27.08.2021
532
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Майқы би туралы
Шыңғысты жиырма жеті жасында Шүршіт ортасында хан сайлап таққа отырғызғанда әр жұрттан билер жинап, көп ынтымағымен қойған екен. Сонда Майқы би арбасын жаяу кісілерге тартқызып барыпты.
— Сендер төрт аяқты айуанға мініп келдіңдер, мына мен өмірімде айуан мініп көргенім жоқ, бәріңнен артығым осы, — деп Төбе би болған деседі.
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» атанған Майқы — осы.