30.08.2021
  152


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Тамақ жегенде көзілдірік таға көрмегін...

Қожанасырдың әйелі киім тіккенде ылғи көзілдірік киіп отырады екен. Бұған таңданған Қожанасыр:


— Неге киім тіккенде көзілдірік тағасың? — деп сұрапты.


Әйелі:


— Инені де, жіпті де үлкейтіп көрсетеді, — деп жауап беріпті.


Қожанасыр:


— Олай болса, тамақ жегенде көзілдірік таға көрмегін, көзіңе үлкен көрінген тамақты жемей-ақ тойып қаласың, — деген екен.





Пікір жазу