30.08.2021
192
Салкүрең
Ертеде өнері елге таңсық, өлеңіне қауым ғашық, күйімен ессізге ес бітіріп, естінің делебесін қоздыратын атақты Жанжігіт дейтін сал болған екен.
Жанжігіттің бір күрең, бір қоңыр аты болған екен. Осы күреңнің жүрісі, жорғасы, шабысы, сұлу тұлғасы Жанжігіт салға жарасымды болғандықтан «Салкүрең» десе, қоңыр аттың сүйек бітімінің ірілігіне қарап «Молқоңыр» дейді екен. Осы екі атының жүрісін Жанжігіт домбыраға салып күй ғып шертеді екен. Бара-бара ол «Салкүрең», «Молқоңыр» деген халық күйіне айналыпты.