28.08.2021
313
Өсиет
Кеңесбайдың бірі би, бірі қажы аталас екі туысы болыпты. Екеуі де ертерек өлсе керек. Кеңесбай ауырып, ажал сағаты тақағанда үй ішіне мынадай өсиет қалдырыпты:
— Сүйегімді Өтейқұл мен Жұмабайдың аралығына қойыңдар. Бірі — би, бірі — қажы, беделдері бар еді. О дүниеде дозақ отынан арашалап қалар.