26.08.2021
  231


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қырылғырдың қыздары

Баяғыда бір аңқау далада жолаушы боп келе жатады. Жусан түбінде бұғып отырған қоянды көзі шалып қалады. Ұрып алмақ болып сол арада дереу қиялданады:


— Ұрып алам. Терісін илеп бөрікке тыс етем. Тек қырылғырдың қыздары оны тез тігіп берер деймісің! — дегенде даусы қатты шығып кетеді де, қоян зыта жөнеледі.





Пікір жазу