30.08.2021
  173


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Танымайтын ауылда

Жаз күндерінің бірінде, жанында бір кісі бар Қоштай танымайтын ауылға келіп, оқшау отырған бір үйге түсе қалыпты. Үйде іс тігіп бір келіншек пен бір қыз отырады. Бұлар кісілерге сүле ғана амандасып, істерін тігіп отыра береді. Қоштай мен серігі бір шай қайнатым уақыт отырса да, қыз бен келіншек қозғалмайды. Ыза болған Қоштай қасындағы серігін бүйірге қойып қалып:


— Бағанадан тымпиып отырғаның да жетер, тұр орның- нан, — дейді. Серігі де қушыкеш болса керек:


— Ағатай-ай, не істеймін, — деп орнынан атып тұрады. Қоштай серігін қамшымен домбытып екі тартып жіберіп:


— Ана екеуінің істен мұрындарына су жетпей отырса, кішілікпен сусын әкеліп құя бермей, бедірейіп әлі отырсың, жылдам сусын әкел, — дейді қамшысын білеп. Серігі «қорыққанынан» даусын да бұзып:


— Немене әкелем, ұрмай айтсаңшы, ағатай-ау, — деп бажылдапты.


— Сабадан іркіп құй, және сыртта ақа дорбада тұрған ірімшікті әкел, тез бол! — деп ақырады. Бұйрықты лезде орындаған серігі:


— Айтқаныңның бәрін орындадым, енді қайтем, — деп Қоштайдың алдына келіп мөлиеді.


— Іркітті төрт шыныға түгел құй, ірімшіктен дастарханға сал, сонан соң бәріміз ішіп-жейміз, бұған көнбесең, қамшы жейсің, — дейді Қоштай қатуланып.


Серігі «қорқа» жүріп, өздеріне екі үлкен шараға, қыз бен келіншекке шыныға құяды да, іркітті алдарына қояды, Қош- тай ішіп-жей бастайды. Бұған дейін қыз бен келіншек қорқып Қоштайға үдірейе қарап отырады. Екеуін қорқытып отырғызып қойып, Қоштай мен серігі тойып алып кете беріпті.





Пікір жазу