30.08.2021
516
Тәрбие туралы
Қожаның бір танысы үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп сыйламайды екен. Ешқандай ақыл-кеңес, айыптау оған әсер етпейді.
— Не істеуім керек? — дейді есерсоқ. — Сондай қамырдан иленген болармын.
— Әңгіме қамырда емес, — депті сонда Қожа, — әңгіме сол қамырдың калай илеуінде болып тұр ғой. Ал сенің қамырыңның илеуі кем болған.