30.08.2021
149
Тоғыс теңге болса да, берші
Қожекең бір күні түс көріп, түсінде тәжі қоразы бар екен.
Алдына бір кісі келіп:
— Қожа, қоразыңызды сатасыз ба? — деп сұрайды.
— Ақшаны көп берсең, сатамын, — дейді.
— Кәне, қаншаға бересіз? — дейді.
— Он екі теңге бер.
— Жеті теңге берейін.
— Жоқ.
— Болмаса сегіз теңге берейін.
Осылай таласып, нарық тоғыз теңгеге шыққанда, Қожанасыр оянып кетіпті. Оянса қоразы да, алушы да, ақша да жоқ. Қожекең дереу көзін жұмып: «Тоғыз теңге болса да, берші» — деп қолын созыпты.