30.08.2021
  153


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сақ болыңдар, ішінде заһар бар

Ақ шаһардағы бет-беделді адамдардың бәрі Жұқаны ғұлама деп есептейді екен. Сондықтан олар қаржы қосып бір мектеп салады да, Жұқаны мұғалімдікке белгілеп, балаларын оқытыпты.


Бір күні баласы үйіне қайтып келгеннен кейін бір оқымысты кітапты қолына алып баласынан емтихан алған екен. Баласы қанағаттанарлықтай жауап беріпті. Әкесі бұған қатты риза болып ертеңінде біреу арқылы Жұқаға бір табақ шелпек жіберіпті. Бұл кезде Жұқа бір досының жаназасына баруға қамданып жатыр екен, ол кетерінде, оқушыларына:


— Ана кітап сүресінің үстіне бір табақ шелпек қойылды. Қозғаушы болмаңдар. Маған шелпек жіберген адамның ниеті жаман еді, мен онан күмәнданып жатырмын, ішінде заһар болуы мүмкін, егер оны кімде-кімде жесе, уланып өледі де, мен түрмеге отыратын боламын, — дейді.


Сөйтіп, оқушыларын әбден нандырғаннан кейін алаңсыз жолға түседі. Жұқаның бір жиені де осы мектепте оқиды екен, оның үстіне сынып бастығы екен. Ол Жұқаның өздерін алдағандығын біліп, нағашы ағасы кетісімен кітап сүресіндегі табақты алады да, сабақтастарын шелпек жеуге шақырады. Сабақтастары оған:


— Мұғалім шелпектің ішінде заһар бар деген еді ғой, жемейміз, өз басымызды өлімге байламаймыз, — дейді.


— Жұқа бізді алдап отыр, сендер жемесеңдер қойыңдар, өзім оны бірақ жеп аламын, — дейді Жұқаның жиені.


— Ішінде заһары болмаған күннің өзінде мұғаліміміз қайтып келгенде не демекпіз, — дейді оның сабақтастары.


— Онда жұмыстарың болмасын. Жауабын өзім берім, — дейді Жұқаның жиені.


Сонымен, оқушылар дауылдаса отырып шелпекті бірдемде жеп түгетеді. Шелпекті жеп болғаннан кейін Жұқаның жиені нағашысы ның орындығына келіп отырады, сондай-ақ нағашысының үстелінде тұрған қағаз кесетін бәкісі әтейі сындырып тастайды. Дәл осы сәтте Жұқа келіп қалады. Ол кітап сөресіндегі шелпектердің жоқтығын, аяп ұстап жүретін бәкісінің сынғандығын көріп бұлқан-талқан бола:


— Мына бәкімді кім сындырды? — деп ақырады. Оқушылар сынып бастықтарын нұсқайды.


— Мына бәкіні неге сындырасың? Бақайшығыңды шағайын ба? — деп сұрайды Жұқа жиенінен. Жұқаның жиені азан-қазан жылаған қалпында:


— Қарындашымды ұштайын деп отырып бәкіңізді сындырып алдым. Сонан нағашым келгенде не бетімді айтармыз, — деп қатты қорықтым. Мені қатты ұрады-ау, бақайшығымды шағуы да ғажап емес деп ойладым да, өйтіп қорлық көргеннен өлгенім жақсы деген байламға келдім. Сонымен, өзімді құдыққа да тастамақ болдым. Бірақ мектептің құдығын былғағым тағы келмеді. Ақырында ішінде заһары бар ана шелпектер ойыма келді. Сөйтіп, ішімнен ата-анаммен қоштасып, көзімді жұмдым да шелпекті асап жібердім. Сонан соң орындығыңызға келіп өлімді тосып отырдым! — дейді. Жұқа жиенінің сөзін естіп болғаннан кейін:


— Япыр-ай, ақылды адамдардың бәрі біздің отбасымызда екен-ау, депті.





Пікір жазу