30.08.2021
  180


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сырда адам нанды жатып жейді

Баяғыда бір Сыр қазағы жұмысы болып, арқа еліне барыпты. Онан жұрт:



— Сіздің елде тұрмыс, күнкөріс қалай? — деп сұрайды.


— Біздің елдің тұрмыс жайының несін айтайын: ондағылар нанды жатып жейді, — депті.


Бұған қызығып нанды еңбексіз жатып жегісі келген Арқаның бір қазағы Сырға ауады. Сырға келіп жұрт қатары диханшылық қылады: таңның атысы, күннің батысы ыстық күнге күйіп, жанталасып тынымсыз жұмыс істейді, әбден шаршап титықтайды. Алдындағы асын отырып ішуге шамасы келмей, жатып ішеді. Сонда ол:


— «Сыр адамы нанды жатып жейді дегені осы екен ғой» — депті.





Пікір жазу