30.08.2021
  171


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Тұздап қойған ба?

Бізге көршілес елде бір атақты адамға ас берілді. Содан қайтар жолында біздің елдің бір топ жігіттері Ақбекет посел- кесін жағалай өтеді. Бұлар келе жатқан жолдың жиегінде поселке тұрғындарының бақшасы бар екен. Қарбыз, қауынның піскен кезі, аттан түсіп немесе еңкейіп алуға болмайды. Бақша ішінде мылтығын кезеніп күзетші отыр.


Жігіттер күзетшінің көзін бояудың амалын табады. Әрқайсысы қолына құрықша алып, оның бір ұшын ұштайды да, кішкене қармақша жасайды. Ат үстінде отырып, сол қармақты құрықшамен қарбыз, қауындарды іліп алады. Мұны күзетші сезбейді.


Топ ішінде істе парықсыз, сөзге аңқау жігіт Ержікұлы Базарбек бар екен. Ол құрықшасымен домалақ өсімдіктердің біреуін алады да, ерінің басына ұрып жарады. Аста етті молырақ жеп, шөліркеп келе жатқан Базкең ауыз толтыра жей бастайды. Дәмі қарбызға да, қауынға да ұқсамайды, кермек болып шығады. Сонда: «Мына енеңді ұрайын, тұздап қойған ба?!» дейді Базкең. Аңқау сабаз жерден іліп алғаны қарбыз, я қауын деп ойлапты. Сөйтсе, ол кермек дәмді асқабақ екен.





Пікір жазу