31.08.2021
  814


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ысқырма

«Ысқырманың» шығу тарихы да айта қалғандай. Дәулеткерей төре тұқымына лайықсыз болса да, атын мінбей, ауыл сыртында жаяу серуендегенді тәуір көреді екен, сондай серуенге шыққан бір күні келе жатып бірдеңе деп күбірлегендей болады. Қасындағы серігі «о не?» деп елең ете қалып еді, күйші басын шайқай, «үндеме» дегендей ишарат білдірді. Дәулеткерей сосын балалар құсап ысқыра бастады. Бұл қылық, әрине, «Шыңғыстың әулетіне» тым ерсі еді. Оның үстіне қазақтар ысқырған әдепсіздік белгісі деп санайды. Дәулеткерей қасындағы серігінің абдырап қалған түрін көріп жымиды да, бірдеңеге қуанып асыққан адамша үйіне қарай тез-тез адымдай жөнелді. Серігі ештеңеге түсінбеген қалпы иығын бір қомдады да, соңынан еріп жүре берді. Үйге келіп Дәулеткерей қолына домбырасын алды да, жаңа күйді шерте жөнелді. Музыканы жақсы түсінетін құймақұлақ жолдасы күй сарынынан бағана әдептен аттап, айдалада ысқырып салған үзік-үзік әуеннің сазын бірден айырған. Зердесіне келген күйден үйге жеткенінше айрылып қалмай пернеге түсіргеніне қуанған Дәулеткерей, бұл күйге «Ысқырма» деп ат қойдым дейді жолдасына.





Комментарии

нн
нн 15.11.2024 12:14
нн
Аяхюан
Аяхюан 11.10.2024 13:28
Анвздар

Пікір жазу