27.08.2021
224
Ол сөзіңді анау итке айт
Қожа бір күні қасаптан үйіне ет алып келе жатса, бір ит қолындағы етін ала қашыпты. Қожа не қыларын білмей аң-таң болып алақтап тұрса, бір ет алып келе жатқан кісіні көреді. Әлгі адам қасына келе бергенде, Қожанасыр да оның етін ала қашады. Әлгі кісі артынан айқайлап:
— Қожеке, ойнамаңыз, етті тастап кетіңіз! — дейді. Сонда Қожа кейін қарап:
— Ол сөзіңді анау итке айт, маған ет алып қашуды үйреткен сол, — депті.