29.08.2021
  594


Автор: Қазақ халқының баталары

Сәбиге

Жалғанда кем болмайды баталы құл,
Шашайын батаменен жемісті ГҮЛ.
Дүниеге жаңа келген жас сәбиді,
Өуелі жасын ұзақ, бақытты қыл.
Айбынды қара ормандай шоғырлы қыл
Әр іске аптықпастай сабырлы қыл,
Халқыңа абыройлы, қадірлі қыл,
Тарлықсыз кең пейілді, көңілді қыл.
Ғылымға талапты, ойлы, зейінді қыл,
Оңғарып өр талабын, мәртебесін,
Көтеріп халық апдында пейілді қыл.
Жиынды айтқан сөзін жүйелі қыл,
Өз басын құрбысынан киелі қыл.
Ержүрек Жәнібектей парықты қыл,
Айнымас Сұлеймендей тақытты қыл.
Асырып алты алаштан шешендігін,
Сүр таңдай Жиреншедей жақтылы қыл.
Қарабалуан Жәнібектей жүректі қыл,
Абылайдай отыз ұлды перзентті қыл,
Ұлдарын ер Шорадай келбетті қыл.
Батамды перзентке берген қабыл алып,
Атағын алты алашқа құрметті қыл.





Пікір жазу