30.08.2021
  164


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сиса да бар, симаса да бар

Жазғы жәрмеңке кезі. Шаруалар оған бірер малын апарып сатып, үй ішіне қажет дүниеліктер әкелуге қалаға аттанады. Оларға орта жастағы момын шаруа Жәнібек те қосылады. Базаршылар қайтіп оралғаннан кейін ауыл адамдары жиналып, жәрмеңкеге қандай бұйымдар түскенін сұрады. Бұл сұраққа Жәнібек жауап берді:


— Бозлар бар. Трактор бар. Сүкіндер бар. Шүршіттер бар. Лапақтар бар. Сарпайлар бар. Сиса да бар, симаса да бар, — деп шұбыртып ала жөнеледі.


Мұның кейбіреулері кездеме сатушы ноғай саудагерлердің момын қазақ шаруаларды келемеждеп айтқандары, ал кейбіреулері Жәкеңнің топас тілінің бұрмалап жеткізгені еді. Тыңдаушылар күле тыңдап, бәрін де түсінді.





Пікір жазу