30.08.2021
170
Тағдыр солай болса
Қожанасыр бақшаға қияр егіп, оны өсіріп, сатып ақша табады. Сол ақшаға есек сатып алады. Бірде есегіне үйіп отын артып үйіне қарай келе жатады. Жол-жөнекей өзеннен өтерде, тайып кетіп суға құлап, есегі батып кетіпті.
Қожанасыр қапаланғанын білдірмеуге тырысып:
— Қиярдан түскен ақшаға алған есектің ажалы судан болады, — деген екен.