27.08.2021
  197


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Молдаекеңдерден де ұят болыпты-ау!..

Абайдың нағашысы Қантай ауырып төсек тартып жатысымен жиналған молдалар, тегін олжадан құр қалмауды ойлап, үйлеріне бара салып, қайта келіп, күнде жиылып, науқас адамның мазасын алыпты. Соның бәрін көріп, байқап жатқан Қантай бір күні көзін ашып, жан-жағына қараса, бастарына ақ сәлделерін байлап, қолдарына Құран әптиектерін ұстап, жан алатын Әзірейілше айналасында қаз-қатар тізіліп тұрған көп молданы көреді.


— Түу, күттіре-күттіре молдаекеңдерден де ұят болыпты-ау өзі. Көзімізді жұмбасақ болмас, — деп, өз бетін өзі жауыпты.





Пікір жазу