27.08.2021
  160


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Олақ ұста

Бір шаруа ағаш ұстасына үлкен бөрене алып келіп:


— Осы бөренемнен астау жасап бер, — деп өтінеді.


— Жарайды, — деп ұста бөренені алып қалады.


Шаруа күндерде бір күн астауын алуға келеді. Ұста оған:


— Бөренеңіз жаман екен, онан астау шықпайды, келі, келсап болмаса, — дейді. Шаруа:


— Келі, келсап жасай ғой, — дейді. Шаруа келі, келсабын алуға келеді. Ұста:


— Жоқ, бөренеңіз тіпті жаман, ақауы көп екен, онан келі де, келсап та шықпайды, саптыаяқ болмаса, — дейді. Шаруа:


— Саптыаяқ жасап бере ғой, — дейді. Арада біраз күн өткен соң, шаруа саптыаяғын алуға келеді. Ұста:


— Бөренеңіз тіпті шірік екен. Онан саптыаяқ та шығатын емес, қасық, ұршықсап болмаса, — дейді.  Шаруа ендігі елгенінде оған ұста бір ұршықсап ұстатады. Сөйтіп, олақ ұста бір бөренеден бір-ақ ұршық жасап шығарған екен.





Пікір жазу