27.08.2021
  5828


Автор: Қайрат Нұртас

Анаға, әкеге алғыс сөздер

Бүгін мені емес, мені дүниеге әкелген ата-анамды құттықтайтын күн. Яғни барша құттықтаушылармен бірге қосыла мынадай тілек-лебізімді білдіргім келеді: Әке, сіздің қабағыңыз - менің өмірлік сабағым. Сүрінген шағымда жасып кетпеуді, көтерілген шағымда тасып кетпеуді үйреттіңіз! Сол себепті өмірлік сабағымның алғашқы ұстазы - Сізсіз! Сізге мың алғыс!


 


Ана, сіздің жанарыңыз - өмірлік қамалым. Қуанған шағымда менен бұрын қуандыңыз,  мұңайған шағымда менен бұрын мұңайдыңыз! Бойымды жамандықтан сақтандырып, ойымды жақсылыққа аттандырдыңыз! Сондықтан да өмірлік қамалымның ең мықты қорғаны - Сізсіз! Сізге алғысым шексіз!Сіздер барда Қайраттың қайраты таусылмайды!





Пікір жазу