27.08.2021
  218


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Некелім ғой

Бұрынғы Атбасар уезі территориясында Қарсақбай аймағындағы қалың Найман ішінде Қоқан әулетінде Құдайменде дейтін ғани адам болыпты. Мол дәулетке мастанып, дандайсыған ол аузына келгенін айтып, лепіріп соға береді екен. Оның бейпіл ауыздығы өз еліне ғана емес, сыртқы елдерге де әшкере болыпты.


Сол Құдайменде бай, үйіне келген меймандармен әңгімелесіп отырғанда, кенет тоқалын шақырып алады екен. Оған өзі отырған төсегін дұрыстап салғызып, шымылдықты түсіртеді екен. Беттері тасалағаннан кейін, тоқалымен шариғатқа келіп, сол жерде ғұсыл құйынып, киінеді екен де, меймандарымен бұрынғысынша әңгімелесіп отыра береді екен.


— Байеке-ау, мұныңыз қалай, меймандарыңыздан ұят емес пе? — дегендерге:


— Мен басқа әйелге жақындасып, күнәға батқаным жоқ, тоқалым некелім ғой, қай мезгілде шағылыссақ та ерік өзімізде, — дейді екен ұятсыз, арсыз, дандайсыған бай.





Пікір жазу