30.08.2021
  217


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Саудасын келіссеңдер, құйрығы қоржында

Қожанасыр есегін сату үшін базарға кетіп бара жатыр екен. «Болмашы нәрсеге алушыны қашырып алмайын», — деп есектің құйрығын кесіп алып, қоржынға бүктеп салыпты да, жүре беріпті. Базарға келген соң алушылар есекті айнала көріп:


— Әттеген-ай, есек оп-оңды, жақсы құсайды-ау, бірақ құйрығы жоқ, шолақ екен! — деп таңданысыпты.


Оған Қожанасыр:


— Ұнаса саудасына келісе беріңіздер, құйрығы қашпас, керек болса анау қоржында тұр, — депті.





Пікір жазу