27.08.2021
152

Оған менің аяғым жарамайды
Қожанасырдың қолына қағаз, қарындаш түсе қалса, жөн-жосықсыз шимайлап, сыза береді екен. Мұны көршілері көріп, «тегі осы Қожа хат танитын болар-ау» деп жүріпті. Бірде көршілерінің біреуі келіп, Қожанасырға:
— Қожеке, хат жазып бере қойшы, — депті.
Бұған Қожанасыр.
— Аяғым ауырып отыр, — деп жауап қатса керек, келген кісі:
— Ойбай-ау, Қожеке, қолыңмен жазбайтын ба едің? — дегенде, ол:
— Оныңыз рас, жазуды аяғым жазбайды, қолым жазады. Бірақ менің хат жазғанымды ешкім танымайды. Сондықтан ол хатты өзім барып оқып беруім керек. Оған менің аяғым жарамайды, — депті.