31.08.2021
  336


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ыспандияр жігіт

Байтілес әр іске епті, тіл алғыш-ақ, өте елгезек жігіт. Бар айыбы — парықсыздау, асығып-аптығып, көбінесе шалағайлық жасайды.


Бірде ауылдағы үлкен үйлердің біріне сыпайы меймандар келе қалды. Жас әйелдер үйде жоқ еді, меймандарға ас даярлау Байтілеске тапсырылды.


Елгезек жігіт өзіне жүктелген міндетті орындауға шұғыл кірісті. Самаурын қайнады, дастархан төселіп, оның үстіне түрлі тағамдар қойылды. Асығып-аптығып жүріп, қонақтың алдына кесе орнына аққұманды апарып қойды. Одан кейін, аққұманға еселеп су құю үшін самаурынның шүмегін бұрап, оны тоқтата алмай, самаурынды тысқа ала жөнелді Байтекең.





Пікір жазу