30.08.2021
359
Түйенің қомы
Өмірбек түйенің қомын тігетін шебер екен. Біреу түйесіне қом тіктіріп алып, түйенің үстіне жапса кішкене тігілген қом екі өркешіне сыймапты. Оны көріп тұрған Өмірбек:
— Сенің түйеңнің өркеші қызық екен, бір өркеш те емес, екі өркеш те емес, бір жарым өркешті болса керек, — депті.