30.08.2021
221
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Соғыс біздің үйде жүріп жатыр
Бір күні әйелі жоқ жерден шатақ шығарып, бажылдай берген соң, Қожанасыр далаға шығып, көшеде біраз қыдырады. Көптен көріспей жүрген бір танысы кездесіп, өткен-кеткенді әңгімелейді. Сөз арасында әлгі танысы Қожекеңе мынадай сұрақ қойыпты:
— Қожеке, бізге қарағанда білетініңіз көп қой. Соңғы уақытта қайсы елдерде соғыс жүріп жатыр?
Қожанасыр соған қарап тұрыпты да:
— Соңғы-поңғысын білмеймін, дәл қазір соғыс біздің үйде жүріп жатыр, — депті.