30.08.2021
229
Танысаң, адайыңмын...
Жарау бестіге мінген сом денелі, адуын жігіт ауылдың шетіндегі бір қараша үйге атының басын тіреп:
— Уа, кім бар-ау? — деп дауыстапты.
Осы кезде үйден кең жауырынды, қаба сақалды қарт шығып:
— Балам қай туғансың? — деп сұрапты.
— Танысаң, адайыңмын, танымасаң, Құдайыңмын, — депті шіреніп.
Сонда шал:
— Руымды керей қылатын, өзімді кедей қылатын сенің неңді алып ем, бәлем, қолыма түстің бе? — деп тұра ұмтылыпты.