27.08.2021
480
Қазақ рулары туралы қызықты мақал-мәтелдер
(Автор: Радик Темиргалиев)
Ас бұзылса – тұз түзейді,
Байұлы бұзылса – беріш түзейді.
Танысаң – адайыңмын,
Танымасаң – құдайыңмын.
Жаныс кетсе,
Орнына жаппас қонар.
Керейден ұл туса,
Ағашқа күн туады.
Шапырашты дегенің некесі жоқ,
Озі сары келеді, шекесі жоқ.
Ет жаманы — көмекей,
Ел жаманы — шөмекей
Қаракесек қапқара күңнен туған,
Қазыбегі би болып бетін жуған.
Жаппас жатқан түйеге міне алмас,
Көтенінен теппесе, тура алмас.
Аққу менен қаз егіз,
Адай менен таз егіз.
Түйеге қатар-қатарына тұз бермеңіз,
Табыннан қыз алмаңыз, қыз бермеңіз.
Егер сіз руыңыз туралы мақал-мәтел білсеңіз осындағы оқырмандармен бөліскеніңізді сұраймыз.