30.08.2021
  263


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сабырсыз ердің сазасы...

Аңқау жігіт жолаушы жүріп келе жатып, бір үйге түседі. Ол үйдің қызы тары көже пісіріп, алдына қояды. Жігіт көжені ашқарақтанып ұрттап алғанда, аузы күйіп қалады. Сасқанынан иегін жоғары көтеріп шаңыраққа қарайды да:


— Апыр-ай! Мына қай жердің ағашы екен? — депті, жігіт қыздың назарына басқаға аудармақ болып. Жігіттің аузы күйіп қалғанын сезген қыз:


— Бұл саздау жердің ағашы,
Сабырсыз ердің сазасы, — деп күліпті.





Пікір жазу