27.08.2021
  258


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Мұса мырза мен Саққұлақ би

Қанжығалы Саққұлаққа Мұса би сәлем бере келе жатып бір қатар кісімен ақылдасыпты:


— Сәкеңе не деп сәлем береміз? — деп.


Сонда Жандәулет деген ақсақал биі:


— Саққұлақ не десе, о десін, сен Мұса қолын ұстағанда «Орта жүздің арыстаны» деңіз! — депті.


Айтқандай Мұса келіп:


— Ассалаумағалайкум, Орта жүздің арыстаны — дейді.     


Саққұлақ би:


— Уағалайкум ассалам, Орта жүздің шам-шырағы — депті.


Сонда халық: — Мұса ойланып тапты, Саққұлақ ойланбай айтты, Саққұлақ дана — депті.





Пікір жазу