30.08.2021
344
Топан
Дәулеткерейдің Топан атты аңға салатын қыран бүркіті болыпты деседі. Бір күні сол құс ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Дәулеткерей келеді деп, екі көзі төрт болып, күте-күте, келмеген соң, аяғы жеткен жердің бәріне де сұрау салады. Ешқайдан сыбысы шықпайды. Күндердің күнінде үйінде шалқалап жатқан күйі қолындағы домбырасына қапа көңілін қосып жатса, шаңырақтың ар жағында, шыңырау көкте қалықтап ұшып жүрген Топанды көреді. Қуанғаннан тап сол жерде «Топан» деген күйді тартқан екен.