28.08.2021
  435


Автор: Иманғали Тасмағамбетов

Расында да арғы-бергі заманда адам­заттың қолынан шыққан қай мемлекетті алсақ та, оған үш тағдырдың бірі ғана бұйырады екен.  Біріншісі – Тәңірі ел болатын жол да, ер болатын ұл да берген, бірақ тірлігі аз, тәлкегі көп, сөзі мол, бірлігі жоқ ел. Мұндай елдің бүгіні бұлыңғыр, келешегі күңгірт. Екіншісі – Жаратқан терең тарих, танымды халық берген, бірақ билігі берекесіз, ғұмыры мере­ке­сіз ел. Мұндай жұрттың жолы ауыр, жетер жағасы алыс. Ал үшіншісі – ғұмырын ұлт тағ­дырымен еншілеген жүректі Ері, астаналы Елі бар, алыс-жақын жақтаған, тұтас­тығын сақтаған саламатты мемлекет.  Біздің мемлекет, міне, осындай мемлекет. Ал асқаралы Астана болса, дүбірлі дәуірдің дарабоз перзентіндей уақытпен бірге туып, заманынан озған, сол үшін де осындай күшті де құдіретті мемлекеттің елордасы болу үшін жаралған жасампаз қала болып мәңгілікке қалмақ.





Пікір жазу