31.08.2021
137
Сен ұқтырдың
Мен бүгін ашулымын ашынғасын,
Ойым жоқ сенен өзге басымда шын.
Мейлі, сен не десең де ... Анық бірақ,
Өзіңді құшып-сүймей басылмасым.
Сен маған жасын болдың көктемдегі,
Қақ жарған жүрегіммен от кеудемді.
Бағым ба, қасіретім бе кезіктірген,
Бұрын соң қиялымда жоқ пендені.
Содан соң күйіп-жанып алауладым,
Ұмыттым ай, күн барын, самал барын.
Әйтеуір, алай-дүлей сол сезімнен,
Жаныма бір тыныштық таба алмадым.
Кезім жоқ сені ойламай көзімді ілген,
Сені аңсап елжіредім, егілдім мен.
Ризамын тағдырыма сен арқылы,
Махаббат деген күшті сезіндірген.