30.08.2021
173
Сабында шатағың болмасын
Ертеректе шелек, саптаяқ шабатын азын-аулақ өнерін мақтан ететін біреу өзіне ісі түсіп келген бір топ адамға өнерін әңгімелеп отырып:
— Бір саптаяқ шапқан едім. Құрғырдың өрнегінің бәрі ішінде қалыпты да, сырты қожалақтау болып қалған екен. Жыл- қының майын келістіріп жағып, әбден жібіген соң аударып кеп қалып едім, не қыласың, өрнегінің бәрі сыртына шыға келгені бар емес пе? — депті. Сонда қушыкеш біреуі:
— Үлкен кісі оның сабын қайттыңыз? — дегенде, «өнербай» іркілместен:
— Оның сабында шатағың болмасын, — депті.