26.08.2021
  131


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Құрдасының үйінде...

Қоштай жаңа үйленген бір құрдасының үйіне келіп түсіпті. Отауда келіншек жалғыз екен, Қоштайға шай қайнатуға қамдана бастапты. Сонда Қоштай:


— Замандас, шай қайнатсаң, тасытпай қайнат, шәугімнің бұрқ ете түскенінен қорқатын бала жастан бергі шошымалы әдетім бар еді, — деп ескертіп қойыпты да, келіншекті қызық-қызық әңгімеге айналдыра беріпті.

Бір кезде шай тасып, бұрқ ете түсіпті. Сонда Қоштай «ап» деп орнынан ұшып тұрыпты да, келіншекті бас салып, құшақтай алып, бетінен сүйе берген екен.





Пікір жазу