30.08.2021
165

Тайдың белін сындырасың!
Айжарық басы жастыққа тиісімен ұйықтап кетті. Түс көрді. Түсінде құлынды бие сатып алыпты, құлыны өсіп, тай болып.
Қатыны:
— Төркіндетіп келем, — деп тайды ерттеп мінгелі жатыр екен. Айжарық оған:
— Ей, тайдың белін сындырасың! — деп айқайлайды. Айжарық өз даусынан өзі оянып кетеді.