31.08.2021
170
Шашқаланың шаруасы
Ертеде бір шаруа қазақ Шашқаланың үлкен базарына қой айдап барады. Қалаға кірген соң, қойлары үркіп, жан-жаққа қашып әбден әурелейді. Ол ашуланып, қойларды балағаттап сөгеді. Оны бір молда естіп қалып, шаруаны қазыға алып барады.
— Мына шаруа қойды балағаттады, жазалау керек.
— Үлкен қылмыс. Айып төле! — дейді қазы шаруаға.
— Қанша төле дейсіз, тақсыр?
— Жиырма теңге.
— Онда, сенің де аузыңды ұрайын, қырық теңге ала ғой! — дейді шаруа қазыға.