28.08.2021
273
Баланың ойлау қабілетін дамытатын әмбебап әдістемелердің бірі – эссе. Біздің жаттанды шығармаларымызға қарағанда, эссе баланы өз бетімен ойлауға үйретеді. Ол бойынша берілетін тақырыптар сан алуан әрі өзекті болып келеді. Бізде болса, шығармалардың тақырыбы соңғы 20 жылда бірде-бір рет өзгермеген. Олар сонау XX ғасырдың 60-70 жылдардан бері келе жатыр.