31.08.2021
153
Ұйықтаған кісі сөйлей ме екен?
Жұмыстан шаршап келген Қожанасыр үйінде демалып ұйықтап жатыр екен. Далада жүрген әйелі:
— Бақшаға ешкілер түсіп кетті, соны өзің көріп-ақ қайтарып жіберсең қайтеді? — деп айқай салыпты.
— Ұйықтап жатырмын, — депті Қожанасыр.
— Ұйықтаған кісі сөйлей ме екен? — депті ашуланған әйелі.
— Ұйқысырап жатқан болармын, — деп Қожекең де бос келмепті.