың, қорғансызды сүйейсің, жоқ-жітікке қарайласасың, қонақты сыйлайсың және өзгелердің құқығының сақталуына жәрдем етесің»,—деп (жауап береді).(Бухари)
Туыстарына садақа беруші екі сауап алады
«Туыстарыма садақа берсем бола ма?» деген сауалға Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Иә, оған екі сауап бар: туысқанға (қарайласу) сауабы мен садақаның сауабы»,—депті». Бухари