31.08.2021
  278


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ұтылған бидай

Бір қап бидайды есекке артып, Қожанасыр диірменге бара жатады. Шайхананың тұсынан өтіп бара жатып, ол бірнеше қыдырымпаздың сүйек ойнап жатқанын көреді. «Ойнап көрейінші, — дейді Әпенді, — бәлкім, жолым болып кетер!». Әпенді асығыс болған соң, ойыншыларға сығылыса кіріп, ойынға қосуын өтінеді.


— Ал ақшаң бар ма? — деп сұрайды одан.


— Бір қап бидайға ойнаймын, — дейді Әпенді.


— Ә дегеннен-ақ бір қап бидайын ұтқызып қояды. Екі иығы салбырап үйіне қайтады.


— Ұн қайда? — дейді әйелі.


— Ұн, ұн! — деп міңгірлейді Әпенді. — Бидайдың аздығы сонша бір уыс ұн да шыққан жоқ.


— Ал қап қайда?


— Ал қапты тартқызған ақысына алып қалды, — депті Әпенді.





Пікір жазу